Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

СҚО да жекеменшік балабақшалар қаржыландырусыз қалуы мүмкін

СҚО да жекеменшік балабақшалар қаржыландырусыз қалуы мүмкін

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасына Қазақстан үздіксіз білім беру қауымдастығының филиалы жүгінді. Мәселе Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте қаралды.

СҚО кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, ваучерлік қаржыландыру пилоттық жобасы 2025 жылдың басында іске қосылған. Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығына сәйкес, ол 2026 жылдың 3 наурызына дейін белгіленді.

— Жоба аясында тараптардың өзара әрекеті мемлекеттік сатып алу порталында жасалған келісімшарт арқылы жүзеге асырылды. Келісімшартқа білім бөлімі, Қаржы орталығы және мектепке дейінгі ұйымдар қатысты. Биыл 27 ақпанда министрлік жобаны 1 шілдеге дейін ұзарту туралы шешім қабылдағанымен, балабақшаларды қаржыландыру мәселесі белгісіз күйде қалып отыр. Өйткені мемлекеттік сатып алу порталындағы қолданыстағы келісімшарттың мерзімі 28 ақпанда аяқталған. Соның салдарынан кәсіпкерлер жаңа кезеңге қаржыландыру тәртібі және өзара әрекет ету механизмдері туралы нақты ақпарат ала алмай отыр, — дейді кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Ольга Достлер.

Соған қарамастан балабақшалар жұмысын жалғастырып, балаларды қабылдап жатыр. Бірақ көрсетілген қызмет үшін төлем жасалатынына кепілдік жоқ.

— Келісімшартқа ата-аналардың да қатысы бар. Сондықтан қазіргі жағдайда олардың құқықтары да толық қорғалмаған. Кейбір өңірлерде келісімшарттар қайта жасалып жатқанымен, Астана, Шымкент қалаларында, Солтүстік Қазақстан, Алматы Қарағанды, Қызылорда және Түркістан облыстарында бұл мәселе әлі шешілмеген, — дейді Қазақстан үздіксіз білім беру қауымдастығы СҚО филиалының төрағасы Ольга Жаркова.

Сонымен қатар жыл басынан бері қаржыландыру кешіктіріліп келеді. Балабақша басшыларының айтуынша, коммуналдық төлемдер бойынша қарыз жиналып қалған. Интернет пен телефон қызметін өшіру туралы ескерту түскен, электр энергиясынан ажырату қаупі де бар. Қызметкерлердің жалақысы да кешігіп төленген.

Кәсіпкерлер бұл жағдай кадр мәселесіне де әсер етіп жатқанын айтады. Кейбір тәрбиешілер жалақының тұрақсыздығына байланысты жұмыстан кеткен. Бұл мәселе жекеменшік қана емес, мемлекеттік балабақшаларда да бар. Қазір Петропавлда барлығы 49 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, олардың 16-сы — жекеменшік.

Петропавл қалалық білім бөлімінің өкілдері қаржыландырудың уақтылы болмауы Қаржы орталығы тарапынан бюрократиялық рәсімдермен байланысты екенін айтты. Қаржы балабақшалардың 80% қаңтардың соңғы күні, кейбір балабақшаларға тек ақпанның басында, ал ақпан айының төлемдері наурыздың 4–5 күндері ғана түскен.

Қазіргі уақытта білім бөлімі наурыз бен маусым айлары аралығына арналған жаңа келісімшарттар жасау үшін барлық қажетті деректі жолдаған. Алайда Қаржы орталығынан әлі ресми жауап жоқ.

Бұған дейін еліміздегі балабақшаларда пилоттық жоба іске қосылғанын жазған едік.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:154
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Наурыз 2026 10:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see118

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see115

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see113

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see111

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see111

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see111

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see111

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see110

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see110

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see109

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see108

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see107

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see107

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see106

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see106

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see106

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see106

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары