Шарын ұлттық паркінің күзет аймағы мен табиғат пайдалану режимі белгіленді
Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
"Алматы облысының аумағында жер пайдаланушылар мен жер учаскелерінің меншік иелерінен жер учаскелерін алып қоймай, Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ені кемінде екі шақырым болатын күзет аймағы, сондай-ақ табиғат пайдалану режимі белгіленсін", – делінген құжатта.
Күзет аймағы аумағындағы табиғат пайдалану режимі
Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің күзет аймағында мыналарға тыйым салынады:
мемлекеттік ұлттық табиғи парктің экологиялық жүйелеріне зиянды әсер ететін нысандарды орналастыруға, жобалауға, салуға және пайдалануға, жаңа технологияларды енгізуге; атмосфераға ластаушы заттарды шығаруға, ашық су көздеріне және жер бедеріне ластаушы заттар мен сарқынды суларды төгуге; пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге; аң аулауға; радиоактивті материалдар мен өнеркәсіптік қалдықтарды көмуге; мемлекеттік ұлттық табиғи парктің экологиялық жүйелерінің гидрологиялық режимін өзгертуі мүмкін қызметке, соның ішінде судың табиғи ағысын тоқтатуға немесе азайтуға әкелетін гидротехникалық құрылыстар мен басқа да нысандарды салуға; жабайы жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктердің бөгде түрлерін жерсіндіруге; мемлекеттік ұлттық табиғи парктің экологиялық жүйелеріне зиянды әсер етуі мүмкін өзге де қызметке.Сонымен қатар мемлекеттік ұлттық табиғи парктің күзет аймағында ұлттық парктің экологиялық жүйелерінің жай-күйіне кері әсер етпейтін шаруашылық қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асыруға болады:
орман шаруашылығы қызметі; мал жаю мен шөп шабуды қоса алғанда, дәстүрлі жер пайдалану, сондай-ақ биологиялық әртүрліліктің ұзақ мерзім бойы сақталуы мен осал болмауын қамтамасыз ету аясындағы өзге де қызмет; туристік және рекреациялық қызмет; минералды суларды, бальнеологиялық және климаттық ресурстарды пайдалану; кәсіпшілік және әуесқойлық (спорттық) балық аулау, сондай-ақ балық өсіру; орман және дала өрттерін сөндіру бойынша жерүсті және авиациялық жұмыстарды жүргізу; бүлінген жерлерді қалпына келтіру; орман және өзге де өсімдіктер қауымдастықтарын қалпына келтіру; жабайы жануарлардың мекендеу ортасы мен санын қалпына келтіру; туристердің уақытша болатын орындарын жабдықтау, өсімдіктер мен жануарлардың эндемикалық, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін жасанды жолмен көбейтуге, өсіруге және өсімін молайтуға арналған тәлімбақтар құру үшін жер учаскелерін пайдалану, сондай-ақ мемлекеттік ұлттық табиғи парк қызметкерлерінің тұруына арналған қызметтік ғимараттар (кордондар) салу және оларға қызметтік жер телімдерін беру.Мемлекеттік ұлттық табиғи парктің күзет аймағында аталған қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесі нысандарының мекендеу ортасы мен көбею жағдайларын, жануарлардың көші-қон жолдары мен шоғырланатын орындарын сақтау жөніндегі іс-шаралар көзделіп, орындалуға тиіс. Сондай-ақ жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретінде ерекше құнды учаскелердің және мемлекеттік табиғи-қорық қорының өзге де нысандарының қол сұғылмауы қамтамасыз етілуі қажет.
Қаулы 2026 жылғы 20 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алматы облысының аумағындағы "Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі үшін де осындай күзет аймағы мен табиғат пайдалану режимі белгіленді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:37
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қазан 2026 16:46 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















