Шекарада 182 млн теңгенің алтынын ұлтарағына жасырған қырғыз әйелінің әрекеті әшкереленді
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АСТАНА, 10 қазан – Sputnik. Құны 182,3 млн теңге болатын алты алтын құйма мемлекет кірісіне өткізілді. Салмағы 2,8 келі болатын бағалы металды Қырғызстан азаматы Қазақстан арқылы Қытайға заңсыз алып өтпек болған, деп хабарлайды Бас прокуратура.
Бас көлік прокуратурасының өтінішхаты негізінде сот алтын құймаларға қатысты сотқа дейінгі тәркілеу шарасын қолданды.
Прокуратураның мәліметінше, Қырғызстан азаматы алтын құймаларды өз елінде сатып алған. Кейін оларды Қытайға заңсыз жеткізу мақсатында "Қордай Авто" өткізу пункті арқылы Қазақстан аумағына кіргізген.
Әйел кедендік және шекаралық бақылаудан өту кезінде бағалы металды жасыруға тырысқан. Ол алтын құймаларды аяқ киімінің ұлтарағының астына жасырған. Алайда "Қорғас" халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығында жүргізілген тексеру кезінде алтын анықталып, тәркіленді.
Тәркіленген алты құйманың жалпы салмағы 2,8 келі, ал алтынның тазалығы 99 пайыздан асады. Олардың жалпы құны 182,3 млн теңгеге бағаланған.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:60
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қазан 2026 12:55 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















