Тікелей эфирде көрсеткен: жол ережесін бұзған шымкенттік екі жігіт қамалды
Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
18 жастағы екі бозбала жол ережесін бұзғанын тікелей эфирде көрсеткен. Олардың әлеуметтік желідегі әрекеті полиция назарынан тыс қалмады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полиция қызметкерлері Hyundai Sonata автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы тікелей эфир барысында жол қозғалысы ережелерін бұзғанын анықтады. Сондай-ақ олар бейәдеп сөздер айтып, айналасындағыларға құрметсіздік танытқан.
Шымкент қаласының Полиция департаментінің мәліметінше, полицейлер автокөлікті жедел анықтап, құқық бұзушылықтың жолын кесті.
-Көлік жүргізушісі – 18 жастағы қала тұрғыны Абылайхан Баймағамбетов маневр жасау және көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзғаны және ұсақ бұзақылық үшін жауапкершілікке тартылды. Ал жолаушы – 18 жастағы Санжар Алтынбекке қатысты ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік материалдар жинақталды. Сот шешімімен Абылайхан Баймағамбетов 10 тәулікке, ал Санжар Алтынбек 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды, - делінген қалалақы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Полиция кез келген заңсыз әрекет назардан тыс қалмайтынын, сондай-ақ әрбір құқық бұзушылыққа тиісті құқықтық баға беріліп, кінәлі тұлғалар заң аясында жауапкершілікке тартылатынын ескертті.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:52
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қазан 2026 11:13 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















