Соңғы екі жылда қылмыстық істер бойынша мемлекетке 66,5 млрд теңгеге залал келтірілген
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АСТАНА, 24 тамыз – Sputnik. Соңғы екі жылда қаралған қылмыстық істер бойынша мемлекетке жалпы сомасы 66,5 млрд теңге залал келтірілген, деп хабарлады Бас прокуратура.
Бұл ретте 30,1 млрд теңге өндірілмей қалған.
Қалыптасқан жағдайдың негізгі себептерінің бірі - уәкілетті мемлекеттік органдардың мемлекетке келтірілген залалды өндіру туралы талап қоюларды бермеуі.
"Прокурорлар жалпы сомасы 30,1 млрд теңгеге 6 ұсыну, 3 наразылық және 27 талап қоюларды енгізді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 651 млн теңге мемлекет кірісіне нақты өндірілді. Залалдың қалған сомасын өндіру туралы талап қоюлар қаралып жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Соның бір мысалы - Қызылорда облысындағы іс. Екі азамат ақпараттық жүйеге көрінеу жалған мәліметтер енгізу арқылы 63 автокөліктің техникалық құжаттарына өзгерістер енгізген. Соның салдарынан 16 автокөлік бойынша 115,3 млн теңге кедендік төлем, ал 63 автокөлікті бастапқы мемлекеттік тіркеу үшін 460,6 млн теңге алым бюджетке түспеген.
Прокуратура қабылдаған шаралардан кейін уәкілетті орган сотқа жүгініп, 575,9 млн теңгені мемлекет пайдасына өндіруге қол жеткізді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:66
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Тамыз 2026 10:39 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















