Қазақстан Президенті Сауд Арабиясына жасалған хуситтердің шабуылдары туралы пікір білдірді
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-ші саммитінде сөйлеген сөзінде хуситтердің Сауд Арабиясына жасаған шабуылдарын айыптап, мұндай әрекеттерді тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Президент осы орайда Режеп Тайип Ердоғанның бастамасымен Түркі мемлекеттері ұйымы аллеясы ашылғанын ерекше атап өтті.
Хуситтердің шабуылдары туралы не белгілі"Бұл аллея мызғымас бауырластығымыздың символына айналады деп сенемін. Баршаңызға мәлім, қазір әлемдегі геосаяси ахуал ушығып барады. Таяу Шығыстағы жағдай, әсіресе, Ормуз бұғазы төңірегіндегі текетірес күрделене түсті. Мұның бәрі жаһан елдерінің, әсіресе, шекаралас түркі мемлекеттерінің сауда-экономикалық және көлік-логистикалық байланысына кері әсерін тигізуде. Қазақстан бір белгілі, яғни хусит деген әскери қозғалыстың бауырлас Сауд Арабиясына қарсы негізсіз шабуыл жасағанына наразылық білдірді. Осындай жөнсіз әрекеттерді тоқтату керек деген мәлімдемелерге қосыламыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
"Ансар Алла" қозғалысы (хуситтер) - Йеменде әрекет ететін қарулы топ. Топтасқан күштер Сауд Арабиясы қолдайтын үкіметшіл күштермен текетіресіп келеді. Өз кезегінде хуситтерге Иран қолдау көрсетеді.
Тараптар арасындағы әскери қақтығыс төрт жылдық тыныштықтан кейін шілденің ортасында қайта жанданды. Осы уақыт ішінде хуситтер Қызыл теңіздің батыс жағалауы мен Қызыл теңізді Аден шығанағымен байланыстыратын маңызды теңіз бағыттарының бірі - Баб-эль-Мандеб бұғазының маңындағы бірқатар қалаларды бақылауына алды.
28 қазанда хуситтер Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі әуе базаларындағы әскери-көлік ұшақтарына, елдің Қорғаныс министрлігі ғимаратына зымыранмен соққы бергенін, сондай-ақ, корольдіктің шығысындағы Рас-Таннура мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасағанын мәлімдеді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:100
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қазан 2026 14:31 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















