Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Alageum Electric компаниялар тобы Qazaq Tili Endowment қорына екінші мәрте 100 миллион теңге аударды

ӘЧ 2026: Бүгін Франция мен Марокко ширек финалда кездеседі

Бурабайда полицейлер 3 жасар баланы ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті

Жатыр мойны обырының алдын алуға болады: 265 мың қыз балаға вакцина салынды

Қант зауыттары қамқорлыққа зәру

Жамбыл облысында қолма қол ақшаны заңсыз шығармақ болған шетелдік ұсталды

Соңғы алты айда Херсон облысында 545 тұрғын қаза тапты Мирошник

Қазақстанның бес тас жолында орташа жылдамдық енгізілді ІІМ жүргізушілерге үндеу жасады

Электробустар ел игілігіне

Алматыда кикшерингке арналған жылдамдық шектеуін қайта қарау талап етілді

Қазақша сөйлейтін цифрлық әлем

Дастан Сәтпаев Хаби Алонсомен бірге алғашқы жаттығуын өткізді

Трампқа жасалған қастандықтардан кейін Ақ үй қауіпсіздік шараларын күшейтті

Иранның оңтүстігінде жаңа жарылыстар сериясы болды

Олжас Бектенов Аризона университетінің президенті Суреш Гаримелламен кездесті

Үлкен жеңілдіктер күдікті белгі. Пәтер сатып алмас бұрын құрылыс салушыны қалай тексеруге болады?

ҰҚШҰ мен ТМД парламентаралық ассамблеяның байқаушылары Құрылтай сайлауына шақырылды

Жасанды интеллект математикаға қалай ықпал етеді?

Сабақ кезіндегі бір қоңырау петропавлдық тоғызыншы сынып оқушысының өмірін өзгертті

Отбасында зорлық көрсеткендерге жаңа талап: Сот психологиялық курсқа жібереді

Саяси додалар дүбірі

Саяси додалар дүбірі

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Биыл да әлемдік саяси аренаның талас пен тартысқа толы оқиғалардан босамайтын түрі бар. Мәселен, бірнеше елде ұлттық парламенттік және президенттік сайлау (Таиланд, Бангладеш, Словения, Непал, Мажарстан, Бенин және тағы басқа) қолға алынса, Таиланд пен Бангладеште конституциялық референдумдар жоспарланып отыр. Ал біршама мемлекетте аймақтық және жергілікті деңгейдегі сайлаулар өткізілмек.

Фото: incomartour.com.ua

Таиланд – әлемдік ауқым­да туристер көп баратын мем­ле­кет. Сондықтан бұл елдің тыныш­тығына, саяси тұрақтылығына таи­ландтықтар ғана емес, әлем халқы да мүдделі. Себебі күн жылыса, Азияның оңтүстік-шығысына қарай ағылатын жаһан жұрты ақпандағы референдум мен сайлаудың қалай өтетінін алаңдаумен күтіп отыр.

Нақты айтсақ, Таиландтағы Конс­титуциялық референдум 8 ақ­панға белгіленіп отыр. Ел билігі сол күнгі жалпы сайлаумен бірге конституциялық референдумды да қоса өткізіп алуды көздейді. Бұл дауыс беру науқаны жұптасқан түрде өтеді: яғни азаматтар парламент депутаттарын сайлаумен бірге жаңа Ата заңның қабылдануына қатысты азаматтық пікірін растайды.

Бұл науқанды ұйымдасты­рудағы негізгі мақсат 2017 жылғы қабылдан­ған қазіргі Таиландтың негізгі заңы ретінде қолданылып келе жатқан Конституцияны қайта қарау немесе жаңасын дайын­дау мәселесіне қатысты болып отыр. Сондықтан референдумда дауыс берушілерге «Жаңа Конституцияны әзірлеуді бастауға келісесіз бе?» деген сұрақ қойылады. Бір ескере кетер жайт, бұл референдум нақты жаңа Конституцияны дереу қабылдау үшін емес, оның қайта құрылуын бастауға халықтың келісімін алу үшін өткізіледі.

Жалпы, Таиландтың сая­си жүйе­сінде кейінгі жылдары тұ­рақ­сыздық байқалып жүр. Пар­ламенттің таратылуы мен ішкі қақтығыстар елдегі саяси күш­тердің тартысын да күшейте түсті. Сондықтан бұл референдум елдің саяси болашағына айтарлықтай ықпал етуі мүмкін.

Бангладеш те Конституциялық реформаның бастауы болғалы тұрған референдумды ақпан айына орайластырып отыр. 12 ақпан күні ел халқы «July National Charter»-ді (Шілденің Ұлттық Хартизмін) және оған сәйкес конституциялық реформаларды қолдайсыз ба?» деген сұраққа жауап беріп, өз позицияларын білдіреді. Еске сала кетсек, 2024 жылдың жазында елде студенттер көтерілген ірі наразылықтар басталған. Қар­сы­лықтар алғашында тек жұ­мыс­­қа берілетін квотаға қатысты бол­ғанымен, уақыт өте саяси реформалар мен биліктен кетуді талап еткен «шілде революциясына» ұласты. Кей деректерде көтеріліс кезінде мыңнан аса адамның қаза тапқаны айтылады.

Осылайша, биылғы реформа арқылы билік елдің саяси жүйесіне үлкен өзгеріс енгізуді мақсат тұтып отыр. Ең маңыздысы заң шығарушы билік тармағына қос палаталы парламент жүйесі енгізілмек. Бангладештің қазіргі 300 орындық парламенті бір ғана палатадан тұрады. Сондай-ақ сайлау мен биліктік реформалар, мемлекеттік басқару тәртібі, билік тармақтарының теңгерімі сынды қосымша өзгерістердің де тағдыры осы референдумның нәтижесіне байланып тұр.

Ал 13-ұлттық парламенттік сайлауын Бангладеш 13 ақпан күнге белгілепті. Бұл дауыс беру арқылы 300 депутаттық орынға тіркелген үміткерлердің бағы сыналмақ. Жалпы, осы сайлау мен референ­дум елдің саяси тарихында ерекше орын алғалы тұр. Өйткені бұл науқан­­дар 2024 жылғы елдегі арты төтен­ше жағдайға ұлас­қан студенттер­дің жаппай нара­зылығынан кейін мақсатты түрде әрі кезектен тыс өткізілгелі отыр.

Сондай-ақ Непалда – 5 нау­рызда, Вьетнам – 15 наурызда, Словенияда – 22 наурыз күні, ал Мажарстанда 12 сәуірде парла­менттік сайлау өткізіледі.

Ал 22 наурыз күні Конго Рес­пуб­ликасының халқы болашақ пре­зидентін «таңдайды». Бұл науқан­ды елдің президенті жария­лап, уақытын да белгілеп берген. Яғни бұл саяси «бәйгеде» кімнің аты оза шабатынын халық жақсы біліп отыр. Сол себепті сырткөз са­рап­шылар да бұл сайлауға тәуел­сіз бақылаушылардың қатыс­ты­ры­латынына қазірден-ақ үлкен күмәнмен қарай бастады. Себебі елдің қазіргі басшысы, 82 жастағы Дени Сассу Нгессоның сайлауға түсетінін France 24, AFP сынды беделді ақпарат агенттіктері растады. Нгессо алғаш рет мемлекетке 1979–1992 жылдар аралығында билік етті. Одан кейін өткен ашық сайлауда жеңіліп қалып, тек 1997 жылғы азаматтық соғыста сол кездегі президентті орнынан ығыстырып, билік тізгінін қайта қолға алды. Міне, содан бері Дени Сассу Нгессо Конгоны ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап келеді.

Сондай-ақ 12 сәуір күні Бенин­де де президенттік сайлау өт­кізілгелі отыр. Сонау Африканың батысындағы бұл елдегі сайлаудың да дуы мен шуы олар үшін қиыр шығыс саналатын бізге де жетуі ғажап емес. Себебі қазіргі президент Патрис Талон ел Конституциясы бойынша үшінші мерзімге сайлана алмайтындықтан өз саясатын жалғастыру үшін ресми үміткер етіп республика­ның қаржы және экономика министрі әрі билік коалициясының басты үміті Ро­муальд Вадагниді қа­зір­ден қолдап отыр. Оның үс­тіне оппозициялық топтардың сай­лаудан шет қалуы саяси алаң­дау­шылықты да күшейтіп барады. Қысқасы, бұл сайлау Бенин­нің де демократиясының келешегі үшін маңызды оқиға саналады.

Әлем десе, алдымен Америкаға мойын бұратынымыз жасырын емес. Себебі онда бейресми әлем астанасы атанып кеткен алып шаһар Нью-Йорк бар. Жаһан­дық мәселелерге сөзін өткізіп, тың­да­мағандарға тізесін батырып жіберетін ресми Вашингтон бар. Сондықтан АҚШ-та күнделікті тыныс-тіршілік қана емес, саяси өмір де қыз-қыз қайнап жатады. Биылға бұл елде елең еткізерлік еш саяси оқиға жоспарланбаған. Дегенмен АҚШ-тың Таяу Шығыс, Украина мәселелеріне араласып, ара тұра Трамптың күтпеген мәлім­демелері жағдайды күрт өзгер­тіп жіберіп жатқаны жасырын емес. Әсіресе ұзақ жыл АҚШ-ты «есірткімен улап келе жатыр» деген желеумен Венесуэла президентін өз резиденциясынан айналасы жарты-ақ сағаттың ішінде кісенмен алып шығып, тергеуге әкеткені жаһандық тәр­тіптің жаңара бастағанын аңғарта­тындай. Келесі кезек Гренлан­дияны күтіп тұр. Планетамыз­дағы ең алып аралды біресе басып аламын, біресе сатып аламын деген Америка басшысы қайткен күнде де өз жоспарын жариялап қойды. Дегенмен арал қожайыны Дания өліспей беріспейміз деп отыр.

Ал өзімізге келсек, еліміз саяси реформаны батыл бас­тап кеткені өздеріңізге мәлім. Бірақ бір палаталы парламенттік реформаның іске асатын уақыты жақындап қалғанын ескерсек, еліміздің саяси өмірінде біраз серпіліс болғалы тұр. Сондай-ақ биыл бірқатар халықаралық ұйымға төраға­лық ететініміз анық. Айталық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев­ 1 қаң­тардан бастап еліміз аймақ­­тағы экономикалық интегра­ция­лық ұйымдардың бірі ЕАЭО-ға төраға­лық ете бастады. 2026 жыл­дың соңына дейін еліміз – Халық­аралық Аралды құтқару қорының (IFAS) төрағасы. Сонымен қатар биыл Қазақстан түркі елдерінің сауда-өнеркәсіп палатасынің тізгінін ұстайды.

Соңғы жаңалықтар

Қызылордада мал ұрлап, сойып жатқандар ұсталды

Қылмыс • Бүгін, 00:30

«Қайрат» – «Брюгге» матчы: билеттер сатылымы басталды

Спорт • Кеше

Тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын: 9 қаңтарда бірнеше өңірде ескерту жасалды

Ауа райы • Кеше

Спорттық мансабын аяқтаған Бекзад Нұрдәулетов басшылық қызметке тағайындалды

Тағайындау • Кеше

«Ұлттық қор – балаларға»: төлемдер көбіне қандай мақсаттарға жұмсалып жатыр?

Қаржы • Кеше

Ата-енесін өлтірді деп күдікке ілінген күйеу бала туралы тың мәлімет жария болды

Қылмыс • Кеше

Шымкентте жағымсыз иіс қайта сезілді

Шымкент • Кеше

Дубай биыл қолма-қол ақшадан бас тартады

Әлем • Кеше

Ақтауда ер адамды соққыға жықты: қылмыстық іс қозғалды

Қоғам • Кеше

«Оқжетпес» футбол клубына жаңа бапкер тағайындалды

Спорт • Кеше

31 желтоқсан күні ең көп неке қай өңірде тіркелді

Отбасы • Кеше

Талдықорғанның өндіріс көлемі 6,5%-ға өсті

Партия • Кеше

Ұстаздар қолданыстағы заңның түйткілді тұстарын атады

Ғылым • Кеше

Атыраудағы жоғалған отбасының қызы мен баласын сүңгуірлер іздеп, таба алмады

Қоғам • Кеше

Аграрлық колледждердің басшылары оқу орындарына жер беруді сұрап отыр

Партия • Кеше

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:143
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Қаңтар 2026 11:10
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Alageum Electric компаниялар тобы Qazaq Tili Endowment қорына екінші мәрте 100 миллион теңге аударды

09 Шілде 2026 14:20see119

ӘЧ 2026: Бүгін Франция мен Марокко ширек финалда кездеседі

09 Шілде 2026 19:58see117

Бурабайда полицейлер 3 жасар баланы ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті

09 Шілде 2026 21:10see110

Жатыр мойны обырының алдын алуға болады: 265 мың қыз балаға вакцина салынды

10 Шілде 2026 16:08see108

Қант зауыттары қамқорлыққа зәру

10 Шілде 2026 10:12see108

Жамбыл облысында қолма қол ақшаны заңсыз шығармақ болған шетелдік ұсталды

09 Шілде 2026 13:35see107

Соңғы алты айда Херсон облысында 545 тұрғын қаза тапты Мирошник

11 Шілде 2026 08:59see106

Қазақстанның бес тас жолында орташа жылдамдық енгізілді ІІМ жүргізушілерге үндеу жасады

10 Шілде 2026 10:52see106

Электробустар ел игілігіне

11 Шілде 2026 00:46see106

Алматыда кикшерингке арналған жылдамдық шектеуін қайта қарау талап етілді

09 Шілде 2026 17:47see105

Қазақша сөйлейтін цифрлық әлем

11 Шілде 2026 08:42see105

Дастан Сәтпаев Хаби Алонсомен бірге алғашқы жаттығуын өткізді

10 Шілде 2026 10:12see105

Трампқа жасалған қастандықтардан кейін Ақ үй қауіпсіздік шараларын күшейтті

11 Шілде 2026 10:51see105

Иранның оңтүстігінде жаңа жарылыстар сериясы болды

10 Шілде 2026 10:08see105

Олжас Бектенов Аризона университетінің президенті Суреш Гаримелламен кездесті

09 Шілде 2026 18:28see104

Үлкен жеңілдіктер күдікті белгі. Пәтер сатып алмас бұрын құрылыс салушыны қалай тексеруге болады?

10 Шілде 2026 10:42see104

ҰҚШҰ мен ТМД парламентаралық ассамблеяның байқаушылары Құрылтай сайлауына шақырылды

09 Шілде 2026 15:23see104

Жасанды интеллект математикаға қалай ықпал етеді?

10 Шілде 2026 16:51see104

Сабақ кезіндегі бір қоңырау петропавлдық тоғызыншы сынып оқушысының өмірін өзгертті

10 Шілде 2026 19:23see104

Отбасында зорлық көрсеткендерге жаңа талап: Сот психологиялық курсқа жібереді

10 Шілде 2026 00:08see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары