Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Хэллоуиндік қалжың Алматыдағы әйелге 130 мың теңгеге түсті

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Тәуелсіздік және ұлттық мәдениет

Тәуелсіздік және ұлттық мәдениет

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Азаттыққа қол жеткізген алты алаштың мәдениеті мен өнері де өзгеше өрістеді.

Қазақ мәдениеті үшін жаңа кезең басталды. Ұмыт қалған мұрамыз жаңарды. Елде маңызды межелер қолға алынып, мәдениетіміз қайта түледі.

Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін сөзсіз қазақ мәдениеті үшін жаңа кезең басталды. Ұмыт болған жәдігерлер қайта жаңғырды, қазақтың сөзі мен өнері төрге озды. Тарих болып, тасада қалған барлық мұраларымыз шетінен аршыла бастады. Алғаш болып қолға алынған "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы. 2004 жылы президент жарлығымен бекітілген маңызды құжат Қазақстанның әлемдік өркендеуінің дәлелі.

Баянғали Әлімжанов, ақын, жазушы:

- Тәуелсіз мемлекет болып, әлемнің картасында Қазақстан деген жеке ел, тәуелсіз ел болып, өз Туың желбіреп тұру, өзінің Әнұраны шырқалып тұру деген – бұл саналы адам үшін асқан бақыт. Осының қиындығына да, халыққа айттық, көнейік осының барлығына. Біз енді Тәуелсіздіктің жақсылығын көрейік деп. Патриот адам өз халқын сүйеді. Халқын сүйген адам халқына не тілейді? Бақыт, береке тілейді, табыс тілейді, жақсылық тілейді. Ал ол қайда болады? Ол бейбіт елде болады. Ең бірінші бейбіт елде болады. 

Кеңестік жүйе құлдырағаннан кейін егемендікке қол жеткізген алғашқы жылдары еліміздің дамуының әр саласында, соның ішінде мәдениет саласында айтулы дағдарыстар белең алды. Бірінші кезекте мемлекет ретінде қалыптасуымыз қажеттілігін көрсетті. Мәдени ордаларды салу, театрлар жұмысын жандандыру шаралары күн тәртібінен түспеді. Бірі бас қала төрінен  "Астана Опера" Мемлекеттік опера және балет театры бой көтерді. Теңдессіз ғимарат әлемдегі ең бір техникалық жарақтандырылған сахналардың қатарына енді.

"Астана Опера" ұжымы жуырда ғана Оман жұртшылығын таңдай қақтырды. Елордалық ұжым Маскат Корольдік опера театрында Ролан Петидің "Коппелия" балетін сахналады. Екі күн ішінде әуезді қойылымды екі мыңнан аса көрермен тамашалады. Иронияға толы туынды «Астана Опера» репертуарына 2019 жылы енген. Содан бері труппаның сүйікті қойылымдарының біріне айналды. Маэстро Руслан Баймурзин жетекшілік еткен оркестр балеттің драматургиясын тереңдетіп, әсерлі музыкалық атмосфера қалыптастырды, дейді Оман жұртшылығы.

Оман, Маскат 

Айхан Тураль, көрермен:

- Керемет қойылым үшін алғыс білдіремін. Бұл менің Астана Операны алғаш көруім емес. 2019-2020 жылдары Қазақстанда тұрдым. Сол кезде Астана Операны көрген едім. Бұл мен үшін өте керемет тәжірибе болды. Сондықтан, осының жалғасы ретінде халықаралық тәжірибеде бүгінгі тамаша қойылымнан алған әсерім ерекше. Артистер, музыка, оркестр бәрі тамаша. Шығармашалық топқа тек сәттілік тілеймін. Халықаралық деңгейдегі толағай табыс тілеймін.

2025 жыл Қазақстанның мәдени өмірі үшін айрықша кезең болды. Мәселен, бірқатар маңызды мерейтойлық даталармен ерекшеленді. Ұлы Жеңістің 80 жылдығы, Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл, Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияға 35 жыл, Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы, Бауыржан Момышұлының 115 жылдығы, Нұрғиса Тілендиев пен Әбілахат Есбаевтың 100 жылдықтары атап өтілді. Қазіргі таңда мәдени мұраны цифрландыруға ерекше көңіл бөлініп отыр. Цифрлық дәуірде оны сақтау мен насихаттаудың жаңа мүмкіндіктері ашылуда. Елдің ірі музейлерін біртұтас цифрлық кеңістікке біріктіретін "E-Museum" виртуалды музейлер желісі іске қосылды. Жоба аясында 284 музей, 65 мың экспонат, оның ішінде 3D форматтағы 250 артефакт қамтылған. 

Кәмшат Мұхамеджан

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:174
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Желтоқсан 2025 13:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see117

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see114

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see114

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see110

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see110

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see109

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see109

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see108

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see108

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see107

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see107

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see105

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see104

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see104

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see104

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see102

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see102

Хэллоуиндік қалжың Алматыдағы әйелге 130 мың теңгеге түсті

05 Қараша 2026 16:01see101

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see101

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары