Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Шығармашылық зертхана: Тынымбай Нұрмағамбетов немесе қазақ не нәрсеге күледі?

Шығармашылық зертхана: Тынымбай Нұрмағамбетов немесе қазақ не нәрсеге күледі?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Түсіндірме сөздік былай дейді: «Күлкі – ауыздың ашық күйінде шығатын, қысқа әрі қатты дем шығаратын қозғалыс яки ерекше үзік-үзік дыбыстармен қатар жүретін әрекет». Тұп-тура анықтама. «Бірақ күлкі тынысты кеңк-кеңк шығару механизмі ғана болса, онымен картадан жасалған үйшіктерді ғана құлатуға болар еді. Ол ешқашан эстетикалық мәнге ие болмас еді». Өнертанушы Юрий Боревтің сөзінің жаны бар.  Расында, күлкі – күштілердің қаруы. Өйткені ешқандай нәрсе кемшілікті күлкі сияқты абыржытпайды. А. Герцен айтады: «күлкі – ең қуатты қиратушы құрал» деп. Онысы шындық.  Жылап-сықтаған Руссоға қарағанда, күлкіге көмген Вольтердің «бұзып жойғаны» көп. Ал Чарли Чаплин біздің дәуірімізде юморды өшпенділік пен қорқынышқа қарсы дәрі деп санаған. Күлкі – күдік пен үрейдің бұлтын сейілтіп, әлемге жарық түсіретін күш деп есептеген. Ал қазақ күлкі ұғымына мүлде басқаша қарағаны анық. 

Біздің халықтың қандай юморға езу тартатынына қарап, оның рухани портретінің палитрасын көруге болады. Үшбу мақаламызда да қазақтың боз жусан болмысын оның күлу ерекшелігі арқылы зерделегіміз келді. Ал халықтың психологиясы оның реалистік прозасында анық көрінетін болған соң, белгілі қаламгер Тынымбай Нұрмағамбетовтің шығармашылығын басшылыққа алдық. Оның ішінде «Бөрібайдың тымағын ит алып қашқан қыс» әңгімесін арқау еттік.

Құжатына құрдасының туған жылын жаздыра салған Әлмәмбет өзінің нақты қай уақытта туғанын біле алмай дал болады. Биографиясындағы беймәлім тұсты ауылдың үлкен кісілерінен білмек болып, қой сойып оларды қонаққа шақырады. Шақырғаны мұң екен, жорамалдан басқа ештеңе біле алмады. Нақты сұраққа дүдәмал жауап алады. Бірақ жауабы өзіне ғана дүдәмал. Кемпір-шалдарға айдан анық, күннен жарық. Алданбек пен Нұрқабыл деген екі шал Әлмәмбеттің дүниеге келген шағы «Бөрібайдың тымағын ит алып қашқан қыс» деп тұрып алады. «Әкем-ау, ай, күн, жыл деген нәрсе болады емес пе?» деген сұрақ Әлмәмбеттің діңкесін құртады. Қайыра сұраса, шалдар шатынап шыға келеді. «Бөрібайдың тымағын ит алып қашқан қыста тудың деп айтып отыр емеспіз бе, кеще-ау?!» Ал енді қарсы бірдеңе айтып көр. Жастық дәуреннің елесіндей болып қалған қыс оларды сол бір шаққа жетелей берді.

Әңгімені оқып отырып тікен тілді кемпір-шалдың түйреуік сөздеріне бір күлесің, бұлардың гәбін бұза алмай отырған Әлмәмбеттің әбігеріне бір күлесің. Ал асылында құжат шыққанға дейін жыл санай білген қазақ қарияларының арада қалмағанына қынжыласың. Үлкен кісілер ертеректе ондай жайттарды қой жылы, сиыр жылы деп-ақ дөп басатын. Бұл ауылда жастарға жөн сілтер қариялардың шынымен-ақ қалмағаны да. Тынымбай Нұрмағамбетов осы трагедияны сатира сипатымен шебер жеткізіп отыр.

Енді жоғарыдағы күлкі тақырыбына оралайық. Жан Поль «Күлкілі әрекет комикалық субъектінің саналы түрдегі ішкі уәжінен туындауы тиіс», дейді. Расында да, әрекет қашан шынайы күлкілі болады? Оны жасаушы адам өз бойындағы комизмді сезінбегенде ғана. Тынымбайды қайта алып қарайықшы. Әлмәмбеттің құдасы бұның жасын сұрап тұрған жерін оқиық:

– Енді документтігі жасымыз бойынша елуге аяқ салдық қой.

– Документтегі жас та кісіге жас бола ма екен? Сапырылысқан кездерде кімнің жасы не болып кетпеді. Біздің ауылда документ бойынша әкесімен құрдас болып кеткендер де бар. Қағаздағы жазуға не дауа? Құда, өз жасыңызды айтыңыз.

– Сол әке-шешеден ерте қалып...

– Жұрттың бәрінің әке-шешелері жанында жүр дейсіз бе? Әке-шешеңізден ертерек қалсаңыз, ауылыңызда туған туысқандарыңыз, сіздің қай жылы туғаныңызды білетін кемпір-шалдар бар емес пе?

– Бар ғой.

– Бар болса, солардан сұрап алуға қолыңыз тимей жүр ме? – Мұрты едірейген жуан қара мұның соңына түсіп берді дейсің. Қысылғаннан Әлмәмбеттің маңдайынан шып-шып тер шықты.

«Қысыла-қысыла қыз болдық» дегендей, Әлмәмбеттің әбден ұялған қалпын көріп еріксіз езу тартасың. Бірақ өзінің күлкілі жайда тұрғанын не Әлмәмбет біліп отырған жоқ, не оның құдасы біліп отырған жоқ. Біліп отырған – мына сіз және біз. Бұл ретте Тынымбай Нұрмағамбетов комедиялық ауанды шебер жеткізгенін ерекше атап айту керек.

Екінші назарымызға іліккен деталь – асық ойнап жүрген жігіттер. Балалар емес, үйлі-күйлі, шаңырақ көтерген жігіттер. Әлмәмбеттің туған жылын анықтап біле алмай отырған шалдар сол кезде асық ойнап жүріпті-мыс. Ақсемсер кезінде асық ойнағанын тәтті бір сағынышпен еске алып тұрған шалдарды көріп біртүрлі күлкің келеді.

«Әй, сол кезде біз де бала екенбіз-ау. Бала екенбіз дейін десек, тағы да қатын баламыз, үй жайымыз бар. Тіпті жиырма-жиырма бестің арасындағы кезіміз. Қыс түссе ермегіміз – ауыл аралап асық ойнау. Ат дорбада жем мен асық араласып жүреді. Бәйгеге шабатын күрең дөненім бар еді. Бір жылы соған оған асық араласқан жемді байқамай іліп, жануардың тісі сынды. Сонда, деймін-ау, әңгүдікпіз бе, есерміз бе, немене?»

Бұл әңгіме қайдан шықты өзі? Әлгі «Бөрібайдың тымағын ит алып қашқан қыстың» нақты қай қыс екенін еске түсіру үшін шалдар санада қалған елеулі естеліктерін ақтарды емес пе? Сөзден сөз шығады. «Ойбай-ау, Алдеке, сіздің әлгі асықтан ұтылып келіп мына Қазыгүлді сабайтынның келер қысы емес пе?», деп қойып қалады үйде отырғандардың біреуі. Кімнің не қылғаны, кімді кім ұрғаны бәрі елдің есінде де, жыл атаулы есінде жоқ. Күлесің бе? Күлесің!

Тынымбай Нұрмағамбетов сатирик емес, алайда оның шығармаларында сатиралық элементтер өте көп. Әдетте сатириктер түйдек-түйдек тіркестер арқылы оқырманын омақаса құлатып отырады. Ал Т. Нұрмағамбетов комизмді сөзге емес, сюжетке жасырады. Жоғарыдағы үзінділерде аллитерация да, ассонанс та жоқ. Бірақ жиырма беске келсе де асық ойнап жүрген жігіттер, жеммен аралас жатқан асықты шайнап тісі опырылған жылқы, асықтан ұтылып келіп әйелін сабаған Алданбек күлкі шақырмай қоймайды. Күлкінің сөзде емес, оқиғада көрінуінің жарқын мысалын «Гамлет» трагедиясынан аңдауға болады. Онда біз Гамлет ханзадасының кез келген сөзін құптай беретін уәзір Полонийге езу тартамыз.

Гамлет. Анау бұлтты көрдіңіз бе, түйеге ұқсайды ғой?
Полоний. Шынында да, ант етейін, түйеге қатты ұқсайды.
Гамлет. Ал меніңше, қарлығашқа көбірек ұқсайды.
Полоний. Арқасы, иә, дәл қарлығаштыкі сияқты.
Гамлет. Әлде китке көбірек ұқсай ма?
Полоний. Иә, тура кит сияқты.

Шекспир мұнда «бұлттардың метаморфозасын» емес, екіжүзді әрі жағымпаз Полонийдің пікірлерінің құбылмалылығын әжуа етеді. Тынымбай Нұрмағамбетов те қазақтың бейқам, тым мамыражай қалпын әзілмен шаншып өтеді. «Авторлық мойындауында» Николай Гоголь өткір айтады: «Ақыры күледі екенбіз, онда барынша күліп, күлкіге бәрінен бұрын лайық нәрсеге күлу керек».

Асылында батыс ойшылдары сараптайтындай шығыс халқы – күлкіге жоқ халық емес. Әсіресе қазақ халқы. Талай саяхатшылар біздің елдің әзілінде асқан тапқырлық жататынын аңғарған. Шайқы-бұрқы шатпаққа емес, усойқы әзілге ғана назар аударған. Орыстың белгілі ғалымы, Шығыс зерттеушісі Н. Ядринцев Шоқанның юморы туралы айта келіп, оның көңілді, қуақы болғанын, оның халқынан да осы сипатты байқағанын жазады. Тынымбай Нұрмағамбетов шығармаларынан да дәл осы болмысты, дәл осы мінезді анық көре аламыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:134
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қараша 2025 15:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see139

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see135

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see135

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see135

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see134

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see133

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see133

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see131

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see127

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see127

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары