Ресейде Сармат баллистикалық зымыраны жарылды
Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Украинаның Defence Express порталы хабарлағандай, Ресейде «Сармат» құрлықаралық баллистикалық зымыранын ұшыру кезінде оқыс оқиға болған, деп хабарлайды Arasha.kz.
Басылым мәліметінше, іске қосу Орынбор облысындағы «Ясное» базасынан жүзеге асқан. Зымыран сынақтың келесі кезеңіне өтуі тиіс еді, бірақ ұшыру апатпен аяқталған. Токсикалық гептил отынын пайдаланатын зымыран ұшқаннан кейін көп ұзамай жарылып кеткені айтылуда.
Украин басылымы сондай-ақ Ресей 2021 жылдан бері «Сарматты» жауынгерлік кезекшілікке қою жоспарын мәлімдеп келе жатқанын, алайда бұрынғы сынақтардың да сәтсіздікке ұшырағанын еске салды.
Оқиғадан кейін жергілікті тұрғындар қатты дыбыс естіп, аспанда күлгін түсті түтін бұлтын көргендерін хабарлаған. Олардың айтуынша, бұл Ясный қаласы маңындағы ракета базасына жақын жерде болған. Ресейдің ресми құрылымдары жағдайға түсініктеме берген жоқ.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:86
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қараша 2025 13:54 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















