Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Жемісті жеті жыл

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Шардарадағы Келешек мектеп : үйірме жұмыстары оқушы дамуының негізгі тірегі

Шардарадағы Келешек мектеп : үйірме жұмыстары оқушы дамуының негізгі тірегі

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Түркістан облысы, Шардара ауданындағы №3 жалпы білім беретін мектепте «Келешек мектеп» жобасы аясында қосымша білім беру жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Білім ордасында оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың қабілеті мен қызығушылығын дамыту мақсатында үйірме жұмыстары басым бағыт ретінде қарастырылған.

Бүгінде мектепте 14 бағыт бойынша үйірмелер тұрақты жұмыс істейді. Оқу-танымдық бағыттағы «Ағылшын тілі» және «Цифрлық сауаттылық» үйірмелері оқушылардың заманауи білім кеңістігіне бейімделуіне, тілдік және ақпараттық құзыреттілігін арттыруға бағытталған. Бұл үйірмелер балалардың өз бетімен іздену, жаңа технологияларды тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Шығармашылық бағытта ұйымдастырылған «Бейнелеу – өнер атасы», «Шебер қолдар ордасы», «Көркем саз», «Домбыра», «Би» үйірмелері оқушылардың өнерге деген қызығушылығын оятып, эстетикалық талғамын, шығармашылық ойлауын дамытуға ықпал етеді. Үйірмелерге қатысушы балалар түрлі мектепішілік және аудандық іс-шараларға белсенді атсалысып, өз қабілетін шыңдап жатыр.

Сонымен қатар спорттық бағыттағы гандбол, футбол, волейбол (ұлдар мен қыздар арасында) үйірмелері оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға, командалық рух пен жауапкершілікті сезінуге тәрбиелейді. Ұлттық құндылықтарды дәріптейтін «Асық ату» және «Бес асық» үйірмелері арқылы жас ұрпақтың салт-дәстүрге деген құрметі артып, ұлттық сана-сезімі нығайып келеді. Ал «Дебат» жастар клубы оқушылардың сыни ойлау, көшбасшылық және шешендік қабілеттерін дамытуда маңызды алаңға айналған.

“Үйірме жұмыстарының нәтижелі жүзеге асуына мектептің заманауи материалдық-техникалық базасы тікелей ықпал етіп жатыр. STEAM сыныптары, жабдықталған зертханалық кабинеттер, музыкалық аспаптармен қамтылған сыныптар, хореография залы, сондай-ақ ағаш өңдеу станоктары бар шеберханалар мен тігін цехы оқушылардың практикалық дағдыларын дамытуға кең мүмкіндік беріп отыр. Келешек мектептеріндегі қосымша білім берудің басты маңыздылығы – баланың тек академиялық біліммен шектелмей, жан-жақты дамуына жағдай жасау. Үйірмелер арқылы оқушылар өз қызығушылығын ерте анықтап, болашақ мамандығына бағыт-бағдар алады, еркін ойлау мен өзіне деген сенімділігі қалыптасады”, - дейді мектеп директоры Еркінәлі Ақбердиев.

Аталған жұмыстардың жүйелі жүргізілуі білікті педагог кадрлар мен тиімді басқару принциптерінің нәтижесі. Үйірме жетекшілері әр баланың қабілетін ескеріп, жеке бағытта жұмыс жүргізсе, мектеп әкімшілігі тарапынан ұйымдастыру мен қолдауға ерекше мән беріліп жатыр.

Қорыта айтқанда, Шардара ауданындағы №3 жалпы білім беретін мектепте жүзеге асырылып жатқан үйірме және қосымша білім беру жұмыстары келешек мектеп үлгісінің маңызды құрамдас бөлігі болып саналады. Бұл тәжірибе – шығармашыл, белсенді, бәсекеге қабілетті жас ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған нақты қадам.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:181
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Желтоқсан 2025 00:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see148

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see146

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see145

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see145

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see143

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see143

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see139

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see138

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see138

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see138

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see137

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see137

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see136

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see136

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see135

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see135

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see135

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see135

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see133

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see133
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары