Қостанай облысында өгей ұлын пышақтап өлтірген ер адам сотталды
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АЛМАТЫ, 28 тамыз – Sputnik. Қостанай облысының Жітіқара қаласында әйелі мен өгей ұлын пышақтаған ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Сотталушыға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 1-бөлігі, сондай-ақ 99-бабының 2-бөлігінің 10, 13 және 14-тармақтары бойынша айып тағылған.
Оқиға биыл сәуір айында болған. Сотталушы әйелімен жанжалдасып, оған пышақ сұққан. Сол кезде араға оның жасөспірім өгей ұлы түскен. Ер адам жасөспірімнің кеуде тұсына пышақ сұққан. Жасөспірім алған жарақатынан көз жұмған.
Одан кейін ер адам әйеліне қайта тап берген. Алайда жәбірленушіні оның ағасы құтқарып қалған.
Мемлекеттік айыптаушы сотталушыны 22 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал жәбірленушілер оны өмір бойына бас бостандығынан айыруды талап етті.
Сотта сотталушы өзіне тағылған айыпты мойындап, жәбірленушілерден кешірім сұрады. Қылмыс жасаған кезде ер адамның мас болғаны анықталды.
Сот үкімімен ол 23 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:29
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Тамыз 2026 14:42 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















