Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Сахна мен өмірдің шекарасы бар ма еді, Қасым ата?

Сахна мен өмірдің шекарасы бар ма еді, Қасым ата?

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Қазақ өнерінің тарихында Қасым Жәкібаевтай тұлғалар аз емес, бірақ оның бейнесі ерекше еді. Театр мен кино сахнасында жарты ғасырға жуық еңбек еткен актер көрерменнің жадында көбіне кейіпкерлерінің шынайылығымен, қарапайым болмысымен сақталып қалды. Ол өмірді, адамды, қазақ мінезін сахна мен экранда барынша табиғи көрсете білді.

Әуел басынан айтып өтейік, біз кино не театртанушы емеспіз. Қарапайым көрерменбіз десек болады. Сондықтан ғылыми деректерге сүйеніп талдау жасау оңай емес. Дегенмен қазақ оқырмандарына Қасым актер жайлы тағы бір еске салып қою мақсатында, ашық дереккөздерде бар ақпаратты саралап, бұл мақаланы жазуға бекіндік.

Қасым Әбенұлы Жәкібаев 1929 жылы Алматы облыснда дүниеге келген. Балалық шағы ауыр жағдайда өтеді. Әкесі майданға аттанып, сол жақтан оралмайды. Көп ұзамай анасы да өмірден өтіп, Қасым жастай жетім қалады. Тағдырдың ерте сынағы оның мінезін де, өмірге көзқарасын да қалыптастырды. Жас Қасымның өнерге келу жолы 1944 жылы басталады. Сол жылы ол Алматыдағы Театр және көркемсурет училищесіне оқуға түседі. Бұл шешім оның тағдырын түбегейлі өзгертті. 1948 жылы оқуын аяқтаған соң, кәсіби сахнаға жол ашылады. Училищеде ол белгілі ұстаздар Яков Виктор Иванович пен Мәнтай Сыздықовтан сабақ алып, актерлік шеберліктің алғашқы қырларын меңгереді.

Қасым Жәкібаевтың сахнаға шығуына белгілі театр қайраткері Наталия Сац себепкер болған екен. Оның шақыруымен жас актер бүгінгі Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жастар театрына қабылданады. Сол сәттен бастап жас актердің есімі қазақ театр өнерінің тарихында өз орнын табады. Алғашқы рөлдерінің бірі - «Алтын кілт» спектакліндегі мысық Базилио бейнесі. Кішкентайлар театрындағы бұл жұмыс кейін үлкен шығармашылық мектепке айналып, актерді сахнада еркін, шынайы ойнауға үйретсе керек.

Жалпы Қасым Жәкібаев сахнада үш жүзге жуық рөл сомдаған деседі. Оның ішінде әлемдік классика мен қазақ драматургиясының үздік шығармалары бар. Ол Шекспирдің «Гамлетінде» - Полонийді, Шиллердің «Зұлымдық пен махаббатында» - Вурлені, Мұқановтың «Мөлдір махаббатында» - Қайрақбайды, ал Айтматовтың «Арманым, Әселімінде» - Әлібекті сомдады. Сондай-ақ, Бодықовтың «Отырар ертең қирайды» пьесасындағы Бүкір бейнесі мен Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқтысындағы» Қонқай рөлі оның актерлік диапазонының кеңдігін көрсетті деп жазады зерттеушілер

Қасым Жәкібаевтың театрдағы жолы бір ғана сахнамен шектелген жоқ. Оның таланты кино өнерінде де айқын көрінді. Оның жүзінен қазақы мінездің бүкіл бояуы көрінетін. Сондықтан режиссерлер көбіне оған халық арасынан шыққан, өмірге жақын, тағдырлы адамдардың рөлін сеніп тапсырды.

Актер ойнаған фильмдер қатарында «Жансебіл», «Тоғысқан тағдырлар», «Сталинге сыйлық» пен «Қызғыш құс» сынды көптеген туындылар бар. Әсіресе, «Жансебіл» фильмдегі образы оның экрандық шеберлігін айқындай түскен екен.

Қасым Жәкібаевтың өнер жолындағы еңбегі жоғары бағаланды. Ол Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, кейін Қазақстанның халық артисі атақтарына ие болды. Сонымен қатар, түрлі мерейтойлық медальдармен, мәдениет саласындағы марапаттармен марапатталған. Бірақ оның өзі үшін ең үлкен марапат - көрерменнің ықыласы еді.

Актерлік жолында ол әрдайым ізденіс үстінде болды. Бір сұхбатында ол сахнаға шыққанда ең алдымен «адамды көрсетуге» тырысатынын айтқан. Бұл оның шығармашылық кредосы да болатын. Театр мен кино оның өмірінің мәніне айналды. Қасым Жәкібаев өнерді тек кәсіп емес, рухани миссия деп білді.

Қасым Жәкібаевтың сахнадағы өмірі мен жеке тағдыры бір-бірінен ажырамайтын екі әлем еді. Театр мен кинода сан алуан кейіпкердің бейнесін жасап, өмірдің барлық қырын көрсеткен актердің өз өмірі де күрделі, терең, кейде ауыр сынақтарға толы болды.

Ол өмірлік серігі Нұртай Жәкібаевамен шаңырақ көтеріп, екі ұл сүйді - Арал мен Азамат. Қасым үшін отбасы әрдайым тірек, ал балалары - өмірдің мәні болды. Бірақ оның әкелік бақытына көлеңке түсірген ауыр оқиға - екінші ұлы Азаматтың тағдыры еді.

Азамат Жәкібаев білімді, еркін ойлы азамат, кеңестік қоғамдағы әділетсіздікке төзбеген тұлға болатын. Ол 1970-1980 жылдары Кеңес өкіметінің саясатына ашық қарсы шығып, жеке пікірін білдіргені үшін «жүйкесі бұзылған» деген айыппен мәжбүрлі түрде психиатриялық ауруханаға жабылады. Біраз уақыттан кейін өмірден де өтеді. Бұл жағдай Қасым Жәкібаев үшін ең үлкен өмір сынағына айналды. 

Кейіннен Азамат Жәкібаевтың ісі қайта қаралып ақталады. Бірақ бұл оқиға Қасымның жүрегінде өшпес із қалдырды. Актердің өмірлік тәжірибесі мен адамдық биігі дәл осы сынақтар арқылы айқын көрінді. Ол ешқашан өмірге өкпе артпады, сынған жоқ. Сахнада да, өмірде де ол сабыр мен шындықтың символы болып қалды дейді актердің көзін көргендер.

Қасым Жәкібаев 2008 жылы 78 жасында дүниеден өтті. Бірақ оның бейнесі ұлт жадында өшкен жоқ. Өнерге адалдық, шындыққа берілгендік пен қарапайым қазақ болмысының тұнық үлгісі ретінде ол әлі де халық жүрегінде.

Енді актердің Қазақстан мәдениетіне қосқан үлесі жайлы бірер сөз. Қасым Жәкібаев сахна мен экрандағы қарапайым көріністің артындағы терең рухты көрсеткен сирек актерлердің бірі. Оның өнері қазақ театры мен киносының дамуына елеулі із қалдырған үлкен мәдени құбылыс. Ол сомдаған жүздеген рөл - жеке актердің еңбегі ғана емес, тұтас ұлттың мінезі мен жанының көрінісі деп жазады зерттеушілер. Ол сахнада да, кинода да өмірді бояусыз, қолдан жасалмаған қалпында көрсете білді. Қасымның актерлік шеберлігі табиғи қарапайымдыққа, адамдық шындыққа негізделді.

Ол өнерде ешқашан жеңіл жол іздеген жоқ. Күрделі рөлдерге барған сайын өз-өзін сынап, адам табиғатын терең түсінуге тырысты. Сондықтан оның актерлік бейнесі - әрқашан ізденіс пен іштей өрлеудің символы. 

Театр сыншылары оның ойыны туралы: «Жәкібаев сахнаға шыққанда кейіпкер емес, өмірдің өзі сөйлейді» — деп жазған.

Кейбір журналистер Қасым Жәкібаевты қазақ актерлік мектебінің кешегі мен бүгінгін жалғай алған, алтын беттерінің бірі деп жазады. Дұрыс та шығар. Ол қазақ театрының тарихында шынайы мінездің, өмірлік шындықтың символы болып қалды.

Өмір оны ерте сынады. Бірақ сол сынақтар оның болмысын сындырмады, қайта тәжірибесін арттырды. Ұлының тағдыры, өз кезеңінің әділетсіздігі, қоғамның қаталдығы - бәрін үнсіз көтерді. Сол үнсіздік оның сахнадағы көзқарасына, мінезіне, дауысына айналды. Қасым ағаның ойынын көрген көрермен оның рөл ойнап тұрғанын емес, өмірдің өзін көргендей әсерде қалатын.

Біз бұл мақаланы жазғанда ғылыми қорытынды іздеген жоқпыз. мақсатымыз актердің сахнадағы бейнесін емес, оның адами жылуын, шынайылығын ашуға тырыстық. Өйткені Қасым Жәкібаевтың өмірі мен өнері - бір-бірінен бөлінбейтін тұтас дүние деп түсіндік

Ол сахнада өмір сүрді. Ал өмірдің өзінде - сахнадағыдай адал болды.

Сондықтан Қасым Жәкібаевтың рухы алдында еріксіз мынадай сұрақ туады:

Сахна мен өмірдің шекарасы бар ма еді, Қасым ата?

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:165
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қазан 2025 00:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see138

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see136

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see134

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see134

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see133

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see133

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see132

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see131

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see130

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see130

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see129

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see126

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see124

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see119

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see119

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see118

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see116

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see114

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see112

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары