Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Ынтымақтастықты жандандырған жол

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Сауда серіктестігіне серпін

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

Ішкі туризмді қалай қолжетімді әрі сапалы етуге болады Байжанов байламы

Ішкі туризмді қалай қолжетімді әрі сапалы етуге болады Байжанов байламы

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Нұрбол Байжановтың айтуынша, жалпы Қазақстанда стратегиялық құжат — 2023–2029 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының туристік саласын дамыту тұжырымдамасы бар.

Ол 2023 жылдың наурызда қабылданған және қазіргі уақыттағы жұмыс осы құжат аясында жүргізіліп жатыр.

— Бұрын мемлекеттік бағдарламаларда кластерлік тәсіл мен басым 10 туристік бағытқа көп көңіл бөлінсе, ал 2024 жылдан бастап Президенттің тапсырмасына сәйкес біз үш негізгі бағытқа назар аударып отырмыз — Алматы, Маңғыстау және Бурабай. Қазір жұмыс дәл осы бағыттар бойынша жүргізіліп жатыр, — деді сарапшы.

Оның түсіндіруінше, бұған дейін 2019 жылы қабылданған туризмді дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстанда басым 10 үздік бағыт айқындалған болатын. Бұл ретте бағдарлама аясында жүзеге асырылған шаралар да тиімділігін көрсетті. Дәл осы үш бағыт бойынша ішкі және кірме туризм тарапынан ең жоғары сұраныс байқалады.

— Сонымен қатар 2024 жылы Мемлекет басшысының төрағалығымен туризм мәселелері бойынша жеке кеңес өтіп, оның қорытындысында осы үш бағытқа басымдық беру тапсырылды. Осыған байланысты үкімет Маңғыстау курорттық аймағын, Щучье-Бурабай курорттық аймағын (Бурабай), сондай-ақ Алматы қаласы мен Алматы облысын қамтитын Алматы тау кластерін дамыту бойынша кешенді шаралар қабылдады. Үш кешенді жоспар бекітіліп, олардың аясында жұмыс басталды, — деді ол.

Инфрақұрылым қалай дамып келеді

Сарапшының айтуынша, барлық стратегиялық құжатта және тұжырымдамада көрсетілген негізгі мәселе — инфрақұрылым. Көлік қолжетімділігінсіз одан әрі даму мүмкін емес.

— Ең алдымен көлік қолжетімділігі жайында сөз болып отыр. Бұл — жолдар, әуе және теміржол бағыттары, сондай-ақ басқа да құрамдас бөліктер. Инфрақұрылым мәселесін біз әкімдіктермен бірлесіп бақылауда ұстап отырмыз. Алайда ол бірнеше кезеңді қамтиды: алдымен жобалау, кейін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу, одан соң бюджетін пысықтау. Мұның бәрі қомақты қаражатты талап етеді, көбіне қымбаттаумен, мердігерлердің жауапкершілігіне қатысты мәселелермен қатар жүреді. Соның салдарынан үдерістер ұзаққа созылуы мүмкін, — деді сарапшы.

Бұл ретте инфрақұрылым жолдармен ғана шектелмейді. Сөз су және электрмен жабдықтау, инженерлік желілер жайында болып отыр. Кей жерлерде көпірлер мен жағалауды бекіту қажет. Ал кей жерлерде кәріз және су бұру жүйелері жоқ, қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигондар салу керек.

Мұнан бөлек, қауіпсіздік мәселесі де маңызды. Әсіресе курорттық аймақтарда өрт сөндіру деполарын салу қажет. Сондай-ақ қосымша назарды талап ететін басқа да бағыттар бар.

— Инфрақұрылым бойынша айтар болсақ, бұл бағыттағы жұмыс кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр. Мысалы, 2012–2013 жылдары Щучье-Бурабай курорттық аймағында инфрақұрылымды дамыту мәселесі өте өзекті болды. Сол кезде оны дамыту жоспарының үш кезеңі қарастырылып, әр кезеңде инфрақұрылымға ерекше көңіл бөлінді, — деді ол.

Оның айтуынша, бұл мәселелер кезең-кезеңімен шешіліп, бүгінде қалыптасқан курорттық аймақты көруге болады. Егер Щучье-Бурабай аймағына қатысты соңғы кешенді жоспарды қарастырсақ, онда қазір негізгі назар жұмыс істеп тұрған курорттың жүктемесін азайтуға және оның мүмкіндіктерін кеңейту арқылы инфрақұрылымды дамытуға аударылған.

Фото: видеодан алынған скрин

— Сөз көлік жүктемесін азайту, қосымша автотұрақтар салу, сондай-ақ туристік ағынды қайта бөлу арқылы танымал көлдерге түсетін жүктемені төмендету жайында болып отыр. Атап айтқанда, Үлкен және Кіші Шабақты, Қотыркөл, Жөкей көлдерінің маңындағы жаңа локацияларды дамыту жоспарлануда. Ол үшін жолдарды дамыту, электр және су жүйелерін тарту, бизнес пен демалушыларға жағдай жасау қажет, — деп түсіндірді спикер.

Ол жаңа кешенді жоспарда аумақты одан ары кеңейту мен дамыту, жүктемені қайта бөлу, сондай-ақ туристік өнімдерді дамыту шаралары қарастырылғанын айтты. Нақты айтқанда, веложолдарды, туристік соқпақтар мен бағыттарды кеңейту — қосымша шамамен 10 жаңа бағытты абаттандыру жоспарланған.

Сонымен қатар, бақылау алаңдарын салу бойынша жұмыстар жүргізілген. Өткен жылы осындай сегіз нысан ашылды. Автотұрақтарды ұйымдастыру мәселесі де шешіліп, төртеуі пайдалануға берілді. Заманауи шешімдерге де ерекше назар аударылып отыр. Мәселен, туристік бағыттарды геймификациялау және аудиогидтер енгізу пилоттық түрде қарастырылып жатыр. Бұл оларды келушілер үшін ыңғайлы әрі тартымды етеді.

Бұған дейін 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның туризм саласы негізгі көрсеткіштер бойынша тұрақты өсім көрсеткенін жазған едік.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:159
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Сәуір 2026 22:46
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see159

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see145

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see143

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see137

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see137

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see137

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see136

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see135

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see135

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see134

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see134

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see133

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see133

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see133

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see133

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see132

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see132

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see132

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

08 Қазан 2026 21:27see132

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

08 Қазан 2026 19:31see131
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары