Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Анасы ұлына түсінде көрген есімді беріп, Норвегияда түрмеге жабылды

Алматы мен Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады

Полицей мен ТЖД қызметкері балаларды құтқарып қалды

Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері лауазымына кандидат белгілі болды

Су жүйелерін жаңғыртуға 1,4 млрд теңге бөлінді

Алматыда атақты муралдың үсті бояп тасталды әкімдік себебін түсіндірді

Польша министрі Ресей зымырандарын Украина аумағында қағып түсіру мәселесін көтерді

Ақ жол партиясы Өнер музейінің ұжымымен кездесті

Алматыда рөлде қалғып кеткен такси жүргізушісі жүк көлігінің астына кіріп кетті

Сауалнама: азаматтардың 71% ы сайлауда дауыс беруді өзінің азаматтық парызы санайды

Түркия өз кемелеріне жасалған Украина шабуылынан кейін Қара теңізде кеме қатынасын шектеді

Балаларыңызға қарап жүріңіздерші... : танымал актер ата аналарға үндеу жасады (видео)

Әділет партиясы сайлауалды бағдарламасын таныстырып, өңірлердегі өзекті мәселені талқылады

+41 градусқа дейін: Қазақстанда жаңа аптап толқыны күтіледі

Сұлтан Сүлеймен Қазақстанға келеді

Өңірлерде жел күшейіп, найзағай ойнайды

Әділдік пен жауапкершілік таразысы

Қазақстанның бірқатар өңірлеріне аптап ыстық қайта оралады синоптиктер

Мектеп формасына қатысты ата аналар білуге тиіс маңызды талаптар

Қазақстанда 600 ге жуық дәрі бағасы арзандады

​Сотталған экс вице министрдің бауыры Атырау мұнай өңдеу зауытын басқаруы мүмкін

​Сотталған экс вице министрдің бауыры Атырау мұнай өңдеу зауытын басқаруы мүмкін

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Мұратжан мен Сәкен Мұсайбеков

«ҚазМұнайГаз» АҚ Мұнай өңдеу жөніндегі басқарушы директоры Мұратжан Мұсайбеков Атырау мұнай өңдеу зауытының (АМӨЗ) жаңа бас директоры болуы мүмкін. Егер тағайындалса, АМӨЗ басшысы орындығының оқиғаларға толы ұзақ тарихында кезекті тарау ашылайын деп тұр.

Тағайындалуы мүмкін деген кадрлық шешім туралы Pro Кадры kz Telegram-арнасы хабарлады.

«ҚазМұнайГаз» тарапынан да, АМӨЗ тарапынан да ресми хабарлама әлі түскен жоқ. Дегенмен, таңертең PetroCouncil Telegram-арнасы қазіргі бас директор Қуаныш Бишимовтың жақын арада қызметінен кететінін хабарлаған еді. Еске салсақ, ол зауыт тізгінін өткен жылдың сәуір айында ғана қолға алған болатын.

Мұратжан Мұсайбеков 1974 жылы туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын («Экономист»), «Әділет» заң академиясын («Заңгер-құқықтанушы») және Атырау мұнай және газ институтын («Органикалық заттардың химиялық технологиясы») бітірген.

Әр жылдары Алматы қаласының салық органдарында, ICS Inspection and Control Services Kazakhstan, «Васильковский ГОК» және «Алтыналмас» компанияларында қызмет атқарған.

2009 жылдан бастап Мұсайбековтің еңбек жолы «ҚазМұнайГазбен» тығыз байланысты. Ол KPI Inc. компаниясын басқарды, «ҚазМұнайГаз — өңдеу және маркетинг» ЖШС бас директорының орынбасары болды, АМӨЗ басқарма құрамына кірді, ал қазіргі уақытта ҚМГ-ның Мұнай өңдеу жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарады. Яғни, ол бұл зауыт үшін жат адам емес.

Дегенмен, оның өмірбаянында тағы бір назар аударарлық жайт бар. Мұратжан Мұсайбеков — 2021 жылы алаяқтық үшін сотталған Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы вице-министрі Сәкен Мұсайбековтің туған бауыры.

Ол кездегі оқиға дерлік кино сюжетіндей өрбіген еді. Сәкен Мұсайбеков Астана әуежайында Дубайға ұшпақ болған жерінен ұсталды. Оның жанынан әйелдердің Hermès сөмкесі мен 5 мың доллар табылды. Бастапқыда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет букмекерлік бизнес саласындағы компанияның мүддесін қолдау ісі бойынша тергеу жүргізген. Кейін айыптау алаяқтық бабына қайта сараланды. Сот бұрынғы шенеунікті кінәлі деп танып, оған 62,394 млн теңге көлемінде айыппұл салды. Сөмке мен ақша мемлекет пайдасына тәркіленді.

Бұдан кейін оның мансабы аяқталды сияқты көрінгенімен, олай болмады. Айыппұлды төлегеннен кейін Сәкен Мұсайбеков үлкен спортқа оралып, алдымен Қазақстан хоккей федерациясын басқарды, кейін «Барыс» хоккей клубының бас директоры болды.

Енді, міне, Мұсайбековтердің тегі елдегі ең ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының біріне басшы тағайындалуы мүмкін деген жаңалықтарда қайтадан бой көрсетіп отыр.

6 тамыз, 16:38

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:57
embedДереккөз:https://azh.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Тамыз 2026 21:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Анасы ұлына түсінде көрген есімді беріп, Норвегияда түрмеге жабылды

07 Тамыз 2026 14:23see116

Алматы мен Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады

07 Тамыз 2026 13:10see115

Полицей мен ТЖД қызметкері балаларды құтқарып қалды

06 Тамыз 2026 23:47see115

Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері лауазымына кандидат белгілі болды

07 Тамыз 2026 13:18see112

Су жүйелерін жаңғыртуға 1,4 млрд теңге бөлінді

08 Тамыз 2026 03:20see112

Алматыда атақты муралдың үсті бояп тасталды әкімдік себебін түсіндірді

08 Тамыз 2026 10:48see111

Польша министрі Ресей зымырандарын Украина аумағында қағып түсіру мәселесін көтерді

07 Тамыз 2026 17:00see110

Ақ жол партиясы Өнер музейінің ұжымымен кездесті

07 Тамыз 2026 23:25see110

Алматыда рөлде қалғып кеткен такси жүргізушісі жүк көлігінің астына кіріп кетті

07 Тамыз 2026 12:39see109

Сауалнама: азаматтардың 71% ы сайлауда дауыс беруді өзінің азаматтық парызы санайды

07 Тамыз 2026 17:26see109

Түркия өз кемелеріне жасалған Украина шабуылынан кейін Қара теңізде кеме қатынасын шектеді

08 Тамыз 2026 19:00see109

Балаларыңызға қарап жүріңіздерші... : танымал актер ата аналарға үндеу жасады (видео)

07 Тамыз 2026 00:44see108

Әділет партиясы сайлауалды бағдарламасын таныстырып, өңірлердегі өзекті мәселені талқылады

08 Тамыз 2026 12:02see108

+41 градусқа дейін: Қазақстанда жаңа аптап толқыны күтіледі

07 Тамыз 2026 10:52see107

Сұлтан Сүлеймен Қазақстанға келеді

07 Тамыз 2026 12:39see106

Өңірлерде жел күшейіп, найзағай ойнайды

07 Тамыз 2026 07:29see106

Әділдік пен жауапкершілік таразысы

08 Тамыз 2026 04:50see105

Қазақстанның бірқатар өңірлеріне аптап ыстық қайта оралады синоптиктер

08 Тамыз 2026 16:24see105

Мектеп формасына қатысты ата аналар білуге тиіс маңызды талаптар

07 Тамыз 2026 16:09see105

Қазақстанда 600 ге жуық дәрі бағасы арзандады

07 Тамыз 2026 15:37see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары