Шымкенттіктер қаланың шеткі аумағын қоқыстан тазартты
Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Шымкенттіктер «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсенді атсалысып келеді. Бүгін «Жиделі» шағын ауданының тұрғындары коммуналдық қызмет өкілдерімен бірлесіп тазалық жұмыстарын жүргізді.
Мұнда қураған ағаштар мен қоқыс жиналып, жаяу жүргіншілер жолы тазартылды. «Жиделі» шағынауданы экологиялық белсенділігімен ғана емес, тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануымен де ерекшеленеді. Ішімдіктен бас тартқан шағын ауданда қазір 4 мыңға тарта тұрғын бар. Олар үшін экоакцияға қатысу – науқан емес, экологиялық мәдениетті қалыптастырып, жастарға үлгі көрсету.
Орынша Тәжібаева, қала тұрғыны:
- Тазалықтың адам өміріне көп көмектесетіні – аурудан сақтайды, еліміздің көркеюіне, дамуына, жастарымызға үлгі, өсиет, насихат қалдыруымызға, таза боп тұруымызға, адамның өмірінің кепілі ғой. Тазалықты өзімізге дәстүр қылып алғанбыз. Бізде бұл айына 3-4 рет өтіп тұрады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:110
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Қаңтар 2026 14:56 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















