Шымкентте дәрігерлер ер адамды кәмпитке тұншығудан құтқарып қалды
Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Шымкентте дәрігерлер кәмпитке қақалып, тынысы тарылған 65 жастағы ер адамды аман алып қалды. Тәтті тыныс алу жолдарына түсіп, ірі бронхты толығымен бітеп тастаған, деп хабарлайды TengriHealth.
Шымкентте дәрігерлер кәмпитке қақалып, тынысы тарылған 65 жастағы ер адамды аман алып қалды. Тәтті тыныс алу жолдарына түсіп, ірі бронхты толығымен бітеп тастаған, деп хабарлайды TengriHealth.
Не болған?Қалалық денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, ер адамның тыныс алуы санаулы секундта қиындап, жағдайы күрт нашарлаған. Ол жедел түрде №1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді.
Дәрігерлер бірден шұғыл көмек көрсетуге кірісіп, арнайы жабдықтың көмегімен кәмпитті тыныс алу жолдарынан шығарып алды.
"Дәрігерлер бөгде затты сәтті алып шығып, пациенттің тыныс алуын қалпына келтірді. Сәл кешіккенде жағдай қайғылы аяқталуы мүмкін еді", - деп хабарлады ведомство.
Көрсетілген көмектен кейін ер адамның жағдайы тұрақталды. Ол тиісті ем алып, ауруханадан шығарылды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:37
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Сәуір 2026 10:45 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















