Семейлік 53 жастағы тиктокер тікелей эфирге шығып, қамауға алынды
Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
TikTok-тағы 12 мыңға жуық қаралым жинаған тікелей эфир Семей тұрғыны үшін әкімшілік қамауға алумен аяқталды. Полиция әйелдің кім екенін анықтап, жауапқа тартты, деп хабарлайды Tengrinews.kz ІІМ-ге сілтеме жасап.
Эфирде не болған?
Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында тікелей трансляцияны анықтаған, оған Семей қаласының 53 жастағы тұрғыны қатысқан. Полиция мәліметінше, эфир кезінде әйел балағат сөздер айтып, жұрт алдында ішімдік ішіп, айналасындағыларға құрметсіздік көрсеткен. Трансляцияны 12 мыңға жуық адам тамашалаған.
Тәртіп сақшылары әйелдің кім екенін жедел анықтады. Сот оны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, бес тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.
Полиция әлеуметтік желілердің жалпыға қолжетімді ақпараттық кеңістік екенін ескертті. Тікелей эфир кезінде балағат сөздер айту және қоғамдық тәртіпті бұзу заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.
Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желідегі тікелей эфирі сотпен аяқталған Астана тұрғыны туралы хабарланған болатын. Полиция әйелдің балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған видеосы жарияланғаннан кейін оның жеке басын анықтаған еді. Сот оған айыппұл салды.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда треш-стримерлерді қатаң жазалау ұсынылды
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:89
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қыркүйек 2026 10:50 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















