Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Тәтен кемпірдің жеті шелпегі

Тәтен кемпірдің жеті шелпегі

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Бұл ауылдың тарихы тым әріде жатыр. Қазіргі Қоғалы ауылы бұрын Сталин атындағы ұжымшар болатын. Аталған шаруашылық іргелес Молотов атындағы ұжымшармен қосылып, Бәйтен көпірі тұсынан орын теуіп, кейіннен «Ортақшыл», «Октябрь», Жамбыл атауларын иеленді. Ақыр соңында тарихи Қоғалы атау қайтарылды.

Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Қазір ауылда төрт мыңға жуық халық тұрады. Орта мектеп, балабақша, амбулатория жұмыс істейді. Жыл сайын мыңдаған гектар жерге күріш егіледі. Бір кездері мемлекетке миллион пұт күріш тапсыратын, жиырма мыңға жуық қой өсірген, тауарлы-сүт фермасы болған іргелі елді мекен. Қоғалы Ленин орденді шопан Рабиға мен механизатор Жақсылық Алдамұратовтар, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Жаңбырбай Қожауов, ағайынды Лапиндер, Қоңырқожа Қожықов, Сәбира Майқанова сынды тұлғалармен мақтанады. Біз сөз еткелі отырған Тәтен кемпір жайында жазуға отырғанымда кіндік қаным тамған Қоғалы есіме орала берді.

Біз оншақты бала сұрапыл соғыс біткен жылы жетіжылдықты осы Қоғалыда бітір­дік. Бірге оқыған Зұлқарнай, Балтагүл, Ізбасар, Орынбасар, Қуаныш, Жылқыбай, Тоқтаркүлдердің пәни дүниеге аттанғанына көп жыл болды. Әлі есімде, сұрапыл соғыстың бітер түрі жоқ. Әр үйге хат тасушы Сейітқасым аға келген сайын үрейленетін кез. Бірі ұлынан хат келгеніне қуанып жатса, енді бірі «қара қағаз» алып, қан жұтатын. Соғыста жүрген ұлдарының жазған хаттарын оқып берген сәттегі ата-аналардың қуанышы әлі есімнен кетпейді. Әскердегі ағалар шетінен ақын сияқты әр хатты өлеңмен бастайтын еді-ау. Бір ағаның хаты есімде, соны қаз-қалпында айтайын.

«Арнаулы артық сәлем құлыныңнан,

Он үзген омыртқаңды жұлыныңнан.

Көкешім, мен кеткелі белің босап,

Қалдың ба, қаяу түсіп тұғырыңнан.

Қолыңа бұрын қонған құсың едім,

Жігерің, әл-қуатың, күшің едім.

Мінсең – ат, кисең – шапан, кессең – пышақ,

Шайнасаң отыз меруерт тісің едім!»

Қандай керемет өлең! Бала солдаттың ата-анасына, елге деген сағынышы жыр жолдарына тұнып қалғандай.

Сол жылдары Тәтен кемпір ауылдағы бір үйде жалғыз өзі тұратын еді. Екі қызы қалаға күйеуге тиіп кеткен. Жалғыз ұлы Шаханның соғысқа аттанғанына тура төрт жылдан асқан. Хат-хабар жоқ. Бірақ Тәтен кемпір «Ұлым тірі, елге оралады» деп әр жұма сайын жеті шелпек тарататын. Тәтен кемпірдің үйіне күйеулері хабарсыз кеткен жесірлер Күмісқал, Шәрбан, Дәніш, Айжамал, Жәмила, содан соң тағы қасында жүрген Сара әжей күнде жиналады. Әңгімені Тәтен әжей бас­тайды.

«Бұл соғыс көп ұзамай бітеді. Ерле­рің аман-сау оралады. Есберген мен Шайыр­қожаны хат-хабарсыз кеткен ұлдары Қуа­ныш­бек пен Шәріп аман-сау оралады деп жұбатыңыздар. Қайғы жұтпасын, қазақтың «Аман ердің аты шығады» дегені бар», деп Тәтен кемпір төгілте сөйлегенде қасындағылар ұйып тыңдап, сілтідей тына қалатын-ды.

Тәтен кемпір қала іргесіндегі Махамбетов ауылының тумасы болатын. Кезінде Еспенбет қажының ата-аналары құда түсіп, отау құрғызған. Қажыдан бір ұл, екі қыз өрбітті. Қажы сонау 1934 жылы Меккеден екінші рет оралып, дүние салған-ды. Тәтен кемпір ұзақ жыл жесірлік тау­қы­метін тартты. Жалғыз ұлы Шахан әскерге кет­­кеніне төрт жылдан асқан. Хат-хабар жоқ. Бі­рақ Тәтен кемпір «ұлым тірі» деп жеті шелпек тара­ту­дан жаңылған емес. Жесір келіншектерді орта­ға алып, жігерлерін қайрауын да тоқтатқан жоқ.

«Жасымаңдар. Бұл сәбет немісті жеңбей қоймайды. Осыны ұғыңдар. Көзін ашқалы талай соғысты көрген халық. Күні ертең немісің тізе бүгеді. Мерекелейтін күн жақын», деп сөзді нөсерлете түсетін-ді.

Тәтен кемпірдің айтқаны айдай келді. Жеңіс туы тігілді. Хабарсыз кеткен ұлы Шахан Қаюпов 1946 жылы елге аман-сау оралды.

Бір күні Шахан аға соғыс кезінен әңгіме қозғады.

«Мен әскерде тұтқынға түсіп, Берлиннен 18 шақырым жердегі қаңылтыр зауытында жұмыс істедім. Содан бір түнде бес жігіт зауыт­тан қашып, Польша жеріндегі өз сол­дат­тарымызға қосылдық. Жол-жөнекей көр­ген қиындық ұзақ әңгіме. Ағаштың қабы­ғын, құрт-құмырсқаны қорек еттік. Талай талықсып құладым. Осы сәтте шелпек нан­ның исі мұрныма келіп, бойыма қуат бер­гендей болды. Алланың құдіретіне таңырқа­масқа амал жоқ», дейді Шахан ағамыз.

Майдангер Шахан Қаюповтың анасы Тәтен Жиенқожақызы 1980 жылы дүние салды. Ал Шахан аға 76 жасында бақиға аттанды. Жеті шелпек таратқыш Тәтен кемпір көп қызық көрді. Ұлы майданнан оралып, немере-шөбере сүйіп, арманы орындалды. Қазір Қоғалы ауылында Тәтен кемпірдің немересі (ұзақ жыл мектепте директор болған, ауылдағы ардагерлер кеңесінің төрағасы) Сламбек Қаюпов тұрады. Ол кісі де әжесі Тәтен кемпір жайында небір қызықты әңгімелер айтады.

Қайран біздің аты аңызға айналған аналар! Бүгінгі бақытты күнге сіздердің тілеулеріңізбен, Тәтен кемпір секілді әжеле­ріміздің жеті шелпек таратқан ниетімен жеттік.

Қайырбек МЫРЗАХМЕТҰЛЫ,

Қазақстанның құрметті журналисі

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің тауар өндірушілер тізіліміне 5 мыңға жуық кәсіпорын тіркелген

Экономика • Бүгін, 09:43

Астана мен Алматыда доллар қаншадан саудаланып жатыр?

Қаржы • Бүгін, 09:35

Қазақстанда қазір қандай жолдар жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 09:23

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 09:12

Конституцияның жаңашылдығы – байыпты тұжырымдамалық мазмұнында

Саясат • Бүгін, 09:05

Суды үнемдеу – өңір дамуының өзегі

Саясат • Бүгін, 09:02

Инвесторларды қолдау тетіктері жетілдіріледі

Саясат • Бүгін, 09:00

Цифрлық жаңғыртудың нақты қадамдары

Саясат • Бүгін, 08:55

Әскери теміржол күзетінің мәртебесі бекітілді

Саясат • Бүгін, 08:53

Жасанды интеллект жұмыссыз қалдыра ма?

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:50

Креативті индустриядағы ұлттық қолтаңба

Жастар • Бүгін, 08:48

Трансфер нарығы: Нани «Ақтөбе» сапында ойнайды

Футбол • Бүгін, 08:45

Жақсылық жасау – жауапкершілік

Жастар • Бүгін, 08:43

Теңгенің тегеуріні

Теңге • Бүгін, 08:40

Оқытуды жеңілдеткен платформалар

Digital • Бүгін, 08:38

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:181
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қаңтар 2026 10:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары