Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Шығыс Қазақстанда 15 жастағы қыз бүркіт баптап, тазы асырайды

Шығыс Қазақстанда 15 жастағы қыз бүркіт баптап, тазы асырайды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

— Құсбегілікке қызығушылығыңыз қашан басталды?

— Құсбегілікке сегіз жасымнан бастап қызықтым. Әкем қыранды баптағанда қасына ертіп жүретін. Сол кезден бері бұл өнер жүрегіме жақын. Әкем де, атам да, нағашы атам да құс ұстаған. Әкем өзі Моңғолияда 14 жасында алғаш қыран көтерген екен. Сондықтан құсбегілік — ата-бабамыздан келе жатқан асыл өнер.

— Ал алғашқы баптаған құсыңыз қандай еді?

— Ең алғаш ұлттық спорт түрінен жарысқа қатысуға ниет білдіргенде, әкем өзінің мұзбалағын баптауды, онымен тіл табысуды үйретті. Құсбегілер сайысына небәрі екі-үш күн жаттықтым. Бірақ сол аз күннің өзінде құс менің дауысымды танып, жарыс үстінде қолыма ұшып келгені ерекше сезім сыйлады. Сол сәт мені бұл өнерге біржола байлап тастады. Құстың елгезектігі мені таң қалдырды.

— Қазір өзіңіз неше құс баптап жүрсіз?

— Қазір Ақиық, Чемпион, Қандыкөз атты бүркіттерді баптап жүрмін. Қандыкөзбен сайысқа түсіп ШҚО чемпионатында жүлделі орын алдым. Балапан кезінен өз қолыма үйреткен басқа да құстарым бар. 

Фото: Айзере Марксқызының жеке мұрағатынан

— Тек қыран ғана емес, тазы да ұстайды екенсіз.

— Иә, мен тазы асырағанды да жақсы көремін. Біздің тазыларымыздың аты Жоламан, Көксерек, Көкжал, Базаралы, Көкқұтан. 2024 жылы Базаралы атты тазымды жарысқа қостым. Иттердің жүйріктігі, иесіне адалдығы ұнайды. Аңға шыққанда олардың шапшаңдығы ерекше әсер қалдырады. 

— Тазыларды баптаудың қандай қыр-сыры бар?

— Ең бастысы тазыларды аш қалдырмау керек. Аш болса, бір-бірін талап тастауы мүмкін. Тазыны күту, күйін кетірмей асырау өте маңызды. Олардың салмағы 7-10 келі аралығында болғаны жақсы. Күшік кезінен айтқанымды тыңдатып, өзімнің досым сияқты өсіремін. 

— Ал бүркітті қалай баптайсыздар?

— Бүркіттің бабын келтіру өте нәзік жұмыс. Қыранның күтіміне жеңіл-желпі қарауға болмайды. Бүркіттің азығы таза, балғын болуы керек. Қыста салмағы 4-5 келі болуы тиіс, жазда тамақтану көбейгенде 7-8 келіге жетеді. Жарыс алдында қарнын аздап аш ұстау қажет. Көктем соңынан күзге дейін түлекке отырғызамыз. Бүркіттің сынған қауырсындары түсіп, күйі көтеріледі. Бұл уақытта қыран құс аңшылыққа шықпайды. Себебі күзге дейін қанатын қатайтып, қалыңдатып бабына келуі керек. 

— Аңға жиі шығасыздар ма?

— Иә, қансонарда шығып тұрамыз. Былтыр бір түлкі алдық. Саятшылықта қыранның да, тазының да орны бөлек. Қансонарда аттың жалынын тартып мініп, қолыма қыран көтеріп, табиғат аясында жүру адамның рухын көтеріп, кеңінен ойлануға мүмкіндік береді. 

— Биыл өткен «Шығыс салбурыны» ұлттық фестивалінде этноауыл құруды жоспарлапсыздар, бұл қаншалықты жүзеге асты?

— Иә, Бозанбайда этноауыл құру жоспарымыз орындалып келеді. Осы жолғы фестивальде ауылымыздың ішінде құрдық. Бұл ұлттық өнерді, соның ішінде құсбегілікті насихаттау мақсатында жасалып жатқан шара. Ұлттық мұрамызды қолжетімді өнер ету біздің арманымыз еді.

Фото: Айзере Марксқызының жеке мұрағатынан

— Отбасында неше ағайындысыздар?

— Отбасымызда 7 баламыз. Үш қыз, төрт ұл. Мен ортаншысымын. Отбасымызда бәріміз атқа мінгенді жақсы көреміз.

— Алға қойған мақсатыңыз қандай?

— Болашақта туризм саласына оқуға түсіп, ұлттық өнерімізді дәріптейтін үлкен орталық ашқым келеді. Шығыста құсбегілікті дамытатын кәсіби этно-кешен, мектеп, туристік бағыт ашу — басты арманым. Сонымен қатар ата-анамның үмітін ақтап, жақсы оқу орнына грантқа түссем деймін.

— Құсбегілік өнер сіздің бойыңызға қандай қасиеттерді сіңірді?

— Бұл өнер мені тектілікке, сабырға, жауапкершілікке тәрбиеледі. Қыран адамды шынайылыққа баулыса, тазы адалдыққа, тазалыққа үйретеді. Мен үшін ұлттық өнер жай ғана хобби емес, өмірімнің бір бөлшегі.

Еске салсақ, осыған дейін қазақстандық бүркітшілер Моңғолияда жүлде алғаны хабарланған.  

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:163
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Желтоқсан 2025 11:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see118

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see115

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see113

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see111

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see111

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see111

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see111

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see110

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see110

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see109

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see108

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see107

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see107

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see106

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see106

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see106

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see106

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары