Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Кеңейтілген құрамда кездесті

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Шопандар сарышұнақ аязда асау түйелерді үйретті шетелдегі қазақ баспасөзі

Шопандар сарышұнақ аязда асау түйелерді үйретті шетелдегі қазақ баспасөзі

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Адам пішінді роботтар бір жылда нені меңгерді – CNR

Соңғы бір жыл ішінде адам пішінді роботтар таңғаларлық деңгейде дамыды. 2025 жылы «тұлғалық зерделу» болашағы зор кәсіп ретінде танылып, Қытайдың «15-ші бесжылдық» стратегиялық даму жоспарына енгізілді, деп хабарлайды Қытайдың «Орталық халық радиосы». 

Фото: CNR

Аталған БАҚ-тың келтірген мәліметке сүйенсек, қарапайым тілмен айтқанда, тұлғалық зерделеу – жасанды зерденің тек ойлаумен шектелмей, тұтас дене жүйесі арқылы әрекет ете алуы. Яғни робот қоршаған ортаны сезініп, үйреніп, сол білімін нақты іс-қимылда қолданады.

Атап айтқанда, 2025 жылы адам пішінді роботтар көктем мерекесіне арналған сахналық қойылымдарда өнер көрсетті, марафон жарыстарына қатысты, мектептер мен зауыттарда тәжірибелік қолданысқа енді. Олар қозғалысты, тепе-теңдікті, адаммен өзара әрекеттесуді біртіндеп меңгеріп келеді.

Соған сәйкес, Ханчжоудан Шэньчжэньге, Шанхайдан Бейжіңге дейін робот жасау және робототехникамен айналысатын ғылыми-зерттеу орталықтары мен үйірмелер қарқынды дамып, жаңа технологиялық бағыттардың негізін қалап отыр.

Сондай-ақ осы аптада «CNR» басылымында «2025 жылы Қорғас халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы арқылы шекарадан кіріп-шығушылар саны 9 миллион 991 мың адамға жетті» деген тақырыптағы ақпарат жарық көрді.

Фото: CNR

Қытайлық басылымның дерегінше, Қорғас халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы кеденінің 7 қаңтардағы мәліметіне сәйкес, 2025 жылы аталған орталық арқылы өткен жолаушылардың жалпы саны 9 миллион 991 мың адамды құрады. Ал шекара арқылы өткізілген тауар мен жүк көлемі 5 миллион 238 мың данаға жеткен.

Бұл көрсеткіштер өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, жолаушылар саны бойынша 33,3 пайызға, ал тауар мен жүк көлемі 55,1 пайызға артқан. Осылайша, адам саны мен жүк айналымы бойынша Қорғас халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы тарихындағы ең жоғары деңгей тіркелді.

2025 жылы Өзбекстан өз өнімдерін 131 елге экспорттады – ӨзА

2025 жылы Өзбекстанның экспорт көлемі 33,4 млрд АҚШ долларына жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 23 пайызға артты. Ал 2026 жылға арналған экспорттық болжам 40 млрд долларды құрайды, бұл көрсеткіш 55 пайыздық өсімге тең, деп жазады «ӨзА».

Фото: ӨзА

Хабарламада айтылғандай, инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің мәліметінше, Өзбекстан экспортының географиясы 131 мемлекетті қамтыды.

Экспорт көлемінің артуы, ең алдымен, жаңа бағыттардың есебінен қамтамасыз етілді. Атап айтқанда, IT-қызметтер (940 млн доллар), туризм (5 млрд доллар), сондай-ақ азық-түлік өнімдері мен құрылыс материалдары (әрқайсысы 1,1 млрд доллар) экспорттың негізгі драйверлеріне айналды.

«Бұл бағыттар экспорт құрылымының тұрақты кеңеюі мен әртараптандырылуын қамтамасыз етіп келеді», – делінген министрлік хабарламасында.

Иранның оңтүстік-батысынан жартас суреттері табылды - Eurasia Today

Eurasia Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран тауларында антикалық Элимея (Элимаида) мемлекеті өмір сүрген кезеңде қашалған жартас суреттері табылды.

Келтірілген деректерге сүйенсек, Элимея мемлекеті біздің заманымызға дейінгі II ғасырдан бастап, біздің заманымыздың III ғасырына дейін қазіргі Иранның оңтүстік-батысында орналасты.

Фото: Eurasia Today

Бұл аймақты садақ атуға шебер, жаужүрек элимейліктер мекендеді. Табылған жартас суреттері ғалымдарға осы халықтың діни және ғұрыптық жүйесін түсінуге көмектесуі мүмкін.

Ежелгі суретші тасқа өлшемі 70-тен 81 сантиметрге дейінгі трапеция тәрізді жақтауды ойып, оның ішінде үш фигураны бейнелеген. Олардың бірі — оң қолына үлкен дөңгелек затты, мүмкін сойыл көтеріп тұрған ірі денелі адам. Ол сол қолымен ортада тұрған фигураның – үш басы бар жылан тәрізді тіршілік иесінің тамағын қысып тұр. Үшінші фигура діни қызметкерге ұқсайды.

Мамандардың айтуы бойынша, элимейлік жартас суреттерінің ғылыми құндылығы өте жоғары.

Шопандар сарышұнақ аязда асау түйелерді жуасытты - Халық газеті

2026 жылы 8 қаңтар күні Ішкі Моңғол автономиялық өлкесі Силиньгол өңіріне қарасты Учжумусинь елдімекенінде қыс маусымындағы дәстүрлі түйе мәдениеті іс-шарасын өткізді, деп жазады Халық газеті.

Аталған басылымның мәліметінше, ол күні Учжумусинь өңіріндегі температура -30℃-ден төмен түсіп, аяз тұрды. 10 шақты топтан тұратын шопандар сақылдаған сарышұнақ аязда түйе жуасыту өнерін көрсетті.

- Түйені қолға үйрету – бап пен дағдыны талап ететін маңызды өнер ғана емес, сонымен қатар дала мәдениетінің даналығын бойына жиған құндылық, деп түйіндейді қытайлық БАҚ.

Сонымен қатар осы аптада «Халық газеті» басылымында «Қытай мен Орталық Азия шөлейттенудің алдын алу және бақылау саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуде» деген ақпарат жарық көрді. 

Қытайлық БАҚ-тың мәліметінше, Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы экологиялық ынтымақтастықты тереңдету және шөлейттенудің алдын алу, бақылау жөніндегі Қытай – Орталық Азия ынтымақтастық орталығының жоғары деңгейдегі жұмысына жәрдемдесу мақсатында Орталық делегациясы өз жұмысын бастаған.

Делегация жақында Өзбекстан, Қазақстан, Тәжікстан және Қырғызстанға барып, шөлейттенуге қарсы күрес бойынша пікір алмасу және зерттеулер жүргізіп, оң жетістіктерге қол жеткізді.

Келтірілген деректерге сүйенсек, делегация төрт елдің экологиялық ортасы, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы және басқа ведомстволарының басшыларымен жоғары деңгейде диалог жүргізіп, Қытайдың экологиялық өркениет құрылысының тұжырымдамасымен және тәжірибесімен бөліскен. Әсіресе, Нинсяның құмды бақылау және экология саласындағы тәжірибесіне баса назар аударылды. Тараптар шөлейттенудің алдын алу және бақылау, орман өртінен сақтану және тұзды-сілтілі жерлерді басқару сияқты мәселелер бойынша жан-жақты кеңестер өткізіп, ынтымақтастық туралы алдын ала консенсусқа қол жеткізді.

Сапар барысында делегация Өзбекстанның тұзды өсімдіктер бағы, Қазақстанның Астаналық экологиялық тосқауыл белдеуі, Қырғызстанның орман өсіру аймағы сияқты жобалар бойынша жергілікті жерлерде зерттеулер жүргізген.

Арықтататын инъекциялар өлімге әкелуі мүмкін – TRT

«Instagram», «TikTok» және басқа барлық жерде осы инъекцияларға қатысты видео, пікір, ұсыныстарды көреміз. «Тез арықта!», «Ғажайып шешім!», «Бар болғаны бір ине!».

Ал шындығында бұл не? Бұл инъекциялар расымен ғажайып па, әлде ішінде жасырын қауіп бар ма? 

«TRT» басылымы осы аптада бұл сұраққа жауап іздеп, Анкара оқыту және зерттеу ауруханасының эндокринология және зат алмасу аурулары жөніндегі маманы, профессор Мұстафа Алтайдың түсіндірмелерін алып, бірнеше тақырып бойынша тоқталған. Атап айтқанда «арықтататын инъекция деген не?», «бұл инъекцияны кімдер қолдана алады?», «жанама әсерлерге тоқталайық» және «жалған дәрілер өлімге апарады» деген тақырыптарды талдаған.

Сондай-ақ осы аптада TRT басылымында «Көрінбейтін қауіп: Темекінің қоршаған ортаға әсері» атты шағын мақала жарық көрді.

Фото: Reuters

Аталған БАҚ-тың дерегінше, әлем бойынша жыл сайын табиғатқа тасталатын миллиардтаған темекі қалдығы зиянсыз қоқыс сияқты көрінгенімен, шын мәнінде ең қауіпті пластик қалдықтарының бірі. Фильтрлерінде қолданылатын химиялық заттар топырақты және су көздерін ластап, экожүйеге ұзақ жылға созылатын залал келтіреді.

Ең ойлантатыны көп адам білмеуі мүмкін, бірақ бұл қалдықтар табиғатта ондаған жыл бойы ыдырамайды.

«TRT»-ның мәліметінше, мәселе тек қалдықтармен шектелмейді. Темекі түтінінің газдары ашық не жабық кеңістікке қарамай ауаны ластап, қаланың таза ауасын азайтады.

Әсіресе халық тығыз шоғырланған аймақтарда анық байқалатын бұл ластану бүкіл экожүйенің тынысын тарылтады. Қысқасы, темекі – тек денсаулық мәселесі емес. Темекі – ауадан суға, топырақтан тірі организмдерге дейін сан түрлі қырдан жердің болашағына қауіп төндіретін экологиялық дағдарыс.

Бұл көрінбейтін қауіп туралы Стамбул Техникалық Университетінен доцент доктор Бөрте Көсе Мутлу айтып берген.

Сонымен қатар түркиялық басылым темекі – тек денсаулық мәселесі ғана емес, өте маңызды экологиялық мәселе екендігін айта келіп, темекінің қоршаған ортаға қалай зиян келтіретініне кеңінен тоқталған.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:203
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Қаңтар 2026 12:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see142

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see138

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see137

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see135

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see133

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see133

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see131

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see127

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see126

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see125

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see125

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see125

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see123

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see123

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see122

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see121

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see120

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see119

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see118

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары