Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Soltüstık Qazaqstan газетінің 105 жылдығы: Петропавлда өткен ғылыми конференцияда Мемлекет басшысы атынан марапаттар табысталды

Soltüstık Qazaqstan газетінің 105 жылдығы: Петропавлда өткен ғылыми конференцияда Мемлекет басшысы атынан марапаттар табысталды

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Петропавлда "Soltüstık Qazaqstan" газетінің 105 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Елдегі байырғы басылымдардың бірінің мерейтойы жай ғана атаулы дата емес, тұтас өңір жұртшылығы үшін мәні зор оқиғаға айналды. Іс-шара барысында редакция қызметкерлері марапатталып, газет тарихы мен қазақ журналистикасы және Қазақстанның қоғамдық ойының дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлғалар кеңінен сөз болды.

"Soltüstık Qazaqstan" газеті Солтүстік Қазақстан облысының рухани және ақпараттық өмірінің ажырамас бөлігіне әлдеқашан айналған. Бір ғасырдан астам уақыт бойы өңір тұрғындары маңызды жаңалықтарды, ел өміріндегі өзгерістер мен жетістіктерді осы басылым арқылы біліп келеді. Газет шежіресі өңір тарихымен, ел тағдырымен және Мағжан Жұмабаев есімімен тығыз астасып жатыр. Оның жүріп өткен жолы - отандық журналистиканың, ұлттық баспасөздің және тұтас дәуірдің қалыптасу жолының көрінісі.

Мерейтойлық жиынның маңызын Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаевтың қатысуы одан әрі айшықтай түсті. Ол Мемлекет басшысының атынан өңірдегі қазақ баспасөзінің қара шаңырағында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан қызметкерлерге "Құрмет" ордендері мен "Ерен еңбегі үшін" медальдарын табыстады. Жалпы іс-шара барысында 13 адам марапатталды.

"Ғасырдан асқан тарихы бар басылым өңір руханиятының қара шаңырағы болып саналады. Алаш арыстарының қолтаңбасы бар газет осы уақыт ішінде аймақтың тыныс-тіршілігінен хабар таратып, беделді БАҚ-қа айналды. Жұртшылықты толғандырған өзекті мәселелерді көтеріп, ұлттық баспасөздің дамуына өлшеусіз үлес қосты. Қазір де газет ұжымы сара жолын жалғастырып, қоғамның береке-бірлігін нығайтуға белсенді атсалысып келеді. "Soltüstık Qazaqstan" редакциясында шыңдалған журналистер еліміздің ақпарат саласының дамуына зор үлес қосып жүр", - деді Президент кеңесшісі.

Мерейтой иелерін облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов те құттықтады. Аймақ басшысы "Soltüstık Qazaqstan" газетінің тарихи миссиясына, қоғамдық өмірдегі орнына және ұлттық сөз өнерін сақтаудағы айрықша рөліне ерекше тоқталды. Басылымға деген жанашырлық бүгінде тек жылы лебізбен ғана емес, нақты қолдаумен де көрініс тауып отыр. Биыл редакция орналасқан ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізілмек, ал ұжымға жаңа автокөліктің кілті табысталды.

"Тамыры тереңге тартқан, халықтың сөзін сөйлеп, ел өмірінің тынысын танытып келе жатқан газет - өңір тарихының шынайы айнасы. Газеттің сарғайған беттерінде қазақтың біртуар тұлғалары - Мағжан Жұмабаев, Смағұл Садуақасов, Қошке Кемеңгерұлы, Әбдірахман Айсарин, Сәбит Мұқанов сынды ұлы қайраткерлердің қолтаңбасы қалған. Бір ғасырдан астам уақыт ішінде басылым бетінде еңбек еткен қаламгерлер халыққа рухани азық болып, өмірге бағыт-бағдар беретін мазмұнды дүниелер жариялап, қоғам дамуына зор үлес қосты. Бұл игі дәстүрді бүгінгі буын журналистері де абыроймен жалғастырып келеді. Бүгінде газет заман талабына сай жаңарып, ақпараттық кеңістікте өз орнын нық сақтап, өңір тынысын шынайы жеткізіп отыр", - деді СҚО әкімі.

"Құрмет" орденімен марапатталғандардың қатарында Зарап Құсайынов пен Нұргүл Оқашева бар. Ал газет жауапты хатшысы Жадыра Қанафинаға "Ерен еңбегі үшін" медалі табысталды. Ол осы салаға 20 жылға жуық уақытын арнап, журналистикада үлкен кәсіби жолдан өтті.

"Soltüstık Qazaqstan" газетінде 2008 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатырмын. Алғашқы уақытта "Қызылжар нұры" газетінде істедім. "Soltüstık Qazaqstan" газетінде тілші, аға тілші, бөлім меңгерушісі, ал бүгінде жауапты хатшы болып қызмет атқарамын", - деді "Soltüstık Qazaqstan" газетінің жауапты хатшысы Жадыра Қанафина.

Конференция барысында зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлері, шақырылған спикерлер баяндама жасады.

Солардың бірі - қоғам қайраткері, жазушы Жарасбай Сүлейменов. Ол Мағжан Жұмабаев, басылымның бастау-бұлағы және ұлттық баспасөз тарихындағы айрықша орны туралы ой бөлісті.

"Негізін Мағжан қалаған, қазығын Смағұл Сәдуақасов сияқты Алаштың арыстары қаққан басылым. Өзінің ғасырдан астам ғұмырында өзінің еліне, жеріне, халқына адал қызмет етіп, өзінің борышын атқарып келе жатыр". Әлі де талай асуды бағындыратынына сенім мол", - деді Жарасбай Сүлейменов.

Бүгінде "Soltüstık Qazaqstan" газетінде 30-ға жуық адам еңбек етеді. Басылымның таралымы 9 мың данаға жуықтаған, газет аптасына екі рет жарық көреді. Алайда осы сандардың ар жағында әлдеқайда терең мағына жатыр - ол ұрпақтар сабақтастығы, мамандыққа адалдық және оқырман алдындағы зор жауапкершілік. 105 жылдық белесті бағындырған "Soltüstık Qazaqstan" бүгінде жай ғана газет емес, Солтүстік Қазақстанның ұлттық сөзі мен рухани тірегінің, сабақтастықтың айқын символы болып отыр.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі ұсынған материал

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:193
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Наурыз 2026 20:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары