Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Шұбаркөл көмірі қайда жөнелтіледі?

Шұбаркөл көмірі қайда жөнелтіледі?

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

ERG құрамындағы «Шұбаркөл көмір» АҚ қазан айында бірнеше бағыт бойынша рекорд орнатып, Қазақстан көмір өнеркәсібінің көшбасшысы екенін кезекті мәрте дәлелдеді. «Сол Шұбаркөлдің отыны қайда кетіп жатыр?», «Биылғы жылыту маусымына жете ме?» деген сауалдарды кәсіпорын басшысы Сергей Кимге жолдап, тұщымды жауап алдық.

– Сергей Павлович, сіз басқарып отырған кәсіпорын өндіріс көлемі бойынша рекордтық көрсеткішке жеткенін білдік. Солай ма?

– Иә. «Шұбаркөл көмір» АҚ биыл қазан айында тарихи рекорд орнатты. Жалпы, кәсіпорын – 1 573 мың тонна, ал «Батыс» разрезі 997 мың тонна көмір өндірді. Өнімді жөнелтуден де рекорд қойып, 1 528 мың тонна тиеп жөнелттік. Мұның ішінде жеке автокөліктермен жөнелтілген көмір де бар. Тәулігіне орта есеппен 676 вагонға көмір тиеп, жөнелтіп тұрдық. Мұндай нәтижелерге команда бір жеңнен қол шығарып, жұмыла кіріскен жағдайда ғана қол жеткізуге болады. Өндіріс, логистика, жалпы барлық құрылым түгел барын салды.

– Жылыту маусымы басталып кетті. Биылғы қысқа жеткілікті көмір бар ма?

– Осы тұста шетелдік нарыққа және ішкі нарықтағы коммуналдық-тұрмыстық сала қажеттілігіне жөнелтілетін көмір екеуі екі бөлек екенін айта кеткен жөн. Коммуналдық тұрмыстық қажеттіліктерге 1 тонна көмір өндірсек, оны өндіру барысында 0-50 фракциялы 2 тонна көмір шығарды. Жергілікті тұтынушылар осындай 0-50 мм (ұсақ сұрыпты) көмірді мүлдем алмайды. Біздің коммуналдық-тұрмыстық саламызға ірі 0-300 фракциялы және 50-300 сұрыпты көмір керек. Сұранысқа ие болмай қалған ұсақ фракциялы көмірді біз жыл бойы алыс шетелдерге жөнелтеміз. Ал коммуналдық-тұрмыстық сала өкілдері өздеріне қажетті ірі фракциялы көмірге тапсырыстарын жаздың соңы, күздің басында бере бастайды. 2024 жылмен салыстырғанда биыл сұраныс 284 мың тоннаға төмендеді. Ал қараша туып, қыс түскенде бәріне шұғыл көмір керек болады.

– Сонда, алыс шетелдерге Қазақстанда өтпейтін көмір жөнелтіле ме?

– Иә, дәл солай. Коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге көмірді сұрыптаған кезде, екінші өнім – 0-50 мм фракциялы көмір алынады. Ішкі нарықта бұл өнімді ешкім алмайды. Сондықтан ол түгелдей экспортқа бағытталады. Тіпті жылыту маусымында ішкі нарықты ірілеу көмірмен қамдау үшін біз осындай ұсақ көмір өндіруге мәжбүрміз.

– Жазда көмірге сұраныс төмен дедіңіз. Себебі неде?

– Мысалы, біз жаңа айтқан коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге арналған көмірді мамыр мен қыркүйек аралығында 1 525 мың тоннасын жөнелтуді жоспарлаған едік. Іс жүзінде тек 1 089 мың тонна жөнелтілді. Жоспар мен нақты тапсырыс арасындағы айырма – 334 мың тонна көмір. Тіпті 2024 жылғы көрсеткіштен 300 мың тонна аз. «Қыс шанаңды жаз сайла» дегенді ұқтыра алмай-ақ қойдық. Біздің тұтынушылар жазда басқа шаруалармен айналысады. Күн суытып, қыс түскенде бәрі «көмір» деп шабылады. Содан, жоқ жерден көмірге қатысты ешкімге керексіз дүрбелең туындайды.

Оның үстіне, газбен қамтамасыз ету бағдарламалары тиянақты іске асырылып, ел аумағында коммуналдық-тұрмыстық көмірге деген сұраныс төмендеп барады. Мысалы, 2021-2025 жылдар аралығында осы коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге арналған көмірге сұраныс 11 млн тоннадан 7,6 млн тоннаға дейін кеміп, 31%-ға азайды. Экспорт қызметіне лицензиялау енгізіліп, көмір өндірмейтін компаниялардың көмірді шетелге шығаруы салынған тыйым да коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге керек көмір көлемін айтарлықтай азайтты. Осындай көмірге уақытылы тапсырыс беріп, жеткізіп алу мәселелері облыстық әкімдіктердегі жұмыс кездесулерінде жиі талқыланады. Энергетика министрлігі қыркүйек айынан бастап тіпті күнделікті жиындарда бақылап отыр. Осы орайда, коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге керекті көмір жеткілікті екенін баса айтқым келеді. Мұнда тек сұраныс күрт артқан тұстағы логистика мәселелері ғана туындауы мүмкін.

– Сергей Павлович, осы орайда сіз басқарып отырған кәсіпорынның жалпы көмір жеткізілімдеріне кері әсер етуі мүмкін түйткілді мәселелер бар ма?

– Біз өндіріс жоспарларын түзгенде екі мәселенің мәніне жете мән береміз. Біріншісі – өндіріс мүмкіндіктері, екіншісі – «ҚТЖ» ҰК» АҚ магистральді желілері мен Қызылжар және Шұбаркөл станцияларының теміржолдарындағы өткізу қабілеті. Қазір біз коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге керекті көмірге түскен барлық тапсырысты түгел қабылдап жатырмыз. Алайда осындай қарбалас кезінде кейде логистика қызметінің жұмысы қиындап кетуі әбден мүмкін.

– Жағдайды қалай түзетуге болады? Көмірді жөнелтуде ешбір қиындықтар туындамас үшін не істеу керек?

– Жұмыс жүрген жерде түйткілдер де болып тұрады. Бастысы – оларды уақытылы шешіп отыру керек. Егер коммуналдық-тұрмыстық көмірді тұтынушылар жыл бойы теңгерімді алып отырса, күрт тапшылық пен аяқасты вагон жетіспеушілігі, жылыту маусымы басындағы дүрбелеңдер туындамас еді. Мұндай жағдайда теміржол, логистикаға жүктеме біркелкі бөлініп, өндірістік жоспарлардың орындалу тиімділігі де артар еді. Осы орайда, барша тұтынушыдан қарашаны күтіп отырмай, ертерек көмір алып, алдын ала қамдануды өтінемін. Қазір бірінші кезекте ішкі нарықты, коммуналдық-тұрмыстық секторды ірі фракциялы көмірмен қамтамасыз етуге басымдық береміз. «Шұбаркөл көмір» АҚ бұдан әрі де логистиканы жетілдіріп, серіктестерімен арадағы байланысты нығайтып, тиімділігін арттыру бағытындағы жұмысты жалғастыра береді. Басты міндет – Қазақстан азаматтарын көмірмен уақытылы, үздіксіз әрі толық көлемде қамту.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:156
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қараша 2025 06:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see141

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see137

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see136

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see136

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see135

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see134

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see132

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see130

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see129

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see121

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see119

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары