Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Райхан Оңғарова, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі: Болат Аюхановтың есімін ұрпақ ұмытпаса екен...

Райхан Оңғарова, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі: Болат Аюхановтың есімін ұрпақ ұмытпаса екен...

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Қазақ сахналық би өнерінің негізін қалау­шы Болат Аюхановтың дүниеден озғанына үш жылға жуық уақыт өтті. «Алматының Жас балеті» би театрын құрып, ұлты­мыздың еуропалық ақсүйек өнерді игеруіне даңғыл жол сал­ған тұлғаның есімін ұлықтау – бар­шаға ортақ парыз. Осы орайда Болат Аюха­новтың зайыбы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, хореография саласының ардагері, доцент Райхан Оңғаровамен әңгімелескен едік.

– Райхан Есназарқызы, Болат Аюханов саналы ғұмырын қазақ балет өнерін дамытуға арнағанын білеміз. Кейде ағамыздың талантын бізден гөрі шетел көбірек мойындағандай көрінбей ме?

– Рас айтасыз. Болат Ғазизұлы өмірін өнер жолына бағыштап, 250-ден аса балет қойылымы мен концерттік нөмірлердің авторы атанды. Ол кісінің туын­дылары Германия, Швеция, Финляндия, Үндістан, Франция, Италия, Ирак, Иордания, Сирия, Түркия, Ресей және ТМД елдерінің сахналарында қойылды. Ұлыбритания мен Лондонда өнер көрсеткеннен кейін, шетелдік басылымдар Аюхановты «Әлемдік хореографияның жоғары деңгейлі балетмейстері» ретінде таныды. Ағаларыңыз ұлттық қана емес, еуропалық һәм ғаламдық хореографияның дамуына да өз үлесін қосып, ерекше авторлық мәнерімен «хореография тілін» байытты. Мәселен, Оксфорд университеті Аюхановты «Уақыт тудырған тұлға» деп танып, оның әлем мәдениетіне қосқан жеке үлесі үшін Сократ сыйлығымен марапаттады. Бұл – әдебиеттегі Нобель сыйлығымен пара-пар марапат. Бүгінгі ұрпақ қазақтың қарапайым ұлының осындай жоғары дәрежедегі сыйлыққа ие екенін білмейтіні өкінішті. Санкт-Петербург хореография академиясы үздік түлектердің есімін мәңгілікке есте қалдыру мақсатында 1 800 жылдан бері тізім жасап келеді. Ол тізімге аты енген жалғыз қазақ та – Аюханов. Болат Ғазизұлы Ресейде оқып жүргенде де, кейін әлемдік сахналарда өнер көрсеткенде де қазақ ұлтының қандай өнерлі халық екенін дәлелдеді. Оның мінсіз биін һәм қойылымдарын көр­ген жұрт Қазақстанның ұлттық классикалық мәдениетін таныды. Осылай алыс және жақын шетелде достық дипломатиясының жаршысы болып, елге өнерімен қызмет етті. Десе де, «Болат Аюхановты көзі тірісінде елі бағаламады» дей алмаймын. «Қазақ КСР-нің халық әртісі», Мемлекеттік сыйлықтың лау­реаты, Қазақстан Тәуелсіз меценаттар клубының «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты, Алматы, Екібастұз, Павлодар, Семей қалаларының құрметті азаматы, «Еңбек Қызыл Ту» және I дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері атанды. Өнертану ғылымының профессоры бола жүріп, жүз­деген шәкірт тәрбиеледі. Өзінің өмірден әрі өнерден түйгендерін қағазға түсіріп, жеті кітап шығарды. Балетмейстер ретінде де, педагог ретінде де ешкімнің алдында бас имей, өнерге адал қызмет етіп, талай биікті бағындырды.

– Болат Аюханов «Ме­нің балетім», «Сезімдер өмір­баяны», «Балет витраждары» секілді бірнеше кітап жазды. «Балет витраждары» атты кітабында ол кісінің өзі құрған театрды сақтап қалу жолында талай қиын­дыққа төтеп бергені айтылады.

– Болат Ғазизұлы әр әртістің тағ­дырына өзін жауапты сезінетін. Алдына келген тәжірибесіз жас шәкіртті тәрбиелеп, кәсіби дағды­ларды меңгертіп, физикалық һәм шығармашылық тұрғыдан өсуіне, рухани кемелденіп, моральдық және адамгершілік жағынан да жеке тұлға ретінде қалыптасуына күш-жігерін аямайтын. Театрдағы шығармашылық ұжымның әрқай­сысымен жеке-жеке жұмыс істеп, оларға әкелері сынды қамқор болды. Ол үшін кішкене проблема деген болмайтын. Декорация дұрыс орнатылды ма, әртістердің көңіл күйі қалай, костюмдер үтіктелді ме, грим дұрыс жағылды ма, аяқ­киім ыңғайлы ма, бәрін де өзі қадағалайтын. Бір сөзбен айтқанда, жетекші ғана емес, тігінші де, жүкші де болып қара жұмыс істеп кететін кездері көп еді. Театр ашылған алғашқы төрт жыл бойы жалақысыз қызмет етті. Үкіметтен берілген аз қаржыны алдымен әртістердің костюмдеріне, керек-жа­рақтарына, әшекейлеріне жұм­сайтын. Бірде ревизор келіп тек­серіп: «Мына киімдерді қандай ақ­шаға алдыңдар?» деп сұрағанда «жеке тігін­шілерге тіккіздік», деп жа­уап беріпті. Жеке тігінші дегені – өзі.

Болат Ғазизұлы бір өзі қоюшы режиссер, көркемдік жетекші, педагог тәрбиеші, администратор, ұйымдастырушы, эссеист-жазушы және кинематографист бола жүріп, талантты шәкірттерін дүние жүзіне танытты. Әлем елдеріне гастрольмен барып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Тәуелсіздік алып, нарықтық жылдар келгенде «түрлі шетелдік марапаттардың лауреатымын» деп қол қусырып отырмай, Санкт-Петербургтен Алматыға дейін балеттік аяқ-киімдерді өзі тасыды. Ала қап ар­қалағандарды алыпсатар деп ойлап, тонап кететін заманда небір қиындықтарға, кедендердегі заңсыз­дықтарға төзе жүріп, өнерге қызмет етті.

Болат Аюханов бар жұмысты шын көңілмен, адал ниетпен, шалқар шабытпен істейтін. Осы қажырлы еңбегінің арқасында 1999 жылы би театры жеке ғимаратқа ие болып, бұрынғы балабақша 300 орындық шағын камералық балет театрына айналды.

– Өнер үшін осындай құр­бандықтарға барған Болат Аюхановтың мұрасын кейінгі ұрпаққа насихаттау, есімін ел есінде қалдыру мақсатында қандай шаруалар атқарылуы керек деп ойлайсыз?

 – Болат Ғазизұлы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық би театрының ірге­тасын қалап, алғашқы жетек­шісі болды. Бәрінен бұрын мені ағаларыңыздың ізі қалған сол театрдың бүгінгі жай-күйі алаң­датады. Қазақтың би өнерін әлемдік сахналарда танытқан театры­мыз 1999 жылдан бері баяғыда балабақшаға арналып салынған шағын ғимаратты әлі де пайдаланып келеді. Алма­тыдағы әуежайға апаратын Бұқтырма жолының бойымен жүрсеңіз хан сарайы секілді зәулім-зәулім тойханаларды көресіз. Кейде «солардың бірін би театрының ғимаратына айналдыра салуға болмас па еді?» деп қиялдап та кетемін. Мұны айтып отыруымның себебі, ең алдымен, Алматы қаласында Мемлекеттік академиялық би театрына жеке ғимарат салынса деген өтінішіміз бар. Оған Болат Аюхановтың есімі беріліп, ­театр алдына оның билеп тұрған ескерткішін орнатсақ, ғаламдық деңгейдегі тұлғаны ұлық­таудың жарқын үлгісін көрсетер едік. Сондай-ақ Алматы қаласында­ғы көшелердің біріне, нақтылап айтсақ Медеу ауданына қарасты Құрмет көшесін Болат Ғазизұлы Аюхановтың атын беруге ұсыныс жасап отырмыз.

– Райхан Есназарқызы, бұл бас­тама мен ұсынысты ха­лықтың қолдарына шүбә жоқ. Десе де тұлғаның атын ұлық­тау үшін қайтыс болға­ны­на бес жыл толуы керек деген шарт бар емес пе?

– Мұндай шарттар жалпыға ортақ болғаны дұрыс. Мысалы, Герольд Бельгер қайтыс болған­нан кейін араға жыл өтпей жатып көше аты берілді. Мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге де өмірден озғаннан кейін бір жыл ішінде ескерткіш орнатылды. Бұлар ертерек өмірден өтті дейтін шығарсыз. Болат Ғазизұлымен қатар дүниеден озған Лермонтов театрының әртісі Юрий Померанцевке Алматыдан көше атауы берілді. Қайтыс болғанына бес жыл толмай көшелерге есімі беріліп, ескерткіштер қойылып, музейлер ашылып жатқан сол тұлға­лардан Болат Аюхановтың еңбегі кем деп ешкім айта алмайды. Бұл бастамамызды Олжас Сүлейменов, Бибігүл Төлегенова сынды елімізге танымал 110 өнер қайраткері қол қойып, қолдап отыр. Жуырда осы ұсынысымызды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдадық. Ол кісі президент болғалы елімізде құқық үстемдігінің орнауына мән беріп, Әділетті Қазақстан құруды бас­ты мақсат етіп келеді. Сондай-ақ Мемлекет басшысы халқымыздың мәдениет саласында өшпес із қалдырған тұлғаларды ұлықтау ісінде де қолдау көрсетіп келеді. Яғни Болат Аюханов сынды тұлғаның есімін ұрпақ жа­дында қалдыру мәселесіне қатыс­ты бас­тамамызды да жерде қалдыр­май­тынына сенемін.

Әңгімелескен  –

Қанат БІРЛІКҰЛЫ,

«Egemen Qazaqstan» 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:156
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Қазан 2025 08:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see118

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see115

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see113

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see111

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see111

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see111

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see111

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see110

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see110

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see109

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see108

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see107

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see107

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see106

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see106

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see106

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see106

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары