Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Солтүстік Қазақстан облысында Орталық Азиядағы ең ірі сауу қондырғысымен жабдықталған мегаферма ашылды

Солтүстік Қазақстан облысында Орталық Азиядағы ең ірі сауу қондырғысымен жабдықталған мегаферма ашылды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Солтүстік Қазақстан облысы еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің көшбасшысы ретіндегі мәртебесін нығайта түсуде. Өңірде Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең ірі, бір мезетте 100 сиырды саууға арналған «Карусель» сауу қондырғысымен жабдықталған тағы бір заманауи сүт-тауар фермасы пайдалануға берілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының заманауи сүт-тауар фермаларын салудағы оң тәжірибесі бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде кеңінен қолданылып, агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдаудың ең табысты үлгілерінің біріне айналды.

Жаңа жобалар Қазақстан Республикасы Президенті белгілеген стратегиялық міндеттерге толық сәйкес келеді. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу үлесін 70 пайызға дейін жеткізу, азық-түлік қауіпсіздігін нығайту, қайта өңдеу өнеркәсібі үшін заманауи шикізат базасын қалыптастыру және ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарын ашу көзделген.

Саланы дамытудың кезекті кезеңі Мағжан Жұмабаев ауданында жүзеге асырылып, мұнда «СК Агро 2050» сүт-тауар фермасы іске қосылды. Жоба толық қуатына шыққаннан кейін кәсіпорын тәулігіне 150 тоннаға дейін сүт өндіріп, Қазақстандағы ғана емес, Орталық Азиядағы ең ірі сүт кешендерінің біріне айналады.

Жобаның жалпы инвестиция көлемі шамамен 30 млрд теңгені құрайды. Оны іске асыру нәтижесінде 120-дан астам тұрақты жұмыс орны ашылады.

Жобаның басты ерекшелігі – Германияның GEA WESTFALIA бренді шығарған, бір мезетте 100 сиырды саууға арналған Орталық Азиядағы ең ірі «Карусель» сауу қондырғысы. Бұл жүйе жоғары өнімділікті, малдың жайлылығын және өндірістік процестердің толық цифрландырылуын қамтамасыз етеді.

Фермада енгізілген барлық технологиялық шешімдер әлемдік сүт шаруашылығы стандарттарына толық сәйкес келеді. Мұнда табынды автоматтандырылған басқару жүйесі, азықтандырудың цифрлық бақылауы, толық компьютерлендірілген құрама жем зауыты және малдың денсаулығын бақылайтын интеллектуалды жүйелер жұмыс істейді. Малдарды сауу залына жеткізуден бастап, ыстық кезеңде қора-жайларды салқындатуға дейінгі барлық өндірістік процестер дерлік автоматтандырылған.

«Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысы сүтті мал шаруашылығына заманауи технологияларды енгізу бойынша еліміздің сөзсіз көшбасшысы саналады. Өңірдегі 118 сүт-тауар фермасының 50-ден астамы бүгінде "ақылды" кәсіпорын форматында жұмыс істейді. Геннадий Зенченконың жаңа фермасында шамамен 9 мың бас мал бар, оның ішінде 3,6 мың басы – сауын сиырлар. Мұнда Германияның GEA WESTFALIA компаниясының 90 басқа арналған сауу каруселі жұмыс істейді. Ал жаңа "СК Агро 2050" кешені бұдан да ауқымды болады: мұнда жалпы мал басы 12 мыңға жетеді, ал 100 басқа арналған сауу қондырғысы Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азиядағы ең ірісі болып саналады», – деді Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Жобаның алғашқы кезеңінде 800 басқа арналған сиыр қорасы, заманауи сүт блогы, 550 басқа арналған құрғақ кезеңдегі және төлдеу алдындағы малдарды күтіп-бағу ғимараты, екі бұзау қорасы және жоғары технологиялық құрама жем зауыты салынды.

«Жыл басынан бері Германиядан әуе көлігі арқылы жоғары өнімді асылтұқымды 585 бас ірі қара жеткізілді. Биылғы жылдың соңына дейін Еуропа елдерінен тағы 660 бас мал әкелу жоспарланып отыр», – деді «СК Агро 2050» сүт-тауар фермасының бас технологі әрі басқарушысы Владимир Сергеев.

Оның айтуынша, заманауи цифрлық технологиялар сауу процесін, малдың жағдайын және өндірілетін өнімнің сапасын толық бақылауға мүмкіндік береді.

«Малдар өздерін еркін сезініп, сауу алаңына өздігінен кіреді. Күйзеліс факторларының болмауы өнімділіктің жоғары деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Барлық процестер барынша автоматтандырылған, ал интеллектуалды мониторинг жүйелері малдың жағдайындағы кез келген өзгерісті дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді», – деді Владимир Сергеев.

Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысы еліміздегі сүтті мал шаруашылығын дамытудың жаңа стандартын қалыптастырып келеді. Өңірде заманауи сүт-тауар фермаларын салу бағдарламасы аясында жалпы құны 144,5 млрд теңгені құрайтын 44 инвестициялық жоба іске асырылуда. Бұл Солтүстік Қазақстан облысын Қазақстандағы жоғары технологиялық сүт өндірісінің танылған орталығына әрі Орталық Азиядағы аграрлық жаңғыртудың жетекші өңірлерінің біріне айналдырып отыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:114
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Тамыз 2026 10:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see118

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see115

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see113

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see111

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see111

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see111

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see111

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see110

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see110

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see109

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see108

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see107

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see107

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see106

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see106

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see106

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see106

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары