Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

BaiQymyz 2026 фестивалінде робот ит, Тәртіпбек пен Тазабек қонақтарға түсіндіру жұмысын жүргізді

Бишімбаев ісінен кейін танымал болған Айжан Аймағанова прокуратурадан кетті

Байқоңырда Союз МС 29 ғарыш кемесін тасымалдайтын зымыран ұшыру алаңына орнатылды

Бірінші сыныпқа қабылдау: ата аналар нені білуі керек?

Вьетнамда туристік катердің апатқа ұшырауынан 15 адам көз жұмды

Алматыда күмәнді әрекет нашақорды полицияға ұстап берді

Patriot зымырандарын Украинада өндіру екіталай БАҚ

Таяу Шығыстағы шиеленіс күшейді: АҚШ пен Иран өзара соққы алмасты

Президент Қасым Жомарт Тоқаев Сириус Роза Хутор фестиваліне қатысушыларды құттықтады

Түні бойы босатпай отыр: Берлинде қарулы ер адам әйелді кепілге алған

Аптаның ең әсерлі фотосуреттері: Reuters ұсынған 6 үздік кадр

Үкімет Астанаға 16 миллиардтан астам қаражат бөлді олар неге жұмсалады

Air Astana Дубайға рейстерді уақытша тоқтатады

Бәрін қазып тастады Астана циркінің маңында не болып жатыр

Altai Fest: полицейлер Қатонқарағайда 50 мыңнан астам адам жиналған фестивальден үйге аман есен қайтудың тәртібін түсіндірді

Көкшетауда қазақ әнін үйде тыңдаңдар деп шаштаразда ұрыс шығарған әйел жауапқа тартылды

Games of the Future 2026: Астанаға 35 елден мыңға жуық спортшы келе жатыр

АҚШ пен Иран бір бірінің нысандарына соққы бере бастады

Ресей әскері жаңа Герань 4 дронын көрсетті

АҚШ Иранға қарсы соққылардың үшінші кезеңін бастағанын мәлімдеді

Шеткі аудандар және орталық: Алматы қаншалықты қауіпсіз?

Шеткі аудандар және орталық: Алматы қаншалықты қауіпсіз?

Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Қауіпсіздік - кез келген мегаполистегі өмір сүру сапасының негізгі көрсеткіштерінің бірі.

Бұл көрсеткіш қалада тұру, кешкі уақытта серуендеу қаншалықты жайлы екенін, балалар үшін алаңдамауға болатынын және қаланы туристерге ұсыну мүмкіндігін айқындайды. Кейінгі жылдары Алматы еліміздегі ең цифрландырылған қалалардың біріне айналды: он мыңдаған камералар, бет-әлпетті тану жүйелері мен жасанды интеллект полицияға қылмыстарды ашуға көмектесіп жатыр.

Tengrinews.kz тілшісі Алматы тұрғындары мен қонақтары өздерін қаншалықты қауіпсіз сезінетінін және олардың түйсігі ресми статистикамен сәйкес келетін-келмейтінін анықтауды жөн көрді. Біз қала тұрғындарынан қай аудандарды ең қауіпті деп санайтынын сұрап, полиция статистикасын зерттедік және урбанист маманмен қауіпсіздік нақты неден құралатыны туралы сөйлестік.

Орта теориясы: қалада бізді шын мәнінде не қорғайды?

Қазіргі урбанистикада бұрыннан қалыптасқан аксиома бар: қала қауіпсіздігі әр шаршы метрге шаққандағы полицейлер саны немесе бейнебақылау камераларының тығыздығымен өлшенбейді. Қылмыстан қорғайтын басты тетік - қаланың өзі, оның құрылымы мен адамдары.

1961 жылы урбанистика саласының аңызға айналған зерттеушісі Джейн Джейкобс "көшедегі көздер" (eyes on the street) тұжырымдамасын ұсынған болатын.

Оның мәні қарапайым: көше жанданып тұрғанда ғана қауіпсіз. Көше бойында дүкендердің ашық витриналары, кофеханалар, бірінші қабаттардың пердесіз терезелері болғанда қауіпсіздік артады. Жүргіншілер, дәмхана келушілері, сатушылар мен төменгі қабат тұрғындары еріксіз, бірақ ең тиімді "патрулбге" айналады.

Әлеуетті қылмыскер кез келген сәтте ондаған адамның көзіне түсуі мүмкін жерде өзін жайсыз сезінеді. Қоғамдық кеңістіктер ашық, ал көшелер кедергісіз "өтуге ыңғайлы" болуы тиіс. Соңғы тармақ жеке қарастыруды қажет етеді.

Қоршау әсері: жаңа тұрғын үй кешендері және қауіпсіздік

Кезінде Алматы әкімдерінің бірі қаламыздағы көптеген қоршаулармен күресуге тырысқан еді, бірақ уақыт өте келе қаланың кейбір бөліктерінде бәрі бұрынғы қалпына келе бастады.

Бүгінде Алматыда қайтадан "қоршау тұрғызу" белең алды. Тек элиталық емес, кез келген тұрғын үй кешені биіктігі үш метрлік темір торлар, шлагбаумдар және күзет бекеттерімен оқшауланып жатыр

Осылайша тұрғын аудандарды қауіпсіз етпек болған құрылыс салушылар өрескел урбанистік қателік жіберіп отыр. Мұндай ауланың ішінде - тазалық, бейнебақылау, балалар мен ересектерге арналған қауіпсіз жайлы орта бар.

Бірақ сыртында не болып жатыр? Жансыз, тас-түйін бекітілген, жарықтандырылмаған аймақ түзіледі. Тұрғын үй кешенінің шақырымдарға созылған қоршауын жағалап келе жатқан жаяу жүргінші бетон дәлізде қалып қояды, бұл әсіресе кешкі уақытта өте жайсыз болуы мүмкін.

Наурызбай ауданы және тұрғын үй кешендерінің қоршаулары. Мақала авторының үйіне барар жол. Фото: © Tengrinews.kz / Юлия Колмогорова

Қоршаулар Джейн Джейкобс айтқан әлгі "көшедегі көздерді" жауып қалады.

Бұл теория Алматы көшелеріне қаншалықты сәйкес келеді?

Алматылық үрей картасы: Сайран, базарлар мен коммуналдық "оқшауланған аймақтар"

Алдымен халықаралық қауіпсіздік рейтингіне, дәлірек айтқанда, қалалар бойынша қылмыс индексіне көз салайық - Numbeo Crime Index.

Анықтама:Numbeo Crime Index - пайдаланушылар арасындағы сауалнама негізінде әлем қалаларындағы қылмыс деңгейі мен қауіпсіздік сезімін бағалайтын халықаралық индекс. Шкала 0-ден 100-ге дейін өзгереді: көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, қылмыс деңгейінің қабылдануы соғұрлым жоғары болады.

Алматы шамамен 53 ұпай жинады, бұл қылмыстың орташа деңгейіне сәйкес келеді. Бұл көрсеткіш қаланы Латын Америкасы мен АҚШ-тың көптеген ірі мегаполистерімен салыстырғанда қауіпсіз етеді, бірақ ол әзірге көптеген еуропалық қаладан қалыс қалып тұр.

Ресми қазақстандық статистикаға жүгінбес бұрын, біз алматылықтардың өздерінен қаланы қаншалықты қауіпсіз деп санайтынын біліп, "халықтық рейтинг" құруды жөн көрдік.

Ол үшін қалалық чаттар мен әлеуметтік желілерде сауалнама жүргізіп, тұрғындардан өздерін жайсыз сезінетін аудандарды атауды сұрадық. Жауап ретінде ондаған пікірлер ғана емес, сонымен қатар адамдар өз сөздерін растайтын нақты оқиғаларды, суреттер мен бейнежазбаларды жолдады.

Фото: © Tengrinews.kz / Юлия Колмогорова

"Алматыда өзіңізді қауіпсіз сезінбейтін аудандар немесе нақты жерлер бар ма?" - деген сұраққа біз мынадай жауаптар алдық:

- Жергілікті тұрғын ретінде айтарым: Ташкент көшесінен төмен жатқанның бәрі. Дегенмен, маған бұзақылар шабуыл жасаған жағдайлардың бәрі орталықта болған.

- "Алтын Орда" маңы, барахолка - қысқасы, базарлардың айналасы.

- Бірінші Алматы ауданында тұрамын (Алматы-1 вокзалы туралы - ред. ескертпесі): тып-тыныш (тфай-тфай), тек сүйкімді әжелер мен "Мадемуазель, шалшықты айналып өтіңіз, туфлиіңіз су болады" дейтін бірді-екілі мәдениетті алқаштар кездеседі.

- Жалпы, Айнабұлақта (Алматының төменгі бөлігіндегі ықшамаудан - ред. ескертпесі) тұрған достарым ол жақты "қауіпті аудан" дейтін.

- Меніңше, бұл Алматы-1 вокзалының маңы. Мен сонда тұрдым, ол жақта үнемі күмәнді адамдар, қаңғыбастар мен маскүнемдер жүреді. Қараңғы түскенде кейбір кішкентай көшелерде жүру қорқынышты, өз басыңды қатерге тігіп жүресің.

- Маған, қыз бала үшін қараңғы уақытта кез келген аудан қауіпті сияқты көрінеді.

- "Алтын Орда" мен оның айналасы (бұл Алматының батыс шығаберісіндегі үлкен базар - ред. ескертпесі).

- Неге екені белгісіз, Түрксіб ауданы ең қауіпті аймақтардың бірі болып саналады (Алматы-1 вокзалының төңірегі - ред. ескертпесі).

- Қазір ең қауіпті немесе ең қауіпсіз аудан деген жоқ деп ойлаймын. Халық өте көп, бәрі араласып кетті, жұрттың бәрі ашулы әрі күдікті көрінеді. Еш жерде өзімді қауіпсіз сезіне алмаймын.

Қауіпсіздікке қатысты тағы бір күтпеген бақылау салыстырмалы түрде "тәуір" саналатын ауданға қатысты болды:

"Сонымен қатар Арбаттың қалтарыстары мен "барлар көшесі" де қауіпті (қаланың қақ ортасы - ред. ескертпесі). Ол жақта барлардан үйіне қайтатын мас адамдарды аңдып тұратындар бар. Оларға ақпаратты сонда отырған сыбайластары береді. Егер ақшаны оңды-солды шашсаң - сені әлдеқашан нысанаға алды дей бер. Тек тонау үшін емес, жайдан-жай тиісуі де мүмкін", - деді сауалнамаға қатысқан қала тұрғындарының бірі.

Фото: © Tengrinews.kz / Юлия Колмогорова

Алматы аудандары бойынша ресми қылмыс статистикасы

Қызығы сол, Бас прокуратураның Құқықтық статистика комитетінің ресми деректеріне сүйенсек, Алматыдағы қылмыс географиясы тұрғындар сипаттағаннан мүлдем басқаша.

Тіркелген құқық бұзушылықтар саны бойынша нағыз антикөшбасшылар - шеткері аймақтар емес, жағдайы жақсы Алмалы және Бостандық аудандары. Себебі қарапайым: ірі сауда орталықтары мен қаржы институттары дәл осы жерлерде шоғырланған, демек, қалта ұрлығы мен интернет-алаяқтықтың басым бөлігі осында тіркеледі. Сонымен қатар, Алатау және Түрксіб сияқты шеткері аудандар құқық бұзушылықтардың интерактивті картасына сәйкес, тұрғын үй секторындағы мүліктік қылмыстар мен тұрмыстық қылмыс саны бойынша алда тұр. Медеу ауданы - қайшылықтарға толы. Оның жоғарғы бөлігінде (Әл-Фарабиден жоғары) көше қылмысы нөлге жақын, алайда аудан статистиканы беделді орындардағы ұрлықтар, қымбат көліктерді айдап кету және қаржылық алаяқтық есебінен "толтырып" отыр. Сонымен қатар, ауданның төменгі бөлігі (Саяхат маңы) әлі де криминогендік нүкте болып қала береді. Сондай-ақ, шеткері Наурызбай ауданы - абсолюттік көрсеткіштер бойынша ең "тыныш" аудан. Бұл қала құрамындағы ең жас аудандардың бірі, онда негізінен жеке сектор мен жаңа тұрғын үй кешендері орналасқан. Наурызбай ауданындағы қылмыстың жалпы деңгейі коммерциялық нысандар мен ойын-сауық орындарының аздығынан төмен болуы мүмкін, бірақ тұрғындар көбіне құрылыс алаңдарындағы ұрлық пен жеке үйлерге басып кіруден зардап шегеді.

Енді нақты дәлелдері бар оқиғаларға көшейік. Алғашқы оқиға қауіп-қатер тек түнде емес, күндіз де кездесуі мүмкін екенін көрсетеді.

Тал түстегі істер: Сайрандағы ұрлық

Мобилограф Жансая Сайран көлінің жағасындағы серуендеу жолында тал түсте қымбат техникасынан қалай айырылғанын айтып берді. Бойжеткен қала көшелерінде клиенттерінің әлеуметтік желілері үшін контент түсіреді.

"Мен бұған дейін заттарымды бірнеше минутқа еш алаңсыз қалдырып кете беретінмін. Сауда орталықтарындағы фудкорттарда сөмкемді тастап, тапсырыс алуға баратынмын. Жақында бір сауда орталығында телефонымды ұмытып кетіппін, қорыққанымнан жүгіріп келсем - орнында тұр екен. Біздің адамдар өте мәдениетті деп ойлайтынмын. Сайранда видеоға қосымша кадрлар түсіру үшін небәрі 30 метрге ұзап кеткен едім. Қайтып келсем - жұмыс техникасы салынған пакеттер жоқ. Бағыма қарай, камера түсіріп тұрған екен: видеоға екі ер адамның еш қымсынбастан орындықтағы заттарымды жинап алып, кетіп қалғаны түсіп қалыпты", - деп баяндады Жансая.

Зардап шегуші бізге видеоға түсіп қалған ұрлық сәтінен үзінді ұсынды:

Сондай-ақ бойжеткен бұл оқиғаны әлеуметтік желіде бөлісті, жазба астындағы пікір қалдырушылар жағдайды былай түйіндеді:

"Бастапқыда Сайранда құнды заттарды қараусыз қалдырудың өзі жақсы идея емес еді. Ол жерде әдетте Алматының жын-жыбыры (сөзбе-сөз "жаман рухтар", мағынасы бойынша "қаңғыбастар, оңбағандар" - ред. ескертпесі) жиналады".

Жансая полицияға арыз түсірді, қазіргі уақытта видеоға түсіп қалған ер адамдарды іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.

Өз үйім - өлең төсегім бе?

Бірақ алматылықтар жолдаған оқиғалардың көбін бір күтпеген дерек біріктіреді: тұрғындар үшін үрей мен қауіптің көзі көбіне жат аудандар емес, өз үйінің маңындағы аумақтар болып шықты.

Сауалнамаға қатысқандардың көбі Алматының ескі және жаңа ықшамаудандарындағы ең қауіпті жерлер - есірткіге тәуелділер иемденіп алған скверлер екенін атап өтті.

- Розыбакиев пен Өтепов көшелері қиылысында үнемі есірткі іздеп жүретіндер көп, ал бізден 100 метр жерде полиция пункті бар. Ондағылар бізге "шара қолданамыз" деп жауап береді де, сонымен бәрі бітеді. Камера қоюды сұрап e-otinish-ке де, цифрландыру департаментіне де жаздық. Алайда әзірге бюджетте қаражат жоқ екен.

- Тастақ-1 ықшамауданы, 11, 12, 13-үйлер - терезенің астында, артқы жағында аптасына бірнеше рет есірткі тығушылар жүреді, - деп шағымданды алматылықтар.

Тұрғындар шприц пен ампула шашылып жатқан жолдардың суреттерін жіберді. Бұл қазіргі заманғы Алматы екеніне сенгің келмейді. Фотоларға қарап, 90-жылдар қайта келгендей әсер аласың.

Тастақ-1 ықшамауданы, 19 және 20-үйлердің айналасы. Фотоны оқырмандар жолдаған


Тастақ-1 ауданы. Фотоны оқырмандар жолдаған

Бізге фото жіберген Тастақ тұрғыны бұған дейін Threads желісінде осы мәселе туралы ашық айтып шағымданған. Бірақ фейк аккаунттардан оған қоқан-лоқы көрсетіліп, "осы ақпаратың үшін жауап бересің" деген секілді хаттар келе бастаған. Содан кейін ол жазбасын өшіруге мәжбүр болған. Мұндай да жағдайлар болып тұрады.

Ал Мұқанов - Есентай - Монғол - Райымбек көшелерінің шаршысында тұратын тұрғындар өз аудандарының нағыз "иесіз аймаққа" айналғанын айтты.

"Әкімдік сүрілуі тиіс үйлерді сатып алды да, жайына қалдырды. Қазір бұл жер тек егеуқұйрықтар мен өрт ошағы емес (өткен сенбіде ғана үйлердің бірі өртенді), сонымен қатар есірткі тығушылар мен қаңғыбастар үшін таптырмас орынға айналды. Жарықтың жиі өшуіне байланысты айнала тас қараңғы. Иесіз аймақ. Камера да, қоршау да жоқ. Монғол көшесіндегі 23-үйдің қарсысында нашақорлар ойран салады, Есентай көшесінде қаңғыбастар ұрланған сымдарды өртейді, қараусыз қалған үйлерде үнемі біреулер жүреді. Жақында бір есірткі іздеп жүріп, еш қымсынбастан күйеуімнен "пакетті көрмедің бе?" деп сұрапты", - дейді жергілікті тұрғын.

Ол өз сөзін оқиға орнынан түсірілген видео және фотоматериалдармен растады:

Монғол көшесіндегі қараусыз қалған үйлердің орны. Фотоны оқырмандар жолдаған

Қыз бір апта ішінде e-Otinish арқылы мемлекеттік органдарға үш хат жазғанын айтты:

"Әзірге ол жақта нағыз "чемпиондар лигасы" болып жатыр. Мәселені тоғызыншы орындаушыға дейін сілтеп жіберді. Қай кезде іске кірісетінін көрейік. Әзірге менің өтініштерімді бір-біріне лақтырып, "футбол" ойнап отыр".

Мұндай жағдайда тұрғындар не істеуі керек? Біз бұл сұрақты сарапшыға қойдық.

Заңгер Сергей Уткиннің түсініктемесі:

"Мұндай жағдайларда қол қусырып отыруға болмайды. Полиция мен әкімдікке ресми ұжымдық өтініштер жазуды жалғастыру керек, шенеуніктер "жағдайды асыра сілтеп отыр" деп сылтаурата алмауы үшін барлық заңбұзушылықтарды видеоға түсіріп алу қажет. Камералар мен патрульдерге бюджеттен қаражат бөлу процесі ұзақ, айларға созылады. Егер мемлекеттік органдар жай ғана сырғытпа жауап берсе, жоғары тұрған инстанциялар мен заңдылықтың сақталуын қадағалайтын прокуратураға шағым түсіріңіздер. Мәслихат депутаттарын тартыңыздар. Қоғамдық резонанс пен көршілердің ұжымдық күш-жігері - жүйені қимылдатудың жалғыз жолы".

Дәйексөз авторын қосу

Сурет қосу

Сергей Уткин

заңгер

Гендерлік алшақтық және инфрақұрылымдық абьюз

Айта кету керек, қаладағы қауіпсіздікті ерлер мен әйелдер мүлдем басқаша қабылдайды. Урбанистер мұны гендерлік алшақтық деп атайды.

Біз сауалнама жүргізген ер адамдардың арасында қазіргі уақытта Алматы - мүлдем қауіпсіз қала деп санайтындар да болды.

"Қазір Алматыда қауіпсіз. Кейінгі жылдары, тіпті түнделетіп сәлемдемелер тасып жүргенде де, айтарлықтай қауіпке кезіккен емеспін. Кейбір аудандарда тек дөрекілеу, мәдениеті төмен адамдар кездеседі. Ал біреудің қоқан-лоқы көрсеткені немесе күш қолданғаны баяғыда қалған", - дейді курьер болып істеп жүргеніне бірнеше жыл болған Фархат.

Мәселе мынада: ер адамдардың көбі үшін көшедегі ықтимал қауіп - бұл физикалық қақтығыс (төбелес, тонау). Ал әйелдер үшін қалалық орта - бұл тұрақты стресс көзі.

Алматылық әйелдер арасында жүргізілген шағын сауалнама әрқайсының кешкі қалада "аман қалу тәсілдері" бар екенін көрсетті:

- Автобустан түскен соң телефонмен сөйлескендей боламын. Дауыстап: "Иә, жаным, мен кіреберіске жақындап қалдым, алдымнан шықшы", - деймін.

- Артымнан қарағанда қыз бала екенім білінбеуі үшін үнемі капюшон киіп, жылдам жүремін.

- Алдымнан күмәнді біреу келе жатқанын көрсем, алысқа қарап, мені біреу күтіп тұрғандай қол бұлғаймын".

Жасанды интеллект пен камералар Алматыны қауіпсіз ете ме?

Алматылықтардың пікірін тыңдағаннан кейін, полициядан қалалық қылмыс бойынша статистиканы сұраттық. Көрсеткіштер көңіл көншітерлік. Алматы Полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдулдиновтың айтуынша, соңғы бір жылда мегаполистегі қылмыс деңгейі 11,9 пайызға төмендеген. Кісі өлтіру, қарақшылық және ұрлық оқиғалары азайды.

Бұған тәртіп сақтау саласындағы цифрландырудың дамуы айтарлықтай үлес қосқан. Статистикаға көз жүгіртейік:

Алматыда 186 мыңнан аса бейнебақылау камерасы орнатылған, оның 61 471-і тікелей Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына (ЖБО) шығарылған. 4 886 камера бет-әлпетті тану жүйесімен Пилоттық жоба ретінде түнгі клубтар мен ойын-сауық орындарындағы 20 камера жасанды интеллектке қосылған.

Нәтижесі таңғалдырады: 2025 жылы жоба іске қосылғаннан бері ЖИ іздеуде жүрген 598 адамды анықтап, ұстауға көмектесті.

ЖБО камераларының көмегімен 2025 жылы 5 638 қылмыс, ал 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 2 026 қылмыс ашылды.

"Камералар жазалау құралы емес, ең алдымен алдын алу және азаматтарды қорғау механизмі екенін түсіну маңызды", - деді ведомство өкілдері.

SOS батырмалары

Қала қауіпсіздігін арттыруға арналған "ақылды қаланың" тағы бір элементі - SOS дабыл батырмалары. Оны басқан кезде "102" ЖБО инспекторымен тікелей аудио және бейнебайланыс орнатылады, ол кірістірілген камера арқылы оқиғаның бәрін көре алады.


SOS батырмасы. Фото: zakon.kz

Бірақ біз сауалнама жүргізген алматылықтардың ешқайсы дерлік бұл технология туралы білмейтін болып шықты. Немесе естігенімен, қала ішінде мұндай батырмаларды кездестірмеген.

Белгілі болғандай, инфрақұрылым әзірге ерекше тәртіппен дамыған. Қалада барлығы 32 осындай батырма орнатылған: оның 30-ы банк филиалдарының жанында, тек екеуі ғана жалпы қалалық кеңістікте (Төле би - Панфилов және Құрманғазы - Достық) орналасқан.

Кейінгі бір жылда алматылықтар SOS батырмаларын 568 рет қолданған. Шындығында, полицейлер шақырулардың басым көпшілігі қате немесе бұзақылық сипатында болғанын мойындайды.

Алматы - қауіпсіз етуге болатын қала

Тақырыпты зерттеуді архитектор-урбанист Владислав Филатовпен сұхбаттасу арқылы қорытындылауды жөн көрдік.

"Қауіпсіздікті түбегейлі жақсартатын бір ғана элемент жоқ, - дейді ол. - Қауіпсіздікке әрдайым кешенді тәсіл арқылы қол жеткізіледі".

Дәйексөз авторын қосу

Сурет қосу

Владислав Филатов

урбанист

Бұл, бәлкім, біздің әңгімеміздің басты түйіні шығар. Біз қауіпсіздік дегенді полиция немесе камера көп жер деп ойлауға дағдыланғанбыз, бірақ ең сенімді қорғаныс - дұрыс "қалалық жоспарлау" болып шықты. Сарапшының айтуынша, қауіпсіз қалада "адамдардың болуы мен оқиғалардың тығыздығы, қоғамдық тәртіпті ашық түрде бұзуға жол бермейтін көздер жеткілікті"

Неге Алматының орталығында, Зенков немесе Панфилов көшелерінде тіпті кеш батса да, өзіңді сенімдірек сезінесің? Өйткені ол жерде өмір қайнап жатыр - дәмханалар, дүкендер, жүргіншілер. Бұл - Джейн Джейкобс пен урбанистиканың өзге де классиктері айтып кеткен "көшедегі көздер".

Владислав Филатовтың сөзінше, Алматы "ТМД-ның өзге қалаларымен салыстырғанда аса қауіпті емес". Ол ең үлкен қауіп жол қозғалысы саласында, яғни "көлік көп жүретін қиылыстар мен кең көшелерде" шоғырланған деп есептейді.

Камералар қылмыскерді табуға көмектеседі, бірақ қылмысты тоқтата алмайды

Біз урбанистен бейнебақылау жүйелері мен жасанды интеллектің рөлі туралы бөлек сұрадық. Оның пікірінше, олар полицияға расымен де көмектеседі, бірақ адамдардың тікелей қатысуын толық алмастыра алмайды.

"Камералар мен ЖИ жүйелері құқық бұзушылық жасалғаннан кейін жақсы жұмыс істейді - кінәліні табуға көмектеседі, сондай-ақ белгілі бір деңгейде алдын алу қызметін атқарады. Бірақ қылмысты дәл жасалып жатқан сәтте тек полиция қызметкерлері немесе қасында жүрген адамдар ғана тоқтата алады", - деп түсіндіреді сарапшы.

- Мүмкіндігіңіз болса, Алматының қай ауданын басқаша жобалар едіңіз? - деп келесі сұрағымызды қойдық.

Владислав Үлкен Алматы өзенінің арғы жағындағы батыс ықшамаудандарды таңдайтынын айтты. Оның ойынша, егер бұл аудандар Алматының тарихи орталығының принциптері бойынша дамыса, әлдеқайда қауіпсіз болар еді.

"Мен бұл ауданды қала орталығына көбірек ұқсатар едім: көшелер желісі тығыз және аралас құрылысы бар. Дәл осы аралас құрылыс қаланы дамытудың ең қауіпсіз модельдерінің бірі болып саналады".

Қорытынды

Біз қандай қорытындыға келдік? Халықаралық өлшемдер бойынша Алматы қылмыс деңгейі орташа, айтарлықтай қолайлы қала болып қала береді.

Дегенмен қауіпсіздік тек полиция статистикасы және камералар санымен ғана өлшенбейді. Сарапшылардың пайымдауынша, оның негізінде жайлы қалалық орта жатыр: жиі орналасқан көшелер желісі, адамға қолайлы биіктіктегі ғимараттар, дамыған әрі ыңғайлы қоғамдық көлік, жарықтандырылған тротуарлар мен жаяу жүргіншілердің үздіксіз ағыны. Сонымен қатар, қалалық орта адамдарды физикалық белсенділікке ынталандыруы тиіс (жаяу жүретін, велосипед пен самокат тебетін жерлер қауіпсіз саналады).

Камералар мен жасанды интеллект полицияға үлкен көмек көрсетеді, бірақ криминализацияға ықпал ететін факторларды жою да маңызды: олар - қаңырап бос тұрған скверлер, нашар жарықтандырылған өткелдер, қараусыз қалған ғимараттар, иен далалар мен километрге созылған тұйық қоршаулар.

Алматыны автомобильдерге емес, жаяу жүргіншілерге бағыттауды жалғастыру, қоғамдық көлік пен велоинфрақұрылымды дамыту, "оқшауланған аймақтардан" арылып, көшелердің жанды қалпын қайтару қажет.

Әрине, заманауи технологияларды енгізуді жалғастыру керек, бірақ оларды қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басты құралы ретінде ғана қарастырмаған жөн. Сонда ғана, мамандардың уәдесінше, Алматы адамдар кез келген көшеде, тәуліктің кез келген уақытында өзін еркін сезінетін нағыз қауіпсіз қалаға айналады.

Авторы:  Юлия Колмогорова

Дайындаған: Дина Шәріпхан

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ

Компот, Татарка және Маяктың жағдайы не болмақ? Алматыда Бас жоспар талқыланды

“Кедей болғанымыз үшін айыппұл салады“. Алматыда пешпен жылытуға тыйым салу неге дау тудырды?

“Таңдауымыз осында түсті“: Таулардың арасындағы Коробиха қалай жанданып келеді?

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:89
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Шілде 2026 10:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

BaiQymyz 2026 фестивалінде робот ит, Тәртіпбек пен Тазабек қонақтарға түсіндіру жұмысын жүргізді

11 Шілде 2026 15:38see113

Бишімбаев ісінен кейін танымал болған Айжан Аймағанова прокуратурадан кетті

11 Шілде 2026 18:07see113

Байқоңырда Союз МС 29 ғарыш кемесін тасымалдайтын зымыран ұшыру алаңына орнатылды

11 Шілде 2026 12:26see110

Бірінші сыныпқа қабылдау: ата аналар нені білуі керек?

11 Шілде 2026 17:44see110

Вьетнамда туристік катердің апатқа ұшырауынан 15 адам көз жұмды

11 Шілде 2026 21:31see109

Алматыда күмәнді әрекет нашақорды полицияға ұстап берді

12 Шілде 2026 16:58see109

Patriot зымырандарын Украинада өндіру екіталай БАҚ

11 Шілде 2026 12:27see109

Таяу Шығыстағы шиеленіс күшейді: АҚШ пен Иран өзара соққы алмасты

12 Шілде 2026 12:47see109

Президент Қасым Жомарт Тоқаев Сириус Роза Хутор фестиваліне қатысушыларды құттықтады

12 Шілде 2026 12:41see109

Түні бойы босатпай отыр: Берлинде қарулы ер адам әйелді кепілге алған

11 Шілде 2026 13:24see106

Аптаның ең әсерлі фотосуреттері: Reuters ұсынған 6 үздік кадр

12 Шілде 2026 22:09see105

Үкімет Астанаға 16 миллиардтан астам қаражат бөлді олар неге жұмсалады

13 Шілде 2026 09:14see104

Air Astana Дубайға рейстерді уақытша тоқтатады

12 Шілде 2026 20:32see104

Бәрін қазып тастады Астана циркінің маңында не болып жатыр

13 Шілде 2026 09:02see103

Altai Fest: полицейлер Қатонқарағайда 50 мыңнан астам адам жиналған фестивальден үйге аман есен қайтудың тәртібін түсіндірді

12 Шілде 2026 17:59see103

Көкшетауда қазақ әнін үйде тыңдаңдар деп шаштаразда ұрыс шығарған әйел жауапқа тартылды

12 Шілде 2026 09:41see101

Games of the Future 2026: Астанаға 35 елден мыңға жуық спортшы келе жатыр

12 Шілде 2026 11:00see100

АҚШ пен Иран бір бірінің нысандарына соққы бере бастады

12 Шілде 2026 10:05see100

Ресей әскері жаңа Герань 4 дронын көрсетті

11 Шілде 2026 19:41see99

АҚШ Иранға қарсы соққылардың үшінші кезеңін бастағанын мәлімдеді

12 Шілде 2026 11:39see99
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары