Ыдысқа салып, пакетпен ораған: Алматыда көлігінен есірткі табылған жүргізуші ұсталды
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Алматыда есірткіге мас күйде көлік басқарған ер адам ұсталды. Полицейлер оның көлігінің салонынан өсімдік тектес зат салынған ондаған ыдыс пен пакет тапты – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты
Оқиғаның мән-жайын Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Абай даңғылы мен Радостовец көшесінің қиылысында патрульдік полиция қызметкерлері Toyota Camry көлігін тоқтатты. Көлікті тексеру кезінде өсімдік тектес зат салынған түйіншектер табылды. Көлік салонында есірткізат салынған 23 пластик ыдыс пен жеті полиэтилен пакет болған. Медициналық куәландыру ер адамның есірткіге мас күйде болғанын растады", – делінген полиция хабарламасында.
Ер адамның айтуынша, ол анаша тұтынады және табылған заттарды жеке пайдалану үшін сатып алған.
Сот-химиялық сараптама тағайындалып, күдікті қамауға алынды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:53
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қазан 2026 11:57 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















