Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

Эмомали Рахмон Қазақстандағы реформаларға жоғары баға берді

Шырша шырғалаңы, 8 млн көшет өсірген орманшы Экоаудит жобасы Алматы облысында

Шырша шырғалаңы, 8 млн көшет өсірген орманшы Экоаудит жобасы Алматы облысында

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Қайыңды көлінде қайың емес, шырша өсіп тұр

Төбесі көк тіреген Тянь-Шанның төменгі етегінің әр жотасы бүрмелі, қолмен кестеленгендей. Күнгейінде айнадай жарқырап Көлсай көлдері жатыр. Соңғы бес жылда «Көлсай көлдері» ұлттық паркіне 443 мыңдай шырша егіліпті. Оның көпшілігі тау бөктерінде.

Фото: видеодан алынған скрин

Еңістен өрге сатылай орналасқан айдындарды көруге өткен жылдың өзінде 600 мың адам келіпті. Ал 6 жыл бұрын он есе аз еді. Туристерден түсетін табыс та еселенген. Былтыр саяхатшылардан 546 млн теңге кіріс түскен. Ұлттық парк қызметкерлері бұл ақшаға туристік инфрақұрылымды жаңғыртып, орманшыларға 4 бекет, 5 шағын өрт сөндіретін көлік сатып аламыз деп отыр.

Фото: видеодан алынған скрин

Парк қызметкерлерінің тағы бір уайымы – Қайыңды көлі. Соңғы жылдары Қайыңдының суы сарқылып барады. Мамандар мұны жаһанның жылынуы мен климаттың өзгеруінен деп түсіндіруде. Бұл «тесікті» туристердің ақшасына бүтіндеу мүмкін емес. Таудың ұшар басына су қоймасын салу керек. Ал бұл күрделі инженерлік-техникалық шешімдер мен қыруар қаржы талап ететін шаруа.

Айтпақшы, бұл көл Қайыңды деп аталғанмен, су үстінде шошайып тұрған ақ бөренелер – қайың емес. Бұл үсті қанша қураса да, тамыры шірімеген Шренк шыршасы.

Фото: видеодан алынған скрин

– Біздің орналасқан жеріміз – Тянь-Шань тауының солтүстік сілемдері болғандықтан негізгі ағаш Шренкі шыршасы болып отыр. Оның басқа ағаштардан ерекшелі – осы жерген бейім, ауа алмасуға, оттегін бөлуге ерекше ағаш, – дейді «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің табиғи кешендерді қалпына келтіру инженері Бексұлтан Қайыпбай.

Шырша қалай өседі

Суы тартылған теңіздің түбіне сексеуіл егуден гөрі, таудың төбесіне шырша егудің мехнаты ауыр секілді. Себебі биікке техника бара алмайды. Орманшылар мен қорықшылар көшеттерді атқа өңгеріп апарады немесе жаяу тасып, қолмен егеді.

– Мына артымыздағы шыршаның биіктігі 10 қабатты үйдің биіктігіміен бірдей. Бұл табиғи жаратылыс, өздігінен өскен. Біздің басты міндетіміз осы табиғи орман қорын молықтыру, арасындағы ашық жерлерді алаңқайларды бір-бірімен теңестіріп, толықтыру жұмыстарын атқару, – деді Б.Қайыпбай.

Иә, шыршаның шырғалаңы көп. Алдымен, күздің ортасында бүрін жинайды. Оны құрғақ жерге жайып, кептіреді. Кепкен соң қабыршығы ашылып, тұқымы тарыдай боп төгіледі. Соны шашауын шығармай жинап, қар астына көміп қояды. Жер жылығанда тоңазыған тұқым ыстыққа ұмтылып, бірден қылтиып шығады.

Қысы-жазы жап-жасыл, сұңқақ бойлы сұлу болғанмен, шырша – өте баяу өсетін ағаш. Бірақ тамыры бір алса, 250-300 жыл өмір сүреді. Орманның өкпесі сияқты, оттегін көп бөледі. Ауаны тазартады. Көкке шаншылған найзадай сүйірленіп, қалың қылқаны қар мен селді ұстап қалады.

Теңіз деңгейінен 1800-2000 метр биіктікке орман егу оңай емес. Сонда да мамандар жыл сайын 79-95 мың көшетті өрге сүйреп жеткізеді. Осылайша бес жылда бас-аяғы 111 гектар алқапты жасыл орманға айналдырды. Шыршалардың шығымы 66-75 пайыз болды дейді.

Орман өсірген арулар

Ыстық-суыққа қарамай тау-тас кезіп, табиғатты қорғау – тек ерлердің ісі деген түсінік түгесілген секілді. Алматы облысында орман шаруашылығында маңызды әрі лауазымды қызмет атқаратын әйелдер баршылық. Мәселен, «Көлсай көлдері» ұлттық паркінің мемлекеттік инспекторы Сандуғаш Базылбаеваның әр таңы есік алдындағы құрылғының көрсеткішін тіркеумен басталады. Қардың қалыңдығын, жаңбыр мен ылғалдың деңгейін, желдің жылдамдығын өлшейді. Жазған мәліметтерді ғылым бөліміне өткізеді.

Фото: видеодан алынған скрин

Сандуғаш тау бөктерінде тұрып жатқанына он жылдан асты. Кенже ұлы етектегі ауылға атпен қатынап, оқиды. Ересек екі қызы тұрмыста. Оларға да қарасып тұрады. Балаларын бағады. Бағып отырған тағы бір дүниесі – шырша тұқымбағы.

– Шөбін отаймыз, суын суғарамыз, әбден күтім қажет етеді. Шыршалар 5 жылда 25-30 см өсіп шығады. Биыл мына шыршалар табиғатты молайтуға кетеді. Сәуір айында қазылып алынады, сосын отырғызуға жібереміз, – дейді С.Базылбаева.

Әдетте әйел адам отбасын құрып, ұрпақ өрбітуге ұмтылады. Ал Гүлнәр Әубәкірова өмірін орман өсіруге арнаған. «Кеген» шаруашылығында 40 жыл қызмет еткен ол осы күнге дейін 8 млн 250 мың көшет өсірген. Әрқайсысын төбесінен құс ұшырмай, күн түсірмей, баладай мәпелеп жеткізген. Оларды біртіндеп қазып алып, тауға жөнелкенде, ұлын ұядан ұшырған анадай толқимын, дейді кейіпкер.

Фото: видеодан алынған скрин

– Мен өзімді бақыттымын деп есептеймін. Шыршаны кішкентай тұқымнан өсіріп, 4 жылдан кейін таулы аймаққа апарып, орман қорына қосамыз. Ауданымыздың да, республикамыздың да көгалдандыру жұмысына үлес қосамыз. Тянь-Шань шыршасы болсын, Қырым қарағайы болсын, туя болсын, барлығын беру – біздің таза еңбегіміз деп ойлаймын, – дейді Жалағаш орманшылығы тұрақты тұқымбағының Орман өсіру, қалпына келтіру бас инженері Гүлнәр Әубәкірова.

Гүлнәр Әубәкірова – «Қазақстанның құрметті орман өсірушісі». Кеудесінде осындай төсбелгі бар. Мұндай марапат иесі елімізде саусақпен санарлық. Түпкірде жүрсе де, таудай тірлік бітірген әйел Президент Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен де марапатталған. Биыл зейнетке кетті. Бірақ құнды кадрды Кегендегілер қимай отыр.

Фото: видеодан алынған скрин

– Шренк шыршасының тұқымы жер астына емес, көшеттің ұшына шығады. Сол кезде торғай қаптайды. Мұндай уақыттары маусымды жұмыскер жалдаймыз. Олар таңғы сағат төрттен, түнгі он екіге дейін торғайдан қорғайды. Көшет өсе бастағанда оны арамшөптен арылту, оны суғару өте қиын жұмыс. Еңбектің еңбегі – маусымдық жұмыскерлердікі, – дейді Құрметті орманшы.

Ал Гүлмира Нысанбаева – Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры. Мұнда дүниежүзі бойынша өте сирек кездесетін ағаш – Ерен ағашы өседі. Ерен ағашының ерекшелігі – ылғалсүйгіш, тамыры өте мықты тереңге кетеді. Өте ұзақ жасайды. Құрғақшылыққа да, суыққа да, ыстыққа да төзімді.

– Әйел адамдардың жауапкершілігі өте жоғары болады. Сезімтал болады. Табиғатқа деген мейірімі, махабаты бөлек. Мен өзі жұмысымды жақсы көрем. Табиғат аясында жұмыс істеу мен үшін үлкен бақыт, – дейді Г. Нысанбаева.

Хай-тек үйлер, пикап көліктер

Қазір еліміздегі орман шаруашылықтарының материалдық-техникалық базасы жаңарып келеді. Кешеге дейін ескі Нива, Уаз көліктерін мінсе, қазір пикаптармен жүреді. Тіпті мынадай заманауи хай-тек стиліндегі үйде тұрады.

Бұл типтік үйдің үлгісін Құтлықбек Жүнісов жасаған. Оның сызған жобасын министрлік мақұлдады. Енді елдің әр түкпірінде орманшыларға осындай қызметтік баспана салынады. Ішінде жатын бөлме, асхана, дәретханасы бар. Үйдің екінші бөлігі туристерге арналған.

– Білесіздер орманшылар орманда, ауыл, қаладан шалғайда тұрады. Сондықтан олардың орманда тұру жағдайларын жақсарту мақсатында осындай тапсырма берілген болатын. Біз осы кордонды соған сәйкестендіріп жасап, комитет пен министрлік қолдап, пилоттық жоба ретінде жүзеге асырылды, – дейді Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі директорының орынбасары Құтлықжан Жүнісов.

Шелекте де орманшылардың жаңа ғимаратқа көшкеніне екі жыл болды. Кеңес дәуірінен қалған ескі-құсқының бәрінен арылды. Техникасы, құрал-сайманы жаңарды. Айтпақшы, былтыр өрт сөндіруге ыңғайлы әрі ықшам екі көлік алынған.

– Бұл көлікке бес адам сыяды, діттеген жерге жылдам барады. Барлық керекті құралдармен жабдықталған. Өзіне 300 метрдей су бар. Су бүркігіш құралы бар. Сосын кез келген жерге кіріп, өрт сөндіруге ыңғайлы, – дейді Шелек орман шаруашылығының директоры Мұхит Палуанов.

Тұқымбақтағы жаңа әдістер

Шыбық қадасаң, шынардай боп өсетін, топырағы құнарлы өлке де орман өсірмес бұрын селекциялық орталыққа жүгінеді. Республикалық селекциялық тұқым өсіру орталығының оңтүстік-шығыс филиалында ағаштар көшетпен емес, биотехнологиялық әдіспен әзірленеді. Дәстүрлі тұқымнан өсіру мен микроклондық әдіспен өсірудің айырмашылығы да бар.

Фото: видеодан алынған скрин

– Дәстүрлі тұқымнан алғанда бір ғана өсімдік өсіп шығады. Ал микроклондық көбейту әдісімен – бір сабақтан көптеген мөлшерде өсімдік аламыз. Әр жағынан кесіп, кесіп, жаңа ортаға отырғызып, бірнеше көшет шығарамыз. Дәстүрлі әдісте тұқымның ауруы да болуы мүмкін. Ал бұл жерде вирустан тазартылады. Өсу процесі өте тез жүреді, – деп түсіндірді «Республикалық орман селекциялық тұқым өсіру орталығы «Оңтүстік-шығыс аймақ» филиалының зертханашысы Ұлпан Бақытбекқызы.

Зертхана орман қорына егілетін әрбір көшеттің, себілетін әрбір тұқымның сапасын, шығымын анықтайды. Бұл жерде сапасына қарай куәлік беріледі. Сол куәлікке қарап орманшылар қанша гектарға қанша келі тұқым себу керегін анықтайды.

– Бұл жерде Қырым қарағайы, Шренк шыршасының сапасын анықтап жатырмыз. Мысалы, мына құтының астына 10 түйірін салсаңыз, соның 5 еуі өніп шықса, оның сапасы нашар деген сөз. Негізі 100 түйірін қоямыз, 20 күннен кейін өніп шыққан өскіндерді біртіндеп санап, есебін шығарамыз, класын анықтаймыз. Бұл үшін тіпті тұқым санайтын арнайы аппарат бар, – дейді зертхана меңгерушісі Анар Талпақова.

Зертханаға қарасты тұқымбақта сексеуіл алқабы да өсіп тұр. Мұнда әзірленетін сексеуіл көшеттері еліміздің түрлі облыстарына жіберіледі. Ол сұрыпталған, сапалы, генетикалық құнды әрі стандарттарға сай болу керек және қажырлы еңбекті қажет етеді.

Жалпы Алматы облысында 7 орман шаруашылығы және 3 ұлттық паркке қарасты 22 тұқымбақ бар. Сол 22 тұқымбақтың жалпы аумағы – 161 гектар. Оның ішінде 116 гектар тұрақты тұқымбақ болса, қалған 46 гектары – уақытша тұқымбақ. Мұнда күзгі түгендеу бойынша 5 млн 385 мың көшет өсірілуде. Тұқымбақтардың суару жүйесі, жалпы техникалық базасы да жақсы жағдайда.

Бұған дейін «ECO аудит» жобасы Түркістан облысындағы экологиялық мәселелер мен Сырдария экожүйесіне қандай қауіп төніп тұрғанын көрсеткен еді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:117
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Наурыз 2026 21:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

06 Қараша 2026 19:55see140

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

06 Қараша 2026 17:51see137

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

06 Қараша 2026 17:53see136

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

06 Қараша 2026 17:03see135

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

06 Қараша 2026 21:45see135

Путин Қызыл алаңда Минин мен Пожарский ескерткішіне гүл шоғын қойды видео

06 Қараша 2026 01:33see134

Ұлттық ғылым академиясында II халықаралық Shoqan Forum басталды

06 Қараша 2026 14:29see133

Возвращение короля. Зачем глава Иордании снова приехал в Казахстан

06 Қараша 2026 14:34see130

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

07 Қараша 2026 09:53see127

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

07 Қараша 2026 07:15see125

Дорожные сборы в Казахстане пересмотрят: кого коснутся изменения

06 Қараша 2026 14:33see124

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

06 Қараша 2026 17:20see124

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

07 Қараша 2026 01:50see122

ЖИ COVID 19 дан да жаман пандемияға әкелуі мүмкін Билл Гейтс

06 Қараша 2026 14:35see120

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

07 Қараша 2026 16:27see119

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

06 Қараша 2026 18:08see119

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

06 Қараша 2026 16:46see118

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

07 Қараша 2026 16:55see117

“Закажите инкассаторскую машину“: казахстанцев обманывают от имени Нацбанка

06 Қараша 2026 15:20see117

Эмомали Рахмон Қазақстандағы реформаларға жоғары баға берді

07 Қараша 2026 16:19see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары