Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Қазақстанның алғашқы Құрылтайының үш вице спикері аталды

​Атырауда үздік оқушылар, ұстаздар және мектептер анықталды

​Алматы облысында 21 жастағы қыздың денесі табылды: іс “өзін өзі өлтіруге жеткізу” бабы бойынша тергелуде

Атыраудағы бекіре зауытын жаңғырту қарқынын арттыру тапсырылды

​Қазақстанда студенттердің шәкіртақысын екі есеге көбейтпекші

Түркиядағы Эгей теңізінде жер сілкінді

Шұбаркөл көмірі: негізгі басымдық ішкі нарық

Шұбаркөл көмірі: негізгі басымдық ішкі нарық

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Биыл әйгілі көмір кенішіне 40 жыл толып отыр. Қазір алып кен орнынан өндірілген отын еліміздің көмірге деген сұранысын толық қамтамасыз етіп отыр ма,  Шұбаркөл көмірі тағы қайда жөнелтіліп жатыр, биылғы өндірілген көмір қоры жылыту маусымына жете ме? Осы сауалдар төңірегінде кәсіпорын басшысы Сергей Киммен әңгімелестік.

– Сергей Павлович, сіз басқарып отырған кәсіпорын өндіріс көлемі бойынша рекордтық көрсеткішке жеткенін естіп жатырмыз. Мұндай жетістік үлкен еңбек пен ерік-жігерді қажет ететіні сөзсіз. Сонымен қатар ұжымды бір мақсатқа жұмылдырудың да өзіндік бір сыры бар шығар... 

– Иә. «Шұбаркөл көмір» АҚ биыл қазан айында тарихи рекорд орнатты. Жалпы, кәсіпорын – 1 573 мың тонна, ал «Батыс» разрезі 997 мың тонна көмір өндірді. Өнімді жөнелтуден де рекорд қойып, 1 528 мың тонна тиеп жөнелттік. Мұның ішінде жеке автокөліктермен жөнелтілген көмір де бар. Тәулігіне орта есеппен 676 вагонға көмір тиеп, жөнелтіп тұрдық. Мұндай нәтижеге ұжым «бір жеңнен қол шығарып», «жұ­дырықтай жұмыла» кіріскен жағдайда ғана жететінін белгілі. Өндіріс, логистика, жалпы барлық құрылым түгел барын салды. Қажырлы еңбектің ерен үлгісін көрсете білді.

– Жалпы, өндірістің жылдық өндіру қуаты қанша? Биылғы жылыту маусымы басталып та кетті. Қысқа жеткілікті көмір қоры бар ма?

– Шетелдік нарыққа және ішкі на­рықтағы коммуналдық-тұрмыстық сұранысқа қажет көмірдің екі бөлек екенін айта кеткен жөн. Еліміздегі коммуналдық тұрмыстық қажеттілікке 1 тонна көмір өндірсек, оны өндіру барысында 0-50 фракциялы 2 тонна көмір шығады. Отандық тұтынушылар мұндай 0-50 мм (ұсақ сұрыпты) көмірді мүл­дем алмайды. Біздің коммуналдық тұр­мыстық саламызға ірі 0-300 фракциялы және 50-300 сұрыпты көмір керек. Сұранысқа ие болмай қалған ұсақ фракциялы көмірді біз жыл бойы алыс шетелдерге жөнелтеміз. Ал ішкі нарықтағы тұтынушылар өздеріне қажетті ірі фракциялы көмірге тапсырысты жаздың соңы, күздің басында бере бастайды. 2024 жылмен салыстырғанда биыл сұраныс 284 мың тоннаға төмендеді. Бірақ біздің тұтынушылардың қараша туып, қыс түскенде бәріне шұғыл көмір керек болатыны баяғыдан қалыптасқан әдет десек болады.

– Ішкі нарықта ұсақ сұрыпты көмірге сұраныс жоқ деп отырсыз. Демек, өз елімізде өтпейтін көмір шетелге жөнелтіле ме?

– Иә, солай. Көмірді коммуналдық тұрмыстық қажеттіліктерге сұрыптаған кезде, екінші өнім – 0-50 мм фракциялы көмір алынады. Қазақстанның ішкі нарығында бұл өнімді ешкім алмайды. Сондықтан ол түгелдей экспортқа ба­ғытталады. Тіпті, жылыту маусымында ішкі нарықты ірілеу көмірмен қамтамасыз ету үшін біз осындай ұсақ көмір өндіруге мәжбүрміз.

– Халық қазір бұрынғыдай тіршілік қамын уақытылы қамдамайтын секілді. Жаңа бір сөзіңізде жазда көмірге сұраныс төмен болады дедіңіз. Тапсырыс көлемінің азаюынан көмір өндірісіне қандай да бір кедергі бола ма?

 – Өкінішке қарай, ондай мәселе бар. Мысалы, біз жаңа айтқан коммуналдық тұрмыстық қажеттіліктерге арналған көмірді мамыр мен қыркүйек аралығында 1 525 мың тоннасын жөнелтуді жоспарлаған едік. Іс жүзінде тек 1 089 мың тонна жөнелтілді. Жоспар мен нақты тапсырыс арасындағы айырма – 334 мың тонна көмір. Тіпті, 2024 жылғы көрсеткіштен 300 мың тонна аз. «Қыстың қамын жаз ойла» дегенді ұқтыра алмай-ақ қойдық. Біздің тұтынушылар жазда басқа шаруалармен айналысады. Күн суытып, қыс түскенде бәрі көмір іздеп шабылады. Содан, жоқ жерден көмірге қатысты ешкімге керексіз дүрбелең туын­дайды. Оның үстіне, газбен қамтамасыз ету бағдарламалары тиянақты іске асыры­лып, ел аумағында коммуналдық тұрмыс­тық көмірге деген сұраныс төмендеп ба­ра­ды. Мысалы, 2021-2025 жылдар аралығында осы коммуналдық тұрмыстық қажеттілік­терге арналған көмірге сұраныс 11 млн тоннадан 7,6 млн тоннаға дейін кеміп, 31% азайды. Оның үстіне, экспорт қызметіне лицензиялау енгізіліп, көмір өндірмейтін компаниялардың көмірді шетелге шыға­руына салынған тыйым да коммунал­дық тұрмыстық қа­жеттіліктерге керек көмір көлемін айтар­лықтай азайтты. 

Дегенмен көмірге уақытылы тапсырыс беру, ертерек жеткізіп алу мәселелері об­лыстық әкімдіктердегі іскерлік кездесулерде жиі талқыланады. Энергетика министрлігі қыркүйек айынан бастап, тіпті күнделікті жиындарда бақылап, қайталап ескертіп отыр. Қазіргі күні коммуналдық тұрмыстық қажеттіліктерге керекті көмір жеткілікті екенін нақыт айтқым келеді. Мұнда тек сұраныс күрт артқан тұстағы логистика мәселелері ғана туындауы мүмкін.

– Сергей Павлович, сіз басқарып отырған кәсіпорынның жалпы көмір жеткізілімде­рі­не кері әсер етуі мүмкін түйткілді мәселе­лер бар ма?

– Біз өндіріс жоспарларын түзген кезде 2 мәселеге жете мән береміз. Біріншісі – өндіріс мүмкіндіктері, екіншісі – «ҚТЖ» ҰК» АҚ магистралды желілері мен Қызылжар және Шұбаркөл станцияларының темір жолдарындағы өткізу қабілеті. Қазір біз коммуналдық тұрмыстық қажеттіліктерге керекті көмірге түскен барлық тапсырыстарды түгел қабылдап жатырмыз. Алайда, осындай қарбалас кезінде кейде логистика қызметінің жұмысы қиындап кетуі әбден мүмкін. Тасымалдау, жеткізу қызметінде іркілістердің болуы секілді мәселелер туындайтын жағдайлар кездеседі.

– Мұндай қарбалас уақытта жағдайды қалай түзетуге болады? Сіздің ойыңызша, көмірді жөнелтуде ешбір қиындықтар туындамас үшін қандай шешім қабылдаған дұрыс? 

– Жұмыс жүрген жерде түйткілді мә­селелердің туындауы қалыпты деп санаймын. Бастысы, оларды уақытылы шешіп отыру керек. Егер коммуналдық тұрмыстық көмірді тұтынушылар жыл бойы теңгерімді алып отырса, күрт тапшылық пен аяқасты вагон жетіспеушілігі, жылыту маусымы басындағы дүрбелеңдер туындамас еді. Мұндай жағдайда теміржол, логистикаға жүктеме біркелкі бөлініп, өндірістік жоспарлардың орындалу тиімділігі де артар еді. Осы орайда барша тұтыну­шылардан қарашаны күтіп, қарап отыр­май, ертерек көмір алып, алдын ала қамдануды өтінемін. Қазір бірінші кезекте Қа­зақ­станның ішкі нарығын, коммуналдық тұрмыстық секторды ірі фракциялы кө­мірмен қамтамасыз етуге басымдық береміз. «Шұбаркөл көмір» АҚ бұдан әрі де ло­гистиканы жетілдіріп, се­ріктестерімен арадағы байланысты нығайтып, тиімділі­гін арттыру бағытындағы жұмысты жал­ғасты­ра береді. Басты міндет – Қазақстан азаматтарын көмірмен уақытылы, үздіксіз әрі толық көлемде қамту.

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан 

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:119
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қараша 2025 06:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see159

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see148

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see145

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see145

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see145

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see144

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see142

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see142

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see138

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

29 Тамыз 2026 12:10see137

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see135

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

29 Тамыз 2026 23:22see134

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

29 Тамыз 2026 11:04see132

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

29 Тамыз 2026 19:10see132

Қазақстанның алғашқы Құрылтайының үш вице спикері аталды

29 Тамыз 2026 21:13see130

​Атырауда үздік оқушылар, ұстаздар және мектептер анықталды

29 Тамыз 2026 21:14see126

​Алматы облысында 21 жастағы қыздың денесі табылды: іс “өзін өзі өлтіруге жеткізу” бабы бойынша тергелуде

29 Тамыз 2026 21:13see125

Атыраудағы бекіре зауытын жаңғырту қарқынын арттыру тапсырылды

29 Тамыз 2026 21:13see120

​Қазақстанда студенттердің шәкіртақысын екі есеге көбейтпекші

29 Тамыз 2026 21:14see118

Түркиядағы Эгей теңізінде жер сілкінді

30 Тамыз 2026 11:40see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары