Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Кеңейтілген құрамда кездесті

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

СҚО алғаш рет өзін өзі ет өнімдерімен толық қамтамасыз етті

СҚО алғаш рет өзін өзі ет өнімдерімен толық қамтамасыз етті

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Солтүстік Қазақстан облысы былтыр алғаш рет өзін-өзі ет өнімдерімен толық қамтамасыз етті. Фермерлер мал басын айтарлықтай арттырды. 

Ал аграрлық сектор 6,6 миллион тонна астық жинап, рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Сонымен қатар өңдеу кәсіпорындары жаңа өндірістерді іске қосты. Агроөнеркәсіп кешенінде ауыз толтырып айтарлықтай жетістік бар. 

Солтүстік Қазақстан облысында алғаш рет қою сүт өндіретін зауыт іске қосылды. Кәсіпорын жылына 12 мың тонна өнім шығарып, ішкі нарықты толық қамтамасыз етуді көздейді. Сонымен қатар өнім ТМД елдеріне, Орталық Азия, Қытай мен Моңғолияға экспортталмақ. Жаңа өндіріс еліміздің сұранысын толық жауып, қоюландырылған сүт шығару бойынша Қазақстандағы ең ірі кәсіпорынға айналуды мақсат етіп отыр. Жобаның жалпы инвестициялық көлемі – 10 миллиард теңге.

Андрей Гриценко, зауыттың бас директоры:

- Біз импортты алмастырып, Қазақстанда тек отандық өнімнің болуын мақсат етіп отырмыз. Бұл – ең жоғары деңгейде, яғни 98% автоматтандырылған желі. Біз Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жергілікті фермерлердің шикізатын пайдаланамыз. Қазіргі таңда олардың саны 18-ге жетті.

Өткен жылдың соңында Солтүстік Қазақстан облысында ақ саңырауқұлақ өсіретін ферма жұмысын бастады. Бұл – өңір үшін бұрын-соңды болмаған жаңа өнім түрі. Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы жылына 2 мың тонна саңырауқұлақ өндіруге мүмкіндік береді. Мұнда саңырауқұлақты өсіріп қана қоймай, өңдеп, мұздатылған күйінде шығару жоспарланған.

Екатерина Асаёнок, саңырауқұлақ фермасының директоры:

- Біз камераға салған компосттың толық жұмыс істеу мерзімі – барлығы 37 күн. Яғни компостты салғаннан кейін 18 күн өтеді, содан соң біз саңырауқұлақтарды жинай бастаймыз. Оларды шамамен 21 күн бойы жинаймыз. Одан кейін камерадан барлығын толықтай алып тастаймыз. Камера жуылып, өңделеді, дезинфекцияланады және бумен залалсыздандырылады. Содан соң бірден компосттың жаңа партиясы салынады. Барлығы қайтадан осы тәртіппен басталады.

Сондай-ақ өңірде Орталық Азияда баламасы жоқ ірі тауарлы-сүт фермасының құрылысы жүріп жатыр. Кәсіпкер мемлекеттік бағдарлама аясында жеңілдетілген несие алған. Қазіргі таңда Германия мен Украинадан асыл тұқымды 400 бас голштин сиыры сатып алынды. Әрбір мал басына 700 мың теңге көлемінде субсидия қарастырылған. 3 мың 600 сауын сиырға арналған бұл жобаның жалпы құны 8 миллиард теңге.

Николай Кляйн, фермер:

- Мемлекеттің қолдауының және Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тарату бағдарламасы аясында берілген  жеңілдетілген несиенің рқасында біз жасанды интеллект элементтері бар ең ірі әрі заманауи тауарлы – сүт фермасын салдық. Қаражат «Солтүстік» Әлеуметтік Кәсіпкерлік Корпорациясы арқылы 2,5 проценттік жылдық мөлшерлемемен бөлінді.

Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі негізінде әзірленген бағдарлама тауарлы сүт фермаларын дамытуға тың серпін берді. Соңғы төрт жылда 600-ден астам сауын сиырға арналған 45 заманауи тауарлы сүт фермасы іске қосылды. Соның нәтижесінде асыл тұқымды мал басының саны едәуір артты.

Дәурен Тоққожинов, Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

- Егер мал шаруашылығы туралы айтатын болсақ, бұл салада да өсім бар. Өткен жылмен салыстырғанда өсім шамамен 7%-ды құрады. Бізде ірі қара малдың, ұсақ малдың және жылқының бас саны барлық санат бойынша артты. Қазіргі таңда ірі қара мал саны 265 мың басты құрайды, ұсақ мал — 358 мың бас, жылқы — 126 мың басқа жеткен. Есепті жылдың қорытындысы бойынша біз 80 мың тонна ет өндірдік. Егер еттің құрылымына тоқталсақ, оның шамамен 28%-ы сиыр еті, 18%-ы шошқа, ал 15–10 процентін жылқы еті мен ұсақ мал еті құрайды.

Осылайша, 2025 жылы облыс етке деген сұранысты толық қамтамасыз етті. Өңірде сиыр, жылқы және қой етінің өндірісі кең көлемде жүргізіледі.

Дәурен Тоққожинов, Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

- Біздің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріміз белгіленген 5 процент мөлшерлемемен несие алып, жалпы сомасы 161 млрд теңгені игерді. Оның ішінде 2025 жылғы көктемгі дала жұмыстарына арналған ерте қаржыландыру аясында «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша 107 млрд теңге көлемінде қаржыландырылды. Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту бойынша аграрлық секторда 50 млрд теңгеден астам несие алынды. 

2025 жылы дәнді дақылдар көрсеткіші бойынша да табысты жыл болды. Диқандар 6,6 миллион тонна астық жинады – бұл рекордтық өнім. Кейбір шаруашылықтар гектарына 60 центнерден астық жинады. Ал майлы дақылдар бойынша өндіріс көлемі 1,2 миллион тоннаға жетті. Бұл да өңір үшін тарихи жетістік болып отыр. 

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Наталья Волкова, Төлеген Иманов, Қуаныш Қазбеков

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:189
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Қаңтар 2026 11:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see140

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see136

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see134

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see132

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see131

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see129

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see128

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see124

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see124

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see123

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see123

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see122

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see121

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see121

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see118

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see118

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see117

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see117

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see116

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары