Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Тынымбай Нұрмағамбетов немесе қазақ не нәрсеге күледі?

Тынымбай Нұрмағамбетов немесе қазақ не нәрсеге күледі?

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Түсіндірме сөздік былай дейді: «Күлкі – ауыздың ашық күйінде шығатын, қысқа әрі қатты дем шығаратын қозғалыс яки ерекше үзік-үзік дыбыстармен қатар жүретін әрекет». Тұп-тура анықтама. «Бірақ күлкі тынысты кеңк-кеңк шығару механизмі ғана болса, онымен картадан жасалған үйшіктерді ғана құлатуға болар еді. Ол ешқашан эстетикалық мәнге ие болмас еді». Өнертанушы Юрий Боревтің сөзінің жаны бар.  Расында, күлкі – күштілердің қаруы. Өйткені ешқандай нәрсе кемшілікті күлкі сияқты абыржытпайды. А. Герцен айтады «күлкі – ең қуатты қиратушы құрал» деп. Онысы шындық.  Жылап-сықтаған Руссоға қарағанда, күлкіге көмген Руссоның «бұзып жойғаны» көп. Ал Чарли Чаплин біздің дәуірімізде юморды өшпенділік пен қорқынышқа қарсы дәрі деп санаған. Күлкі – күдік пен үрейдің бұлтын сейілтіп, әлемге жарық түсіретін күш деп есептеген. Ал қазақ күлкі ұғымына мүлде басқаша қарағаны анық. Біздің халықтың қандай юморға езу тартатынына қарап, оның рухани портретінің палитрасын көруге болады. Үшбу мақаламызда да қазақтың боз жусан болмысын оның күлу ерекшелігі арқылы зерделегіміз келді. Ал халықтың психологиясы оның реалистік прозасында анық көрінетін болған соң, белгілі қаламгер Тынымбай Нұрмағамбетовтің шығармашылығын басшылыққа алдық. Оның ішінде «Бөрібайдың тымағын ит алып қашқан қыс» әңгімесін арқау еттік.

Құжатына құрдасының туған жылын жаздыра салған Әлмәмбет өзінің нақты қай уақытта туғанын біле алмай дал болады. Биографиясындағы беймәлім тұсты ауылдың үлкен кісілерінен білмек болып, қой сойып оларды қонаққа шақырады. Шақырғаны мұң екен, жорамалдан басқа ештеңе біле алмады. Нақты сұраққа дүдамал жауап алады. Бірақ жауабы өзіне ғана дүдәмал. Кемпір-шалдарға айдан анық, күннен жарық. Алданбек пен Нұрқабыл деген екі шал Әлмәмбеттің дүниеге келген шағы «Бөрібайдың тымағын ит алып қашқан қыс» деп тұрып алады. «Әкем-ау, ай, күн, жыл деген нәрсе болады емес пе?» деген сұрақтың Әлмәмбеттің діңкесін құртады. Қайыра сұраса, шалдар шатынап шыға келеді. «Бөрібайдың тымағын ит алып қашқан қыста тудың деп айтып отыр емеспіз бе, кеще-ау?!» Ал енді қарсы бірдеңе айтып көр. Жастық дәуреннің елесіндей болып қалған қыс оларды сол бір шаққа жетелей берді.

Әңгімені оқып отырып тікен тілді кемпір-шалдың түйреуік сөздеріне бір күлесің, бұлардың гәбін бұза алмай отырған Әлмәмбеттің әбігеріне бір күлесің. Ал асылында құжат шыққанға дейін жыл санай білген қазақ қарияларының арада қалмағанына қынжыласың. Үлкен кісілер ертеректе ондай жайттарды қой жылы, сиыр жылы деп-ақ дөп басатын. Бұл ауылда жастарға жөн сілтер қариялардың шынымен-ақ қалмағаны да. Тынымбай Нұрмағамбетов осы трагедияны сатира сипатымен шебер жеткізіп отыр.

Енді жоғарыдағы күлкі тақырыбына оралайық. Жан Поль «Күлкілі әрекет комикалық субъектінің саналы түрдегі ішкі уәжінен туындауы тиіс». Расында да, әрекет қашан шынайы күлкілі болады? Оны жасаушы адам өз бойындағы комизмді сезінбеуі керек. Тынымбайды қайта алып қарайықшы. Әлмәмбеттің құдасы бұның жасын сұрап тұрған жерін оқиық:

– Енді документтігі жасымыз бойынша елуге аяқ салдық қой.

– Документтегі жасты кісіге жас бола ма екен? Сапырылысқан кездерде кімнің жасы не болып кетпеді. Біздің ауылда документ бойынша әкесімен құрдас болып кеткендер де бар. Қағаздағы жазуға не дауа? Құда, өз жасыңызды айтыңыз. Сол әке шешеден ерте қалып, жұрттың бәрінің әке шешелері жанында жүр дейсіз бе? Әке шешеңізден ертерек қалсаңыз, ауылыңызда туған туысқандарыңыз сіздің қай жылы туғаныңызды білетін кемпір шалдар бар емес пе?

– Бар ғой.

– Бар болса, солардан сұрап алуға қолыңыз тимей жүр ме? – Мұрты едірейген жуан қара мұның соңына түсіп берді дейсің. Қысылғаннан Әлмәмбеттің маңдайынан шыпшып тер шықты.

«Қысыла-қысыла қыз болдық» дегендей, Әлмәмбеттің әбден ұялған қалпын көріп еріксіз езу тартасың. Бірақ өзінің күлкілі жайда тұрғанын не Әлмәмбет біліп отырған жоқ, не оның құдасы біліп отырған жоқ. Біліп отырған – мына сіз және біз. Бұл ретте Тынымбай Нұрмағамбетов комедиялық ауанды шебер жеткізгенін ерекше атап айту керек.

Екінші назарымызға іліккен деталь асық ойнап жүрген жігіттер. Балалар емес, бала-шағасы бар, үйлі-күйлі жігіттер. Әлмәмбеттің туған жылын анықтап біле алмай отырған шалдар сол кезде асық ойнап жүріпті-мыс. Ақсемсер кезінде асық ойнағанын тәтті бір сағынышпен еске алып тұрған шалдарды көріп біртүрлі күлкің келеді.

«Әй, сол кезде біз де бала екенбіз-ау. Бала екенбіз дейін десек, тағы да қатын баламыз, үй жайымыз бар. Тіпті жиырма жиырма бестің арасындағы кезіміз. Қыс түссе ермегіміз – ауыл аралап асық ойнау. Ат дорбада жем мен асық араласып жүреді. Бәйгеге шабатын күрең дөненім бар еді. Бір жылы соған оған асық араласқан жемді байқамай іліп, жануардың тісі сынды. Сонда, деймін-ау, әңгүдікпіз бе, есерміз бе, немене?»

Бұл әңгіме қайдан шықты өзі? Әлгі «Бөрібайдың тымағын ит алып қашқан қыстың» нақты қай қыс екенін еске түсіру үшін шалдар санада қалған елеулі естелікті ақтарды емес пе? Сөзден сөз шығады. «Ойбай ау, Алдеке, сіздің әлгі асықтан ұтылып келіп мына Қазыгүлді сабайтынның келер қысы емес пе?», деп қойып қалады үйде отырғандардың біреуі. Кімнің не қылғаны, кімді ұрғаны бәрі елдің есінде де, жыл атаулы есінде жоқ. Күлесің бе? Күлесің!

Тынымбай Нұрмағамбетов сатирик емес, алайда оның шығармаларында сатиралық элементтер өте көп. Әдетте сатириктер түйдек-түйдек тіркестер арқылы оқырманын омақаса құлатып отырады. Ал Т. Нұрмағанбетов комизмді сөзге емес, сюжетке жасырады. Жоғарыдағы үзінділерде аллитерация да, ассонанста жоқ. Бірақ жиырма беске келсе де асық ойнап жүрген жігіттер, жеммен аралас жатқан асықты шайнап тісі опырылған жылқы, асықтан ұтылып келіп әйелін сабаған Алданбек күлкі шақырмай қоймайды. Күлкінің сөзде емес, оқиғада көрінуінің жарқын мысалын «Гамлет» трагедиясынан аңдауға болады. Онда біз Гамлет ханзадасының кез-келген сөзін құптай беретін уәзір Полонийге езу тартамыз.

Гамлет. Анау бұлтты көрдіңіз бе, түйеге ұқсайды ғой?
Полоний. Шынында да, ант етейін, түйеге қатты ұқсайды.
Гамлет. Ал меніңше, қарлығашқа көбірек ұқсайды.
Полоний. Арқасы, иә, дәл қарлығаштікі сияқты.
Гамлет. Әлде китке көбірек ұқсай ма?
Полоний. Иә, тура кит сияқты.

Шекспир мұнда «бұлттардың метаморфозасын» емес, екіжүзді әрі жағымпаз Полонийдің пікірлерінің құбылмалылығын әжуа етеді. Тынымбай Нұрмағамбетов те қазақтың бейқам, тым мамыражай қалпын әзілмен шаншып өтеді. «Авторлық мойындауында» Николай Гоголь өткір айтады: «Ақыры күледі екенбіз, онда барынша күліп, күлкіге бәрінен бұрын лайық нәрсеге күлу керек».

Асылында батыс ойшылдары сараптайтындай шығыс халқы күлкіге жоқ халық емес. Әсіресе қазақ халқы. Талай саяхатшылар біздің елдің әзілінде асқан тапқырлық жататынын аңғарған. Шайқы-бұрқы шатпаққа емес, усойқы әзілге ғана назар аударған. Орыстың белгілі ғалымы, Шығыс зерттеушісі Н. Ядринцев Шоқанның юморы туралы айта келіп, оның көңілді, қуақы болғанын, оның халқынан да осы сипатты аңғарғанын жазады. Тынымбай Нұрмағамбетов шығармаларынан да дәл осы болмысты, дәл осы мінезді анық көре аламыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:162
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Қараша 2025 18:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see141

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see138

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see136

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see135

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see135

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see134

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see133

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see133

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see131

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see131

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see131

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see131

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see131

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see130

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see129

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see129

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see129

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see128

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see128

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see128
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары