Сенсация: ғалымдар бақытты болудың 5 құпиясын анықтады
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Journal of Happiness Studies журналында жарияланған ғылыми зерттеу нәтижелеріне сүйенген Aikyn.kz бақыттың бес құпиясы мен олардың күнделікті өмірімізге ықпалын талдайды.
25-ші тамызда жарық көрген ғылыми мақала бақыт пен адамның жан дүниесіндегі үйлесімділікті ұзақ жылдар зерттеген 13 халықаралық ғалымның еңбектеріне негізделген. Олардың жиынтық ғылыми тәжірибесі 600 жылға жуықтайды.
Зерттеушілердің қатарында Гарвард университетінің ғалымы Сәде Стенлунд, Люксембургтің ұлттық статистика және экономикалық зерттеулер институтының өкілі Келси О'Коннор және Канададағы Саймон Фрейзер университетінің профессоры Лара Акнин бар. Осы ғалымдардың маңызды тұжырымы – адам бақытының басты тірегі шынайы адами қарым-қатынаста.
«Бақыт көптеген фактордың үйлесімінен туындайды. Бірақ оның бір ғана құпиясын атау керек болса, мен адамдар арасындағы қарым-қатынасты таңдар едім», – дейді Лара Акнин.
Оның айтуынша, өмірде сенім артуға болатын кем дегенде бір адамның болуының өзі адамның жан тыныштығына айтарлықтай әсер етеді. Ал отбасы, достар және өзіңді жақын сезінетін ортаның болуы өмірге қанағаттану деңгейін шарықтатып жібереді.
Бір қызығы, бұндай ғылыми қорытындыға келген кейбір зерттеушілер жақындарына көбірек уақыт бөлу үшін өздерінің күнделікті тіршілігін де өзгерткен.
Ғалымдардың екінші тұжырымы материалдық игілікке қатысты. Тұрақты табыс пен қаржылық қауіпсіздік адамның негізгі қажеттіліктерін өтейді. Алайда тұрмысқа қажетті жағдай жасалғаннан кейін табыстың одан әрі өсуі бақыт сезімін міндетті түрде сондай қарқынмен арттырмайды.
Үшінші маңызды қорытынды – адамның өз ісінен өмірлік мән-мағына табуы. Қоғамға пайдасын тигізетін, жеке құндылықтарымен үндесетін еңбек пен сүйікті ісі адам өміріне ерекше мазмұн береді.
Төртіншіден, бақыт күнделікті қалыптасатын қарапайым әдеттерге де байланысты. Алғыс айту, жақсы сәттердің қадірін білу, туыстармен сыйласу және қоғамдық өмірге қатысу адамның көңіл күйі мен өмірге көзқарасына оң ықпал етеді.
Бесіншіден, бақытты болу – үнемі қуаныш құшағында жүру дегенді білдірмейді. Өмірде күйзеліс те, қиындық та, сәтсіздік те кездеседі. Ең маңыздысы – Жаратушы жіберген сынақтарға төзіп, олармен күресіп, адами құндылықтардан ажырамау.Ғалымдардың пікірінше, адамның бақытты сезінуіне өмірлік жағдайлар әсер еткенімен, оның өмірге қанағаттануы әртүрлі болады. Кейбір ғылыми модельдерде бақытты сезіну үшін өмірлік жағдайлар 10%, ал адамның саналы әрекеттері 40% ықпал етеді деп бағаланған.
Лара Акниннің айтуынша, алғыс білдіру, жағымды әсерлерге назар аудару сияқты әдеттер адамға өмірге басқа қырынан қарауға көмектеседі.
Ғалымдар бақыттың жеке адамның өмірімен ғана шектелмейтінін айтады. Өзін бақытты сезінетін адамдар басқаларға қамқорлық жасауға, өзгелерге көмектесуге көбірек ынталы болады.
«Жомарттық – біреу ұтып, екіншісі ұтылатын ойын емес», – дейді Акнин.
Яғни өзгеге жақсылық жасау тек көмек алған адамға емес, жақсылық жасаған жанның өзіне де қуаныш сыйлайды. Бұл исламның маңызды қағидаларын еске салады: адамның емес, Жаратушының ризалығы үшін жақсы істерге бет бұру.
Ғалымдардың ондаған жылдық ізденісінен туындаған басты ой қарапайым. Ол – бақыт тек байлық пен жетістік емес. Бақытты болу – адамның өзін қажет сезінуінде, жақындарының жанында болуында және өмірінен мән табуында жатыр. Ғылыми зерттеудің толық мәтінін мына сілтеме бойынша оқуға болады: «Бақыт туралы ғылымның өткені, бүгіні мен болашағы: сала ізашарларының ой-толғаулары».
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:71
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қазан 2026 13:26 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















