Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан тұрғыны Майк Тайсонмен кездесті (видео)

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

Ажырасу кезінде жиі жіберілетін қателіктер қандай

Ажырасу кезінде жиі жіберілетін қателіктер қандай

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

-  Ольга Владимировна, қандай жағдайда неке заңсыз деп танылуы мүмкін?

— Елімізде сот тәртібімен неке бұзылып қана қоймай, жарамсыз деп танылуы мүмкін. Мұндай талаппен сотқа ерлі-зайыптылардың біреуі, прокурор, кәмелетке жасына толмаған жұбай немесе оның заңды өкілдері жүгіне алады. Егер сот некені жарамсыз деп таныса, ол неке тіркелген сәттен бастап заңды күшін жояды.

Некеге тұруға жасының сәйкес келмеуі, мәжбүрлеу арқылы қиылған неке, бұрынғы некенің заңды түрде бұзылмауы, жақын туыстар арасында неке қию, жалған неке (отбасын құру емес, белгілі бір құқыққа қол жеткізіп немесе мәртебе алу мақсатында), сондай-ақ жұбайлардың бірі қауіпті ауруын жасырған жағдайда да некені заңсыз деп тануға болады.

— Неке қандай жағдайда АХАТ арқылы, ал қашан сот арқылы бұзылады?

— Егер ерлі-зайыптылардың ортақ кәмелетке толмаған балалары болмаса, мүлікке қатысты дау туындамаса және екі тарап та ажырасуға келіссе, неке тіркеу органдары арқылы бұзылады. Сонымен қатар жұбайлардың бірі сот арқылы хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз деп танылса немесе 3 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айырылған жағдайда да АХАТ арқылы ажырасуға болады.

Ал егер ортақ кәмелетке толмаған балалар болса, тараптардың бірі ажырасуға қарсы болса немесе мүліктік даулар туындаса, неке міндетті түрде сот тәртібімен бұзылады.

- Екінші жұбайдың келісімінсіз ажырасуға бола ма?

— Иә, болады. Мұндай жағдайда сот ажырасу туралы талапты қарайды. Егер тараптардың бірі қарсы болса, сот татуласу үшін алты айға дейін мерзім белгілей алады. Алайда бұл мерзімнен кейін де келісімге келмесе, сот некені бұзу туралы шешім шығарады.

Фото: Ольга Гаврик

- Ажырасу кезінде жиі жіберілетін қателіктер қандай?

— Ең үлкен қателіктің бірі, менің ойымша, баланы ата-аналар арасындағы дау-дамайға араластыру. Бұл баланың психологиялық жағдайына ауыр әсер етеді. Бірақ ажырасуға бел байлаған жұптар көп жағдайда бұған мән бермейді, керісінше жұбайына әсер ету үшін, жағдайды өз пайдасына шешу үшін, мысалы алименттен, дүние-мүліктен бас тартуға мәжбүрлеу мақсатында баланы пайдаланады. Менің тәжірибемде осындай ұзаққа созылған дау салдарынан баланың қатты күйзеліске ұшырап, ауырған жағдайы бар.

Сонымен қатар ортақ мүлікті сатып алу кезінде құжаттарды дұрыс рәсімдемеу, ауызша келісімге сену де үлкен проблема тудырады. Сотта тек жазбаша дәлелдер ғана есепке алынады. Тағы бір маңызды жайт — бала бір жасқа толмайынша ананың келісімінсіз ажырасуға болмайтынын көп адам біле бермейді.

— Баланың қай ата-анамен тұратыны қалай анықталады?

— Егер ажырасуға дейін ата-ана өзара келісімге келмесе, бұл мәселе сотта шешіледі. Заңнамадағы маңызды жаңашылдық — некені бұзу туралы талап арыз сотқа түскен кезде, судья тараптар бұл мәселені көтерген-көтермегеніне қарамастан, баланың құқықтары мен мүдделеріне қатысты барлық сұрақтарды міндетті түрде қарайды. Яғни, сот баланың қай ата-анамен бірге тұратынын, олармен қарым-қатынасын, жақындығын және оның материалдық қамтамасыз етілуін өз бастамасымен анықтайды.

Бұл норма ең алдымен кәмелетке толмаған баланың мүддесін қорғауға бағытталған және ата-аналар арасындағы келіспеушілік баланың тағдырына кері әсер етпеуі үшін енгізілген. Сонымен қатар қамқоршылық және қорғаншылық органдардың қорытындысы да маңызды рөл атқарады.

— Алимент мөлшері қалай белгіленеді?

— Әдетте алимент табысқа байланысты, бір балаға — ¼, екі балаға — 1/3, үш және одан да көп балаға — табыстың жартысы өндіріледі. Кей жағдайларда сот алиментті тұрақты ақшалай сома түрінде белгілеуі мүмкін. Тараптар өзара келісімге келсе, нотариус арқылы алименттің мөлшерін, төлеу мезгілін көрсете отырып келісім жасай алады.

- Ортақ мүлік пен қарыздар қалай бөлінеді?

— Некеде алынған мүлік, әдетте, тең бөлінеді. Ал жеке меншікке неке қиылғанға дейін алынған, сыйға тартылған немесе мұраға қалған мүлік жатады. Несие мен қарыздар да ортақ мүлік сияқты тең бөлінеді. Мысалы, егер ер адам некеде тұрған кезде отбасының ортақ қажеттіліктері үшін несие рәсімдеп, ажырасқаннан кейін де оны төлеуді жалғастырса, қарыз толық өтелген соң, ол бұрынғы жұбайынан төленген соманың жартысын өндіріп алуға құқылы. Осылайша, ортақ қарызды өтеу ауыртпалығы әділ түрде бөлініп, борышкер төленген қаражаттың бір бөлігін қайтарып ала алады.

— Ажырасу барысында қандай жағдайда адвокаттың көмегіне жүгінген жөн?

— Егер балаға қатысты дау туып, мүлік бөлісінде, алимент немесе ата-аналық құқыққа қатысты мәселелер болса, адвокаттың көмегі өте маңызды. Бұл сіздің уақытыңызды үнемдейді, барлық құжаттар заң талаптарына сай дұрыс рәсімделеді, адвокат қажетті дәлелдемелерді жинақтайды, сондай-ақ бұрынғы жұбайыңызбен тікелей қарым-қатынасты барынша азайтуға жағдай жасайды.

- Ерлі-зайыптыларға қандай кеңес берер едіңіз?

— Өмір күтпеген жағдайларға толы, ең жақын деген адамыңның белгілі бір оқиғаларда қалай әрекет ететінін алдын ала білу мүмкін емес. Сондықтан мен тәжірибелі заңгер әрі екі баланың анасы ретінде ерлі-зайыптылардан өзара жанжалға балаларды араластырмауды сұраймын. Мұндай жағдайды көру өте ауыр, әрі ол ең алдымен баланың психологиялық жай-күйіне кері әсер етеді. Екі тарап та тек өзін ойлап қоймай, кәмелетке толмаған балаларының болашағы мен мүддесін ескеруі тиіс.

Сонымен қатар некеде тұрған кезде қандай құжаттарға қол қойып жатқаныңызға мұқият болу маңызды. Келісімшартқа қол қоймас бұрын заңгерден кеңес алған әлдеқайда дұрыс, өйткені кейін мүліксіз қалу қаупі бар.

Ал егер өз бизнесіңіз болса, болашақта дау тумас үшін неке шартын жасауды ұсынамын.

Бұған дейін елде ажырасу саны соңғы бес жылда 16% азайғанын жазған едік.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:180
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Ақпан 2026 14:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан тұрғыны Майк Тайсонмен кездесті (видео)

05 Қараша 2026 23:13see138

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

06 Қараша 2026 19:55see137

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

06 Қараша 2026 17:53see133

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

06 Қараша 2026 17:51see132

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

06 Қараша 2026 17:03see131

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

06 Қараша 2026 01:33see131

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

06 Қараша 2026 21:45see131

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

06 Қараша 2026 14:29see129

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

06 Қараша 2026 14:34see127

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

07 Қараша 2026 09:53see122

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

06 Қараша 2026 17:20see121

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

06 Қараша 2026 14:33see120

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

07 Қараша 2026 07:15see120

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

07 Қараша 2026 01:50see118

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

06 Қараша 2026 14:35see117

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

06 Қараша 2026 18:08see116

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

07 Қараша 2026 16:27see114

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

06 Қараша 2026 15:20see114

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

06 Қараша 2026 16:46see114

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

07 Қараша 2026 16:55see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары