Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Кеңейтілген құрамда кездесті

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Шегірткеден қорыққан егін екпес : Референдумға халықтың сенімі қандай?

Шегірткеден қорыққан егін екпес : Референдумға халықтың сенімі қандай?

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Алдағы референдум қарсаңында қоғамда түрлі пікір қалыптасып отыр. Әсіресе, бұған дейінгі референдумдар мен сайлау науқандары кезінде заңбұзушылықтар болды деген ақпараттардың таралуы кей азаматтардың сеніміне әсер еткені жасырын емес, деп хабарлайды Arasha.kz.

Осыған байланысты «Халықтың референдумға сенімі қандай?» деген сауалды депутаттарға жолдаған едік. Сондай-ақ өткен саяси науқандарға қатысты айтылған сын-пікірлер мен күмәннің қазіргі қоғамдық көңіл-күйге ықпалы туралы да сұрадық. Халық қалаулылары бұл мәселеге қатысты өз көзқарастарын білдіріп, сенімді арттырудың жолдары жөнінде пікір айтты.

«Мен халық сенеді деп ойлағым келеді», – деп күлді депутат Еркін Әбіл.

Ол сайлаушылармен жүздесу кезінде қойылған сұрақтар мен азаматтардың белсенділігі туралы пікір білдіріп, алда өтетін референдумға тұрғындардың жартысынан көбі барады деп есептейді.

«Мен кездескен аудиторияларда әр түрлі сұрақатар болды. «Бұл бізге қаншалықты керек?», «дәл маған бұл не береді?» деген сияқты сұрақтар болды. Менің ойымша референдумға баратындар саны 60 пайыздан асады деп ойлаймын», – деді депутат.

Депутат Ермұрат Бапи болса бұған дейінгі референдумдарда кейбір заңбұзушылықтар болғанын еске салған тілшіміздің сұрағына жауап бере отырып, алдағы референдумға қатысу мәселесі әр азаматтың өз таңдауы екенін айтып өтті. 

«Шегірткеден қорыққан егін екпес» дейді ғой. Бұрын сайлаулар мен референдумдар кезінде әлде бір жекелеген фактолар болған екен деп, тас бүркеніп жатпаймыз ғой. Қоғам дамып жатыр, ел өзгеріп жатыр. Ақырындап-ақырындап саяси өзгерістер болып жатыр. Оны қалайда біз қабылдап, қатысуымыз керек. Ал оған қандай ұстаныммен барасың? Ол әр азаматтың өз ұстанымы деп ойлаймын», – дейді Ермұрат Бапи. 

Депутат Үнзила Шапақ кездескен адамдардың көпшілігі референдумға сенім білдіріп отырғанын атап өтті. Сол уақытта кей азаматтардың Конституция жобасының мазмұнын толық түсінбей отырғанын, оларға тікелей түсіндіру жұмысы қажет екенін айтты.

«Біз кездескен адамдардың көпшілігі референдумға сенім білдіріп отыр. Ол туралы мен жауапкершілікпен айта аламын. Кездескен адамдардың ішінде Конституция жобасының мәнін нақты аша алмай, мазмұнын түсінбей отырған азаматтар бар. Оларға барып, тікелей бетпе-бет сөйлесіп, түсінісу керек. Мен туралы жазыпты, «бұл кісінің қолында үнемі қағаз жүреді, дайын сұрақтарға жауап беріп тұр ғой деймін» деп, мен бұл қағаз емес, Конституцияның жобасы екенін айтымын», – дейді  Үнзила Шапақ. 

Депутат Айдос Сарым халықтың референдумға сенімі жақсы екенін атап өтті. Ол алты аймақты аралап, негізгі мәселені қолдайтын азаматтардың көп екенін көргенін жеткізді. 

«Мен әр түрлі зерттеулерді қарап отырмын. Негізі халықтың сенімі жақсы. Өзім алты аймақты аралап өттім, негізгі мәселені қолдайтын сияқты. 15 наурызда қанша адам дауыс беретінін көреміз. Біздің Қазіргі құрылған штаб мыңдаған шараны өткізіп жатыр», – дейді мәжілісмен Айдос Сарым.

Айта кетейік, биыл 15 наурызда Қазақстанда республикалық референдум өтеді. Оның басты мақсаты – Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды халықтың пікірі арқылы бекіту. Референдумда азаматтар заң жобасының негізгі бағыттарын қолдай ма, жоқ па екенін шешеді, ал оның нәтижесі елдің саяси дамуы мен мемлекеттік құрылымына тікелей әсер етеді. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:283
embedДереккөз:https://arasha.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Ақпан 2026 15:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see141

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see137

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see135

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see133

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see132

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see132

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see129

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see126

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see125

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see124

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see124

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see124

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see122

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see122

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see119

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see119

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see119

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see118

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see117

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары