Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Тасқынға тастүйін дайындық

Тасқынға тастүйін дайындық

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Батыс Қазақстан облы­сында көктемгі су тас­қынының алдын алу жұмыстары қазір­ден басталып кетті. 2 мыңға жуық тұрғын үй мен 15 мың саяжайды су астына қал­дырған 2024 жылдың са­бағы ұмытылар емес.

Дегенмен 2024 жылғы су тас­қыны халықтың бірлігін күшейт­кен кезең болды. Мемлекеттік ме­кемелер мен қарапайым ха­лық қоян-қолтық қимылдап, Жайық өзені бойындағы 84 ауылды, Орал қаласын тілсіз жаудан қор­ғап қалды. Зардап шеккен тұр­ғын­дарға Президент тапсырмасына сәйкес материалдық көмек уақтылы көрсетіліп, баспанамен қамтамасыз етілді. 13 мың отбасы 4,8 млрд теңге көлемінде біржол­ғы төлем алса, 10 мың отбасына ­4,1 млрд теңге материалдық өтем­ақы төленді. 1374 үй мен саяжай­ды жөндеуге 4,3 млрд теңге қара­жат жұмсалды. 3 мыңға жуық пәтер сатып алынып, 900-ден астам жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді.

Облыс аумағында кейінгі екі жылда су тасқынына қарсы жұ­­мыс қарқынды жүргізілді. Өңір ­басшысы Нариман Төре­ғалиев 2024–2025 жылдары бағ­дарламалық құжаттар аясында су тасқынына қарсы жұмыстарға 7,5 млрд теңге жұмсалғанын айтады. Соның ішінде жалпы ұзындығы 155 км болатын 90 қорғаныс бөгеті орнатылып, 10 км канал қазылған. 94 шақырым арық жүйесі, Чирово, Жаңа өмір, Кемер, Ұзынкөл, Ақжайық, Мұратсай су­қоймалары жөндеуден өткен. Жеті өзеннің арнасы кеңейтіліп, Орал қаласында Жайық өзенінің 700 метрлік жағалауы нығайтылған. Автожолдарға 58 су өткізу құбыры орнатылып, облыс аумағында 238 шақырымдық магистралды каналдар тазартылған. Тасқала ауданында Деркөл өзенінің 5,3 км арнасын тереңдетіп, тазарту жұ­мы­с­ы басталып кетті. Бұған 622 млн теңге қарастырылған.

Ел көлемінде белең алған цифр­ландыру үрдісі енді тілсіз жаумен күресуге де көмектеседі. «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ-ның көмегімен тасқын қаупін алдын ала болжайтын «Тасқын» ақпараттық жүйесі жасалды. Қорғаныс бөгеттері цифрланды­рылып, 64 гидроқұрылыстың пара­метрлері тұрақты бақылауға алынды. Мониторингті жақсарту мақсатында жаңадан 10 гидро­бе­кет ашылған. Оның ішінде Жа­йық, Шаған, Деркөл өзендерін­де автоматтандырылған 3 бекет ­тұр. Биыл өңірде тағы да 2 жаңа гид­робекет құрылысы басталады.

Президент 2024 жылы көк­темде кей тұсы өткел бермей кететін Қалдығайты, Жақсыбай, Шыңғырлау өзендерінде тұрақты көлік қатынасын қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берген болатын. Қазір Қаратөбе мен Шыңғырлау аудандарында салынатын үш көпірдің жобасы әзірленді. Көпірлердің жалпы құны – 7,5 млрд теңге. Құрылыс-монтаж жұмысын жүргізуге рес­пуб­ликалық бюджеттен қаржы бөлінеді.

Тасқынның бір себебі – өзен мұзының дер кезінде сөгілмей, тасыған суды бөгеуі. Былтыр өңірде 23 мың шаршы метр аумақта мұз жару жұмысы жүрді. Биыл да осы мақсатқа қазынадан 230 млн теңге бөлінген. Қауіпті тұстар анықталған.

Елді мекендерде қар шығару жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Бұған жергілікті бюджеттен 6,1 млрд теңге жұмсалмақ. Бұл былтыр бөлінген қаржыдан әжептәуір артық. Қазірдің өзінде 203 мың шаршы метр шығарылды.

Облыс аумағындағы негізгі су артериясы – Жайық өзені бастауын шекараның арғы жағынан алатын болғандықтан, Ресей Феде­ра­циясындағы жағдайды да жер­гілікті төтеншеліктер бақылап отыр. Соның ішінде Иреклі суқой­масындағы жағдай басты назарда. «Ресейлік әріптестерімен арадағы мәселелерді талқылау үшін биыл да ақпан айында Ресейдің Орын­бор облысына іссапар жоспарлап отырмыз», дейді өңір басшысы.

Мемлекеттік тапсырыс бойын­ша жаңадан ашылған «Батыс Ир­ригация» мекемесіне 1,1 млрд теңгеге 31 арнайы техника сатып алынған. Бұдан бөлек, тікелей су ша­руашылығы қызметіне жауап­ты «Қазсушар» мекемесі де 1,7 млрд­ теңгеге 51 жаңа техника ал­ды. Өңірде жалпы су тасқыны сал­дарын жоюға 4 573 адам, 2 040 тех­ника, 194 жүзу құралы, 487 су сору тех­никасы дайын тұр. 7 мың тонна­дан аса инертті материал, 336 мың дана қап, 423 тонна құм әзірленген.

Батыс Қазақстан облысы 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:146
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қаңтар 2026 09:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see118

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see115

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see113

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see111

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see111

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see111

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see111

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see110

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see110

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see109

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see108

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see107

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see107

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see106

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see106

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see106

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see106

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары