Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Жемісті жеті жыл

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Саламатты қоғам құрудың түп негізі

Саламатты қоғам құрудың түп негізі

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Халыққа сапалы, қолжетімді, әділ медициналық қызмет көрсету мақсатында енгізілген Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне қатысты пікір көп. Әрбір азаматтың денсаулығын сақтауға ортақ жауапкершілік негізінде құрылған, әлеуметтік бағдарланған үлгі өз міндетін хал-қадірінше атқарып келеді. Жыл тоғысында «МӘМС жүйесін қаржыландырудағы жаңа тәсілдер: өзгерістер кімдерге және қалай әсер етеді» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында саладағы соны жаңалықтар жан-жақты баяндалды.

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Брифинг барысында МӘМС жүйесін қаржыландырудағы жаңа­­шылдықтар, медициналық қызмет пакеттеріндегі өзгерістер, сондай-ақ бұл өзгерістердің па­циент­тер мен медицина ұйым­дарына ықпалы туралы кеңі­нен сөз болды. Жаңа жылдан кү­шіне енетін өзгерістердің бас­ты мақсаты – диагностика саласында мемлекеттік кепілдіктерді кеңейту, халықты медициналық сақтандырумен қамтуды арттыру, жүйенің қаржылық тұрақтылығын күшейту. Осындай қадау-қадау мәселелер туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Әлия Рүстемова таратып айтып берді.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде Бірыңғай медициналық көмек пакетін кезең-кезеңімен енгізу басталады. Өзгерістер 2025 жылғы 14 шілдеде Мемлекет басшысы қол қойған Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

Вице-министр атап өткендей, Бірыңғай медициналық көмек пакетін қалыптастыру 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Президент Жол­дауын­да айтылған тапсырмаға сәйкес, үздік халықаралық тәжіри­бе­лерге негізделген. Бұл пакеттер арасындағы қайталануды жоюға, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) мен МӘМС арасын нақты бөлуге, пациенттер мен денсаулық сақтау саласы қызметкерлеріне медициналық қызметтердің тізімін айқын әрі ашық етуге мүмкіндік береді.

Осындай орнықты шаралар­дың арқасында қызметтердің қайта­лануы жойылады, аурулардың ерте алдын алу шараларының қол­­жетімділігі артады, жүйе то­лық­қанды медициналық сақ­тан­дыру моделіне жақындай түсе­ді. Бірыңғай медициналық көмек пакеті аясында МӘМС жүйе­сін­дегі мәртебесіне қарамастан, онко­ло­гиялық ауруларды, артериал­­ды гипертензияны, ише­мия­лық жүрек ауруын, глаукома, қант диабетін ерте анықтауға ар­налған скринингтер барлық азаматтарға қолжетімді болады. ТМККК пакеті шеңберінде онкоскринингтердің қолжетімді болуы қатерлі істік­тер­ді ерте сатысында анықтап, емдеуге мүмкіндік береді. Жүрек-қан тамырлары ауру­ларын, глаукома, қант диабетін уақтылы анықтау асқынулардың алдын алуға, мүге­дектік деңгейін төмендетуге жағдай жасайды.

Жаңа жылдан ТМККК шеңбе­рін­де 11 әлеуметтік маңызды ауру­ларды, соның ішінде туберкулез, со­зылмалы вирус гепатиттері мен бауыр циррозы, психикалық, мінез-құлық бұзылыстары, қатерлі істіктердің ерте сатысы, өткір миокард инфарктісі (алғашқы 6 ай), сирек кездесетін аурулар, эпилепсия, инсульт, басқа да ауыр жағдайларды диагностикалау қолжетімді болады. Қазірде ТМККК шеңберінде тек туберкулез, АИТВ-инфекциясын диа­г­ностикалау жүргізілсе, басқа әлеуметтік маңызды ауруларды диагностикалау МӘМС жүйесінде жүзеге асырылады. Осылайша, сақ­тандырылмаған азаматтар ба­залық медициналық көмек па­кетіне қол жеткізе алады. Сондай-ақ жаңа жылдан қазіргі 13 әлеу­меттік маңызды аурулардың тізімінен төрт ауру – қант диабеті, балалар церебральды сал ауруы, қосылыстық тіндердің жүйелік зақымдануы, ревматизм МӘМС жүйесіне көшеді. Бұл аурулар динамикалық бақылауға алынатын жағдайлар тізіміне енгізіледі, сонымен қатар медициналық көмек толық көлемде МӘМС шеңберінде көрсетіледі.

МӘМС жүйесінің қар­жы­лық тұрақтылығын нығай­ту мақ­сатында жарналар мен ауда­­­рым­дарды есептеу база­сы­ның жоғарғы шегі арттырылады. Қыз­меткерлерге 20 айлық есеп­­тік көрсеткіш (АЕК), жұ­мыс беру­шілерге 40 АЕК көле­мін­де белгіленеді. Қазірде ауда­рым­дар­дың ең жоғары мөл­шері 25 500 теңгені, 10 ең төменгі жалақы мөлшеріндегі шекті табыстың 3%-ын құрайды. 2025 жылы жарнаның ең жоғары мөлшері 17 000 теңге (10 ЕТЖ-ның 2%-ы) болды. Енді жұмыс берушілер жарналарды 40 ЕТЖ-дан аспайтын табыстан, қызметкерлер 20 ЕТЖ-ға дейінгі табыстан төлейтін болады. Бұған дейін ай­лық табысы 850 мың теңгеден аса­тын қызметкерлер (1–2 млн тең­ге және одан жоғары табыс алатындар) 17 000 теңгеден артық жарна төлемейтін. Себебі есептеу базасына шектеу қолданылатын. Бұл белгіленген мөлшерлемеге пропорционалды түрде аз болып, айлығы 850 мың теңгеден төмен, жалақысының дәл 2%-ын төлейтін қызметкерлерге қатысты әділетсіз еді. Өзгерістерден кейін қызметкердің ең жоғары жарнасы – 34 000 теңге (1,7 млн теңгенің, яғни 20 ЕТЖ-ның 2%-ы), жұмыс берушінің ең жоғары аударымы – 102 000 теңге (3,4 млн теңгенің, яғни 40 ЕТЖ-ның 3%-ы) болады.

– Сонымен бірге қызметкерлер мен жұмыс берушілердің жарна мөлшерлемелері өзгермейді, тек жарналарды есептейтін табыстың жоғарғы шегі өседі. Жаңа модель жүйенің әділдігін арттырады, МӘМС жүйесіне қосымша қаржы түсімін қамтамасыз етеді. Айталық, бүгінгі күні жоғары табысты адамдар жарнаны салыстырмалы түрде аз төлейді. Жалпы, өзгерістер шектеулі топты қамтиды. Жарналарды арттыру шамамен 3,4 млн тең­ге­ден жоғары табысы бар 20 мың қызметкерге ғана қатысты, бұл елдегі барлық жалдамалы қыз­мет­керлердің 0,3%-ын құ­рай­ды. Қызметкерлердің 91%-ы үшін жағдай өзгеріссіз қалады, – деді Ә. Рүстемова.

Жаңа жылдан МӘМС жүйесі жер­гілікті бюджет есебінен әлеу­меттік жағдайы дағдарыстық не­месе шұғыл деңгейдегі (Д, Е санаттары) шамамен 1 млн аза­матты қосымша қамтиды. Бұл тұр­ғындардың тағы 5%-ына жос­парлы медициналық көмекке қол жеткізу мүмкіндігін береді. Бұрында жазылғандай, бұл санат­тағы азаматтардың жарна­лары меди­циналық көмекке жүгіну фак­тісіне сәйкес жергілікті атқару­шы органдар тарапынан төленеді. Сондай-ақ жергілікті бюджеттер ресми тіркелген жұмыссыздарға жарналар төлеуге жауапты болады. Қа­зірде жұмыссыздардың жарна­ла­рын мемлекет республикалық бюд­жеттен төлейді.

Әлеуметтік осал санаттағы тұр­ғын­дар үшін мемлекет төлейтін жарналарды кезең-кезеңімен 2027 жылы 2,2%-дан бастап, 2037 жылға қарай 4,7%-ға дейін арттыру көзделген. Бүгінде мемлекет жарналарының мөлшерлемесі есептеу нысанының 2%-ын құ­райды, бұл мөлшерлеме 2026 жылы да сақталады. Айта кетерлігі, бұл өзгеріс жеңілдік санатындағы азаматтарға әсер етпейді. Олар бұрынғыдай автоматты түрде сақ­тан­дырылған болып қала бере­ді, себебі жарналарды мемлекет төлейді.

Келер жылдан бастап МӘМС жарналарын өздігінен үздіксіз бес жыл төлеген азаматтардың төлемдері түрлі себеппен, уақыт­ша тоқтаған жағдайда сақ­тан­дырылған мәртебені сақтау жөніндегі жеңілдік мерзімі алты айға ұзартылады. Бұрын мерзімі үш ай болатын. Бұл шара халық­­­тың МӘМС жүйесімен барынша қамтылуын, уақытша қаржылық қиындыққа тап болған аза­мат­­тар­ды қолдауды көз­дейді. Айта кеткен жөн, кейін сақтан­ды­рыл­­ған мәртебесінен айрылмау үшін төлем­дерді өткізіп алған кезең­дер­ге тиесілі жарналарды төлеу керек болады.

Қазірде МӘМС жүйесінде 16,9 млн адам сақтандырылған, бұл ел халқының 82,6%-ы. Олардың ішінде шамамен 12 млн адам мемлекет тарапынан төленетін жеңілдік санаттарына жатады. Шамамен 3,4 млн адам МӘМС жүйесінен тыс қалып отыр. Бұл ретте жұмысқа қабілетті азаматтар айына 4 250 теңге немесе жылына 51 000 теңге төлеп, МӘМС шең­бе­рін­де ұсынылатын медици­на­лық қызмет көлеміне қол жеткізе алады.

– Барлық көзделген өзгерісті жүзеге асыру әділ медициналық көмекке қол жеткізуді қамтамасыз етіп, денсаулық сақтау жүйесінің профилактикалық бағыттылығын күшейтіп, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру моде­лінің тұрақтылығын арттырады, – деп түйіндеді Денсаулық сақтау вице-министрі.

Қорыта келгенде, МӘМС – дені сау қоғам құрудың түп негізі. Бұл жүйе арқылы медициналық қызмет көрсетуді қаржыландыру тұрақ­танады. Бәсекелестік күше­йіп, емханалар сапалы қызмет көрсетуге мүдделі болады. Скри­нингтер мен алдын ала тексерулер жүйелі жүргізіледі, бұл ауыр жағдайлардың алдын алуға мүм­кіндік береді. Әлеуметтік әділет­тілікке қол жеткізіліп, азамат­тар­дың өз денсаулығына деген жауапкершілігі артады. Жүйеге әркім қатыса отырып, бүкіл қоғам­ның денсаулығын жақсартуға үлес қосады. Қызметтің ашықтығы мен нәтижелілігі халықтың денсаулық сақтау мекемелеріне деген сенімін күшейтеді. 

Соңғы жаңалықтар

Міндетті таңбалауға тағы бір өнім қосылды

Экономика • Бүгін, 09:23

ӘКК кәсіпкерлерге қорған бола алмай тұр...

ЖОЛДАУ • Бүгін, 09:20

Көлік нарығы көңіл көншіте ме?

Сараптама • Бүгін, 09:18

Саламатты қоғам құрудың түп негізі

Денсаулық • Бүгін, 09:15

Ауылға қамқор азамат

Еңбек • Бүгін, 09:12

Білікті жандарға ел риза

Қоғам • Бүгін, 09:10

Су қауіпсіздігі өзара сенімге тәуелді

Мәселе • Бүгін, 09:08

Алғаш рет жүрек алмастырды

Медицина • Бүгін, 09:05

Халықаралық рейтингте мәртебеміз айқындалды

Экономика • Бүгін, 09:00

Жастарды жасқаған баспана

Пікір • Бүгін, 08:55

Құмарпаз болма әрнеге...

Қоғам • Бүгін, 08:50

Дархан Ахмед-Заки: Президент реформасы жоғары білімге тың серпін береді

Сұхбат • Бүгін, 08:45

Микология майталманы

Тұлға • Бүгін, 08:40

Дәрігерлерге алғыс айтамын

Қоғам • Бүгін, 08:38

Ізденіс өндірісті қуаттандырады

Инфографика • Бүгін, 08:35

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:123
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Желтоқсан 2025 09:55
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see148

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see146

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see145

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see145

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see143

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see143

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see139

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see138

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see138

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see138

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see137

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see137

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see136

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see136

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see135

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see135

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see135

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see135

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see133

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see133
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары