Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Қызылордада миллиондаған доллардың автобустары неге шіріп жатыр

Қызылордада миллиондаған доллардың автобустары неге шіріп жатыр

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Бейнежазбадан мәлім болғандай, 2013 жылы «Қызылорда қалалық жолаушылар көлігін жаңарту» жобасы бойынша Қызылорда облысының әкімдігі, «Байқоңыр» ӘКК АҚ, «Қызылорда автобус паркі» ЖШС, Еуропалық қайта құру және даму банкі арасында жобаны қолдау, ал автопарк пен аталған банк арасында несие келісімі жасалған.

Бірақ сертификаттау талабына байланысты автобус 43 аптаға кеш жеткізілген. Депутат мұның себебін осы сияқты көлік түрі елімізге бұрын-соңды импортталмағаннан деп түсіндірді.

— Қазақстанда аккредиттелген зертханалар болмағандықтан сынақ NAMI (Ресей) компаниясының Дмитров автомобиль сынақ полигонында жүргізілді. Бұл қосымша ұйымдастырушылық және логистикалық шығынға әкелді. Жеткізудің кешігуіне байланысты ЕҚДБ несиесі бойынша 139 945,44 АҚШ доллары көлемінде күтпеген шығын (брондау ақысы) туындады. Ең маңызды қате — жобаны АҚШ долларымен рәсімдеу. Жоба құнының өсуіне әсер еткен негізгі факторлардың бірі — іске асыру кезеңінде доллар-теңге бағамының күрт өсуі. Бастапқыда 1 доллар 153,8 теңге болса, кейін 450 теңгеге дейін көтерілді. Ал несие міндеттемесі АҚШ долларына тікелей байланған. Бұл қателік жобаның ұлттық валютадағы құнының айтарлықтай өсуіне және қосымша қаржылық міндеттеменің пайда болуына әкелді. Соның салдарынан жергілікті бюджет үлкен қарыз жүктемесіне кірді. Әр автобус үшін барлық пайыз, айыппұл, қосымша төлем, жол ақысы мен баж салығын есептегенде орта есеппен 100 млн теңге төленді. Бұл шамамен 300 мың АҚШ долларын құрайды. Бұл ақшаны әр облыстың салық төлеушілері өз қалтасынан төледі, — деді Мұрат Әбенов.

Бұл мәселе бойынша Kazinform банкпен келісім жасасқан «Байқоңыр» ӘКК АҚ және «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-не ресми сауал жолдады. Корпорациядан хабарлағандай, жобаның жалпы құны — 27,11 млн АҚШ доллары (шамамен 4,17 млрд теңге).

Оның ішінде ЕҚДБ траншы — 18,8 млн АҚШ доллары (2,89 млрд теңге), облыстың және/немесе ҚР Үкіметінің бюджет қаражаты — 6,92 млн АҚШ доллары (1,06 млрд теңге), ЕҚДБ техникалық жәрдемдесу гранттары — 1,39 млн АҚШ доллары (0,21 млрд теңге).

— 2013 жылғы желтоқсандағы жағдай бойынша АҚШ долларының ресми бағамы — 1 АҚШ доллары үшін 154,04 теңге. Бастапқыда 18,8 млн АҚШ доллары (2,896 млрд теңге) сомасына 100 автобус сатып алу жоспарланған болатын. Бұл ретте бір автобустың орташа жоспарлы құны — 188 000 АҚШ доллары (28,96 млн теңге). Автобустар 78 жолаушыны тасымалдауға арналған. Жобаны іске асыру барысында көлік құралының типін мақұлдау сертификатын алу және NAMI (Ресей) Дмитров автополигонында сынақтан өту қажеттілігіне байланысты жеткізуде 43 аптаға дейін едәуір кідіріс туындады. Көлік құралының типін мақұлдау сертификаты 2016 жылы 28 сәуірде алынды. Жоба ЕҚДБ-ның қосымша кредиті бойынша күтпеген шығыстарға (резервке қою үшін комиссия), яғни жалпы 139 945,44 АҚШ доллары мөлшерінде шығынға ұшырады. Жеткізушімен келіссөз қорытындысы бойынша сатып алынатын автобус саны 100-ден 92-ге дейін, ал келісімшарт құны 17 948 000 АҚШ долларынан 17 304 000 АҚШ долларына дейін төмендетілді. Бір автобустың нақты орташа құны 188 087 АҚШ доллары (2016 жылғы бағам бойынша 64 млн теңге) болды. 4,53 млн АҚШ доллары көлеміндегі сыйақыны қоса алғанда кредит бойынша төлемнің жалпы сомасы 23,33 млн АҚШ долларына жетті, бұл төлем кестесі бойынша 9,088 млрд теңгеге тең, — делінген хабарламада. 

ӘКК валюталық тәуекел мен АҚШ доллары бағамының құбылуын, сондай-ақ автобустардың ел аумағынан тыс жерде сертификатталуын жобаның тәуекелі мен оған әсер еткен теріс фактор ретінде атады.

Доллар бағамы 154,04-тен 449,95 теңге/АҚШ долларына дейін (2013-2024 жылдары) өсті, бұл жобаның құнын теңгемен 3 есе ұлғайтты және облыс бюджетіне және «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-не айтарлықтай қаржылық жүктеме әкелді.

— Автобустар санының 100-ден 92-ге дейін азаюы келісімшарттық құнды төмендетуге мүмкіндік бергенімен теңгемен шығыстың жалпы өсімін өтемеді. 2017 жылы Қызылорда облысы әкімдігінің № 769 қаулысымен «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-нің 100% үлесі Қызылорда қаласының коммуналдық меншігіне берілді. «Байқоңыр» ӘКК» АҚ жобаны іске асыру кезеңінде оны дайындау мен қаржыландыруды қамтамасыз етті, одан кейін ЖШС автобус паркін пайдалану мен басқаруды дербес жүзеге асырады. Нәтижесінде жоба бастапқыда жоспарланған құннан едәуір асып түсті. Бір автобустың нақты құны — шамамен 220 674 АҚШ доллары немесе 2024 жылға 449,95 теңге/АҚШ доллары бағамы бойынша 99,3 млн теңге. Валюталық тәуекелдің, жеткізудің кешіктірілуі мен қосымша қаржылық міндеттеменің жиынтық әсері Қызылорда облысының бюджетіне және «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-не елеулі қысым жасады. Жоба қаржылық жағынан тиімсіз болып шықты, толық экономикалық қайтарым, жоспар толық орындалмады. Несие шартын жасасу кезiнде қоғам валюта бағамының жоғары құбылмалылық тәуекелiн ескерген жоқ, бұл жеткiзудiң кешiктiрiлуiмен, қосымша комиссия және айыппұлдармен бiрге iске асырылған жобаның әлеуметтiк-экономикалық тиiмдiлiгiн едәуiр шектедi. Автобустар санының азаюы есебінен келісімшарттық құнның төмендеуіне қарамастан валюталық тәуекелдің және қосымша міндеттеменің жиынтық әсері «Қызылорда автобус паркі» ЖШС, қоғам және қала бюджеті үшін айтарлықтай борыштық және қаржылық жүктеме тудырып, жоспарлы экономикалық тиімділіктен асып түсті. Осылайша бастапқыда автобустарды сатып алуға 18,8 млн АҚШ доллары көзделген болатын (Ұлттық банктің 2013 жылғы бағамы бойынша 2,896 млрд теңге). Іс жүзінде кредиттік шарт бойынша барлық төлем қорытындысына сәйкес жалпы сома — 23,33 млн АҚШ доллары, бұл кредит бойынша міндеттемені орындаудың әрбір кезеңіне доллардың бағамы бойынша теңгеге қайта есептегенде 9,088 млрд теңгеге сәйкес келеді. Жоба экономикалық негізделген құн аясында жолаушылар көлігін оңтайлы жаңартуды қамтамасыз етпеді. Соның салдарынан жоспарда көзделген әлеуметтік мақсаттарға толық қол жеткізу мүмкін болмады, — делінген ӘКК хабарламасында.

Облыс орталығында жолаушылар тасымалымен айналысатын автобустар Қызылорда автобус паркінің иелігінде. Аталған серіктестіктің жауабын да сол күйі ұсынуды жөн көрдік.

— Жобаны қолдау келісім шарты негізінде жалпы сомасы 18,8 млн долларға (жеңілдетілген төлем мерзімі — 3 жыл) 4,5 жылдық пайыз сыйақы мөлшерлемесімен 10 жылға 92 автобус алынған. Сол уақытта бір автобустың құны — шамамен 195 087 доллар немесе 35 505 мың теңге (2014 жылдың курсымен 1 доллар — 182 теңге). «Қызылорда автобус паркі» ЕҚДБ тендерінің нәтижесі бойынша сұйытылған табиғи газбен жүретін 92 автобусты Xinjiang SanBao және Zhongtong Bus Қытай консорциумымен шарт жасасып сатып алды. 2015 жылдың мамыр айының соңында алғашқы 10 автобус жеткізіліп, қалған (82 бірлік) автобустардың жеткізу мерзімі бір жылға жуық кешіктіріліп, 2016 жылдың шілде-тамыз айларында келді. Алынған автобустар жергілікті табиғи жағдайдың әсерінен және автобөлшек тапшылығынан 2021-2022 жылдары істен шығып, тоқтатылған, — деді «Қызылорда автобус паркі» ЖШС директоры Әбдібәкір Маштаев.

Бұған дейін біз Өскемен қаласында автобус паркінде шешімін таппай келе жатқан мәселелер жетіп артылатынын жазған едік.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:136
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Наурыз 2026 21:55
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

18 Қыркүйек 2026 21:42see157

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see153

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see145

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see143

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see142

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see141

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see141

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see139

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see135

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see132

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see132

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see129

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see125

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see125

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see119

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see117

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see117

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see116

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see116

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары