Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Кеңейтілген құрамда кездесті

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Елде қылмыс жыл басынан бері 9% ға төмендеді

Елде қылмыс жыл басынан бері 9% ға төмендеді

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Жұмыстың негізгі бағыты ретінде конституциялық деңгейде бекітілген «Заң мен Тәртіп» қағидаты айқындалды. Мемлекет басшысының сөздеріне сүйене отырып, Ішкі істер министрі Ержан Саденов Заң мен Тәртіп идеологиясы қоғамның барлық саласында негізгі басымдыққа айналуы тиіс екенін жеткізді. Бұл құқықтық сананы нығайтуды және заңды бұлжытпай сақтауды талап етеді.

Аталған кезеңде өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қылмыс деңгейі 9%-ға немесе 2150 қылмысқа азайған. Қылмыстың төмендеуі барлық негізгі санаттар бойынша байқалады. Бұрын сотты болғандармен, кәмелетке толмағандармен, мас күйінде, қоғамдық орындарда және тұрмыста жасалатын құқықбұзушылықтар саны төмендеген. Сонымен қатар барлық санаттағы қылмыстың ашылу деңгейі артқан.

Интернет-алаяқтық фактілері де азайған. Қылмыстың бұл түрі бойынша ашылу көрсеткіші артты. Аккаунттарды бұзу, криптовалюталар, онлайн-қарыздар және жалған интернет-ресурстарға байланысты алаяқтықтар саны қысқарған.

3,6 млн астам әкімшілік құқықбұзушылықтың жолы кесілді, бұл олардың ауыр қылмыстарға ұласуының алдын алуға мүмкіндік берді. «Таза Қазақстан» қағидаты аясында 722 мыңнан астам құқықбұзушылық анықталып, 3 мыңнан астам заңсыз қоқыс орындары жойылды.

Жол қауіпсіздігі саласында 3 млн астам жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі тоқтатылып, бұл жол-көлік оқиғаларында қаза тапқандар мен жарақат алғандардың санын азайтуға ықпал етті.

Ведомство басшысы барлық мемлекеттік органдар мен қоғамды тарта отырып, жүйелі профилактикалық жұмысты күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ барлық бағыттар бойынша жасанды интеллект элементтерін енгізу, цифрлық құралдарды одан әрі дамыту қажеттігі атап өтілді.

Бұрынғы жылдары жасалған қылмыстарды қоса алғанда, жалпы қылмыстарды ашу деңгейін арттыру, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру сапасын жақсарту және жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеуді қамтамасыз ету міндеті қойылды.

Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, қылмыстық істерді тергеуде созбалаңдыққа жол бермеуге, халықтың барлық өтініштері мен шағымдарына жедел әрекет етуге ерекше назар аударылды.

Ауыл тұрғындары үшін негізгі табыс көзі болып табылатын мал шаруашылығын сақтау тұрғысынан мал ұрлығына қарсы күресті күшейту тапсырылды.

Сондай-ақ министр көші-қон бақылауын, қылмыстық-атқару жүйесін, ведомстволық білім беруді дамыту және Ұлттық ұланның әлеуетін арттыру бағытындағы жұмысты күшейтуді талап етті.

Одан бөлек, қызметтік-әскери тәртіпті нығайту, жауынгерлік және дене дайындығы деңгейін арттыру басым бағыт ретінде айқындалды. Жеке құрамға бақылауды күшейтіп, әрбір құқықбұзушылық фактісіне принципті баға беру және жауапкершіліктен бұлтартпауды қамтамасыз ету тапсырылды.

Отырыста аумақтық бөліністер мен орталық аппарат қызметтері басшыларының есептері тыңдалды. Анықталған кемшіліктер көрсетіліп, оларды жедел жою және елдегі құқықтық тәртіпті нығайту, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша нақты шаралар қабылдау міндеті қойылды.

Қызметтік тәртіптің жай-күйі мен атқарылған жұмыстардың нәтижелері үшін басшылардың жеке жауапкершілігі ерекше атап өтілді.

Айта кетелік Алматыдағы элиталық клубта есірткі сату дерегі әшкереленді. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:178
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Сәуір 2026 21:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see140

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see136

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see134

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see132

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see131

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see129

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see128

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see124

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see124

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see123

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see123

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see122

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see121

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see121

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see118

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see118

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see117

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see117

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see116

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары