Ресейден қазақстандық бензинге тапсырыс түскен жоқ Ақкенженов
Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Ресейдегі жағдайға байланысты қазақстандық бензинге тапсырыс түспегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін ресейлік көлік жүргізушілері бензин мәселесіне шағымданды. Үш күн бұрын осы елдің басым бөлігінде жанар-жағармай станцияларында бензин мен дизельді сатуға шектеу де енгізілген болатын.
Қазақстанның энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтың айтуынша, көрші елдің тарапынан осы мәселе бойынша сұрау салынбады.
"Ресей Федерациясынан ресми сұраулар түскен жоқ. Ал түскен жағдайда Қазақстан оны қарастыратын болады", - деді Ақкенженов журналистерге берген сұхбатында.
Айта кетері, Ресейдің жанар-жағармай станцияларында бір адамға 20-40 литр бензин ғана сатылады деген ақпарат болған. Дизельге енгізілген шектеу - бір адамға 80-200 литр. Ал канистрге құйып алуға тыйым салынған.
Жергілікті билік бұл шаралардың барлығы нарықтағы алыпсатарлыққа және халықтың негізсіз дүрлігуіне жол бермеу үшін қолға алынғанын мәлімдеді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:91
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Маусым 2026 12:22 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















