Конституцияда адам капиталы негізгі басымдық
Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Солтүстік Қазақстан облысында Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Аида Балаеваның жетекшілігімен «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелері бірқатар кездесу өткізді.
Аталған топ алдымен Петропавлда білім, ғылым және мәдениет саласының қызметкерлерімен кездесті. Іс-шараға Сенат төрағасының орынбасары Ольга Перепечина, Мәжіліс депутаты, «Amanat» партиясы фракциясы жетекшісінің орынбасары Ерлан Саиров, «Қазақстан қоғамдық даму институты» басқарма төрағасы Жұлдызай Ысқақова, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті директорлар кеңесінің төрағасы, Астана қаласы мәслихатының депутаты Талғат Дүйсеков, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті директорлар кеңесінің төрағасы Ғалым Байтоқ және басқалар қатысты.
Жиында Аида Балаева жаңа Конституцияның түпкі философиясы адамға, азаматтардың игілігіне бағдарланғанын атап өтті.
«Жаңа Конституцияда адам капиталы ел дамуының басты басымдығы ретінде айқын белгіленген. Жаңа экономикалық өсу моделінде адам капиталының сапасы, оның кәсіби біліктілігі мен жаһандық бәсекеге қабілеттілігі шешуші рөл атқарады. Ғаламдық экономикалық дағдарыстар мен геосаяси сын-қатерлер күшейген жағдайда елдің тұрақтылығы мен гүлденуі ең алдымен білімді ұлтқа, мықты ғылыми әлеуетке және инновациялық ойлау қабілетіне негізделеді. Осылайша, жаңа кезеңде мемлекеттің дамуындағы басты өлшем – адамның білімі, ғылыми ізденістері мен шығармашылық әлеуеті. Білім, ғылым, мәдениет және инновация салаларына ерекше көңіл бөлінді, ал ұлттық мәдениетті қолдау және тарихи-мәдени мұраны сақтау Конституцияның негізгі қағидаттарына айналды. Конституция жобасында адамға бағытталған тәсіл айқын көрсетілгені және «білім», «ғылым» және «инновациялар» сияқты маңызды құндылықтардың алғаш рет Конституция деңгейінде бекітілгені өте маңызды», деді А.Балаева.
Сенат депутаты Ольга Перепечина Қазақстан жаңа саяси даму кезеңіне қадам басып, бұл реформа қоғамның кең қолдауына ие болып, барлық басқару жүйесін сапалы жаңартуға мүмкіндік ашатынын атап өтті. Оның айтуынша, жаңартылған Конституция білім, ғылым және ұлттың шығармашылық әлеуетін дамытуға құқықтық негіз қалыптастырады.
«Ата заң жобасында мемлекеттік оқу орындарында тегін бастауыш және орта білім алуға кепілдік береді. Бірақ білім сапасы маңызды. Білім ғылымның, инновациялардың және адам капиталының негізі ретінде қарастырылады. Ғаламдық бәсекелестікте білім жеңеді. Сондықтан мемлекет мұғалімдерді қолдауға, оқу бағдарламаларын жаңартуға, цифрлық сауатты, сыни ойлауды және жастардың шығармашылық дағдыларын дамытуға мүдделі», деді О.Перепечина.
Ерлан Саиров елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалар демократиялық институттарды нығайтуға және қоғамдық сананы дамытуға бағытталғанын айтты. Ол жаңа Конституция жобасы Қазақстанның саяси жүйесін ХХІ ғасырдың талаптарына бейімдеу жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті.
Отырыста Жұлдызай Ысқақова жаңа Конституция жобасы заманауи қоғамдық және құндылық бағдарларды көрсететінін айтты. Оның айтуынша, бұл құжат нағыз қоғамдық келісімшарт ретінде қалыптасып, қоғамның бірлігі мен консенсусы негізінде жасалмақ.
Бұдан соң жалпыұлттық коалиция мүшелері «Петропавл электротехникалық зауытының» еңбек ұжымымен кездесіп, Ата заң жобасын түсіндірді. Жиында жаңа Конституция жобасы мен алдағы референдумға қатысты елеулі пікірлер айтылды.
Аида Балаева заманауи өндіріс үшін цифрландырудың, экологиялық жауапкершіліктің және адам капиталын дамытудың маңызына тоқталып, аталған басымдықтар жаңа Конституция жобасында көрініс тапқанын жеткізді.
«Бұл адам үшін де, өндіріс үшін де маңызды. Себебі деректер қауіпсіздігі, үдерістердің тұрақтылығы мен сенім күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Қазіргі заманғы зауыт үшін цифрландыру мен автоматтандыру – тек тиімділік емес, сондай-ақ жауапкершілік, технологиялық үдерістерді қорғау, басқарушылық, сенім мен сапаның кепілі. Табиғатқа жанашырлық, еңбек қауіпсіздігі мен өндірістік стандарттарды сақтау да айрықша мәнге ие. Қазіргі экономика технологиялық дамуды және экологиялық жауапкершілікті талап етеді. Конституцияда бекітілетін құндылықтар ортақ бағдарды айқындайды. Қарқынды даму заманында да адам құрмет көрсетуі, заң мен тәртіпке адал болу және болашақ алдындағы жауапкершілікті сезінуі қажет. Сонымен қатар адам капиталы – білімді, ғылымды, инновацияларды дамыту басымдығы ерекше аталып өткен. Электртехникалық сала үшін бұл қағидаттардың мәні зор. Заманауи өндіріс құзыреттілікке, инженерлік ойлауға және сапа мәдениетіне сүйенеді», деді вице-премьер.
Мәжіліс депутаты, Ерлан Саиров жаңа Конституцияның негізгі ерекшеліктерінің бірі – оның мемлекеттік тілде, яғни қазақ тілінде жазылғанын, сондай-ақ дәстүрлі мәдениетті сақтау мен ұлттық құндылықтарды қорғау туралы нақты нормаларды қамтитынын сөз етті.
«Қазақта «Елу жылда ел жаңа» деген нақыл бар. Кейінгі жылдары елде түбегейлі өзгерістер жүргізіліп, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект дәуіріне қадам бастық. Сондықтан жаңа Конституцияға XXI ғасырдың заманауи үрдістері мен бағыттары енгізілді. Сонымен қатар мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелері толық сақталады», деді депутат.
«Зенченко и К» директоры Геннадий Зенченко жүргізіліп жатқан реформаларға еңбек ұжымдарының белсенді қатысуының маңызына тоқталып, елдегі өзгерістер азаматтардың сұраныстарына тікелей байланысты екенін айтты.
Кездесу соңында зауыт қызметкерлері сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді. Сондай-ақ референдум әрбір азаматқа ел болашағына өз үлесін қосуға мүмкіндік беретін маңызды қадам екені атап өтілді. Әр азаматтың өз ұстанымын білдіруі қоғамдық жауапкершілікті арттырып, мемлекетіміздің дамуына оң әсерін тигізері анық.
Сонымен қатар жалпыұлттық коалиция мүшелері Петропавлдағы «Qyzyljar сreative сenter»-де жастармен және волонтерлермен кездесті. Онда Аида Балаева елдің жаңа даму моделінде креативті индустриялардың маңызын сөз етіп, бұл бағыттағы басымдықтар құжатта көрініс тапқанын айтты.
«Креативті индустрияны дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Бұл саланы Мемлекет басшысы жіті бақылап отыр. Аталған бағыт жаңа Конституция жобасында да көрсетілген. Ата заң деңгейінде зияткерлік меншікті қорғау бекітілген. Бұл – креативті индустрияны дербес және экономикалық тұрғыдан маңызды сектор ретінде қарастыруға болады деген сөз. Сонымен қатар бұл кездесудің «Qyzyljar сreative сenter»-де ұйымдастырылуы да бекер емес. Қызылжардағы орталық – Қазақстандағы алғашқы креативті хабтардың бірі. Жалпы, білім, ғылым, мәдениет және инновация мемлекеттік саясаттың өзегіне айналып, жаңа Конституция ел дамуының жаңа моделін бекітпек. Мемлекет адам капиталы мен азаматтардың интеллектуалдық әлеуетін стратегиялық басымдық ретінде айқындайды», деді вице-премьер.
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ерік Жолжақсынов жаңа Конституцияның тарихи құндылықтар мен елдің болашақ даму бағыттарын бейнелейтінін атап, жастардың осы үдерістегі ерекше рөлін атап өтті. Ал «JastarRuhy» жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандерова жастар мен волонтерлік қозғалыстың қоғамдық үдерістердегі белсенді рөлін сөз етті.
Кездесу соңында қатысушылар жастардың қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысуының маңызын талқылады. Сонымен қатар референдумдағы таңдау елдің әділ және прогрессивті болашағын қалыптастыруға үлес қосатынына сенім білдірді.
Осы күні «Зеленый Север» жылыжай кешенінің еңбек ұжымымен де кездесу өтті. Жиында А.Балаева жаңа Конституцияның еңбек ұжымдары үшін тікелей практикалық маңызы бар негізгі ережелеріне тоқталды. Премьер-министрдің орынбасары құжатта тұрақты әрі экологияға жауапкершілікпен қарауға бағытталған әлеуметтік кепілдіктер мен жауапкершілік мәселесі айқын бекітілгенін атап өтті.
«Еңбек ұжымы үшін Конституцияның мәні нақты әрі түсінікті. Жобада әр азаматтың еңбек етуге, қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай еңбек жағдайын талап етуге және еңбекақы алуға құқығы бекітілген. Бұл – өте маңызды кепілдіктер. Себебі еңбек адамына деген құрмет жай ғана ұран емес, қоғам өмірінің ажырамас қағидасына айналуы керек. Аграрлық және жылыжай өндірісі үшін айрықша мәнге ие тағы бір мәселе бар. Конституцияда табиғатқа жанашырлықпен қарау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және келешек алдындағы жауапкершілік секілді құндылықтар көрініс табады. Демек, даму жауапкершілікпен қатар жүруі қажет. Адамға, заң мен тәртіпке құрметпен қарап, болашаққа қамқорлық жасау – басты ұстаным болуға тиіс», деді А.Балаева.
Жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылауды жалғастыра отырып, «М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» Директорлар кеңесінің төрағасы Ғалым Байтоқ әлеуметтік сала бойынша ой қозғады. Оның айтуынша, Қазақстанның әлеуметтік мемлекет ретіндегі мәртебесін сақтау, сондай-ақ отбасы, ана мен бала және мұқтаж азаматтарды қолдау қағидаттарын бекіту жаңартылған Конституцияның басты бағдарларының бірі болып қала береді.
Кездесу соңында қатысушылар Конституция жобасындағы негізгі ережелердің тәжірибелік мәніне тоқталып, әр азаматтың жаңа Конституциямен жеке танысуының маңызын сөз етті. Коалиция өкілдері соңғы шешімді азаматтар қабылдайтынын жеткізіп, ал 15 наурыз күні өтетін республикалық референдумда халық өз таңдауын жасайтынын атап өтті.
Соңғы жаңалықтар
«Көктем-2026»: Шымкентте су тасқынының алдын алу шаралары күшейтілді
Аймақтар • Бүгін, 13:03
«Kia Qazaqstan» зауытының ұжымы Конституция жобасына қолдау білдірді
Ата заң • Бүгін, 12:48
«Ақылды» камералар құрығы: 12 наурыздан бастап айыппұлдар автоматты түрде жазылады
Қоғам • Бүгін, 12:42
Намаз оқымаса, ораза қабыл бола ма?
Дін • Бүгін, 12:34
Ұшу-қону жолағы жөнделеді: Елордалық жолаушыларды қандай өзгерістер күтіп тұр?
Қоғам • Бүгін, 12:18
Спортшылар ел азаматтарын референдумды қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 12:09
Ораза кезінде екпе салдыруға бола ма?
Қоғам • Бүгін, 11:58
Әскери қызметшілерге арналған ақпараттық портал әзірленді
Қоғам • Бүгін, 11:50
Ораза және бала денсаулығы: Ата-ана нені ескеруі керек?
Балалар • Бүгін, 11:43
Софиядағы шаршы алаңда еліміздің төрт боксшысы өзара жұдырықтасты
Бокс • Бүгін, 11:38
Атырауда 15 жастағы қыз жоғалып кетті
Аймақтар • Бүгін, 11:22
Маңғыстау мұнайшылары жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • Бүгін, 11:12
«Реал» Мбаппесіз ойнады: «Бенфикаға» қарсы матч қалай өтті?
Футбол • Бүгін, 11:07
Саясат • Бүгін, 10:58
Қазақстан Ресейден электр энергиясын сатып алудан бас тарта ма?
Қазақстан • Бүгін, 10:43
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:38
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Ақпан 2026 13:34 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















