Шымкент орталығында екі жас жігіт құдық ішінде қаза тапты
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Шымкенттің орталығында су құбырларын ауыстырып жатқан екі жұмысшы қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі OTYRAR басылымына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға жеке компанияның үш қызметкері түскен терең құдықта болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жасы 20 мен 22 аралығындағы жігіттер құдық ішіндегі улы газға тұншыққан.
Жұмысшылар жер бетіне ұзақ уақыт шықпаған соң, әріптестері оларды іздеп құдыққа түскен. Зардап шеккендерді жоғарыға алып шыққанымен, екі жігіт оқиға орнында көз жұмды. Үшінші жұмысшыға медициналық көмек көрсетілді.
"Жұмысшылардың қаза табуына байланысты соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, олар құдық ішінде жиналған газдан уланған. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, қауіпсіздік талаптарының сақталуына жауапты тұлғалар тексеріліп жатыр", – деп хабарлады Шымкент қалалық полиция департаменті өкілдері.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:89
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қазан 2026 09:23 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















