Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ақмола облысында жол жұмысшыларын көлік қақты: ауруханада тағы бір адам көз жұмды

Нилуфар Раимова әлем чемпионатын үздік бестікте аяқтады

Атыраудағы жарылыс: тұрғын үйдің терезелері сынып, көліктер бүлінді

Тоқаев Түркияға келді: Ердоғанның құрметпен қарсы алуы

Қазақстанда білім басқармаларының міндеттері мен өкілеттіктері өзгерді

Шексіз жақсы көремін : Алтынай Жорабаева туған күнінде әсерлі жазба жариялады

Еңбекпен қамту ел игілігі үшін

Ливандық суретші Израиль зымырандарының сынықтарын арт объектіге айналдырады фото

Банк қызметкерлері көмектескен: Nomadgames пен Sultangames тің схемасы әшкереленді

Сарбасов ісі қайта қаралады: 12 жылдық жаза үкімі жойылды

Армат Абылғалиев Ғазиз Байтасов медалімен марапатталды

Зейнеп Баянова күрестен елордадағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Астана қабылдамаған, Барселона таңдаған: Кәрім Меңдіхановтың футболдағы жолы

Шетелдік жолаушылардың шағымынан кейін такси жүргізушісі жазаланды

Демалысқа қауіп төніп тұр ма? Пхукетте қауіптің қызыл деңгейі жарияланды

Магистратура мен докторантураға түсу емтихандарына өтініш қабылдау басталды

Жаңа Конституция және құқықтық реформалар: елімізде қандай өзгерістер жүзеге асырылып жатыр?

Air Astana алғаш рет борттық Wi Fi қосты: Алматы Ташкент бағыты

Алатау тұрғыны 46 жыл бойы жеке куәліксіз жүрген

Жансейт Қайнарбаевтың ұсталғаны расталды: ҰҚК тергеу бастады

Әділет жастары еліміз бойынша есірткіні жарнамалайтын 2 мыңға жуық жазу мен суретті өшірді

Әділет жастары еліміз бойынша есірткіні жарнамалайтын 2 мыңға жуық жазу мен суретті өшірді

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Елімізде әлеуметтік желілер, мессенджерлер, QR-кодтар мен ғимарат қабырғаларындағы жазулар арқылы есірткі жарнамасының таралуына қарсы күрес жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Осы мақсатта «Әділет» партиясының жастар қанаты еліміздің барлық өңірінде «Есірткіге жол жоқ» акциясын өткізді. Жастар есірткіні насихаттайтын 2 мыңға жуық жазу мен суретті өшірді.

Бастаманы жергілікті атқарушы органдардың, полиция мен прокуратураның өкілдері, қоғам белсенділері қолдады. Іс-шараға мыңға жуық жас қазақстандық қатысты. Негізгі мақсат – заңсыз жарнаманың жолын кесу, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту және өскелең ұрпақтың денсаулығын қорғау.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында жаһандық сын-қатерлер күшейген тұста қоғамдағы тәртіп пен жауапкершіліктің маңызын атап өткен еді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған «Заң мен Тәртіп» қағидаты – қоғамдағы қауіпсіздік пен тұрақтылықтың негізі. Сондықтан заңды құрметтеу, азаматтық жауапкершілікті арттыру және құқық бұзушылықтарға төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру – аса маңызды. «Есірткіге жол жоқ» акциясы өскелең ұрпақты осыған үндейді», – деді «Жастар Рухы» жастар қанаты төрағасының міндетін атқарушы Ержан Хамитов.

Акция аясында белсенділер мен еріктілер ғимарат қабырғасында, қоршауларда және басқа да қоғамдық орындарда орналасқан есірткі заттарын жарнамалайтын жазуларды өшірді. Сонымен қатар жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысы ұйымдастырылып, есірткінің адам денсаулығына зияны мен салауатты өмір салтының маңызы түсіндірілді.

Мәселен, Қостанай қаласында «Әділет» жастары тұрғын үйлердің, гараждар мен қоршаулардың қабырғаларындағы есірткі жарнамаларын өшірді.

«Есірткіге қарсы күрес – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, тұтас қоғамның ортақ жауапкершілігі. Біз есірткі жарнамасын жоюмен шектеліп қалмай, жастармен жүздесіп, ашық диалог алаңдарында есірткінің зиянын түсіндірдік. Барлығымыз бірлесе әрекет еткенде ғана келешек ұрпақ үшін қауіпсіз орта қалыптастыра аламыз», – деді «Жастар Рухы» Қостанай облыстық филиалының төрағасы Аружан Сәрсенбаева.

Түркістан облысында да акцияға құқық қорғау органдарының өкілдері қолдау көрсетті. Түркістан облысы Полиция департаментіндегі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Марат Бимаханов есірткі бизнесіне қарсы күрестегі еріктілердің рөлін атап өтті.

«Еріктілердің көмегімен құқық бұзушылықтардың алдын алып қана қоймай, жастардың құқықтық сауатын да арттыруға болады. Әрбір еріктінің еңбегі – есірткіге қарсы күреске қосылған маңызды үлес. Ақпараттық-түсіндіру жұмысы мен жастардың белсенділігі есірткіге қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алуға және оларды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді», – деді ол.

«Әділет» жастары есірткі жарнамасын жоюмен қатар, жастарды салауатты өмір салтына баулу мақсатында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп би чемпионаттары мен «Чемпиондық рух» жобасы аясында спорттық іс-шаралар ұйымдастырды.

Партия жастары қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және өскелең ұрпаққа қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмысты алдағы уақытта да жалғастырады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:32
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қазан 2026 14:43
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ақмола облысында жол жұмысшыларын көлік қақты: ауруханада тағы бір адам көз жұмды

28 Қазан 2026 17:56see152

Нилуфар Раимова әлем чемпионатын үздік бестікте аяқтады

28 Қазан 2026 23:58see151

Атыраудағы жарылыс: тұрғын үйдің терезелері сынып, көліктер бүлінді

29 Қазан 2026 13:42see143

Тоқаев Түркияға келді: Ердоғанның құрметпен қарсы алуы

28 Қазан 2026 21:09see143

Қазақстанда білім басқармаларының міндеттері мен өкілеттіктері өзгерді

29 Қазан 2026 09:57see141

Шексіз жақсы көремін : Алтынай Жорабаева туған күнінде әсерлі жазба жариялады

28 Қазан 2026 22:43see140

Еңбекпен қамту ел игілігі үшін

29 Қазан 2026 07:07see140

Ливандық суретші Израиль зымырандарының сынықтарын арт объектіге айналдырады фото

29 Қазан 2026 16:18see138

Банк қызметкерлері көмектескен: Nomadgames пен Sultangames тің схемасы әшкереленді

29 Қазан 2026 12:08see138

Сарбасов ісі қайта қаралады: 12 жылдық жаза үкімі жойылды

29 Қазан 2026 14:47see137

Армат Абылғалиев Ғазиз Байтасов медалімен марапатталды

29 Қазан 2026 19:22see136

Зейнеп Баянова күрестен елордадағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

28 Қазан 2026 18:52see135

Астана қабылдамаған, Барселона таңдаған: Кәрім Меңдіхановтың футболдағы жолы

29 Қазан 2026 18:42see134

Шетелдік жолаушылардың шағымынан кейін такси жүргізушісі жазаланды

30 Қазан 2026 07:21see124

Демалысқа қауіп төніп тұр ма? Пхукетте қауіптің қызыл деңгейі жарияланды

29 Қазан 2026 18:59see122

Магистратура мен докторантураға түсу емтихандарына өтініш қабылдау басталды

30 Қазан 2026 04:23see122

Жаңа Конституция және құқықтық реформалар: елімізде қандай өзгерістер жүзеге асырылып жатыр?

30 Қазан 2026 12:12see121

Air Astana алғаш рет борттық Wi Fi қосты: Алматы Ташкент бағыты

30 Қазан 2026 02:40see117

Алатау тұрғыны 46 жыл бойы жеке куәліксіз жүрген

30 Қазан 2026 12:31see114

Жансейт Қайнарбаевтың ұсталғаны расталды: ҰҚК тергеу бастады

30 Қазан 2026 02:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары