Шетелге жұмыс іздеп баратын қазақстандықтарға қаржылық кепілдік ұсынылмақ
Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Қазақстанда азаматтарды шетелге жұмысқа орналастыратын агенттіктерге қойылатын талаптар күшейтілмек, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.
Мамандардың айтуынша, реттеу тетіктерін жетілдіру қажеттілігі азаматтардың адал емес делдалдың қызметіне жүгінген кезде тап болуы мүмкін тәуекелдерге байланысты туындаған. Атап айтқанда, азаматтарға шетелде тартымды шарттармен жұмыс ұсыну, делдалдық қызмет үшін қомақты ақша алу, алайда іс жүзінде жұмыс жағдайы бастапқы уәделерге сәйкес келмейтін боп жатады.
Бұдан бөлек, азаматтар баратын елде заңды түрде жұмыс істеуге мүмкіндік бермейтін құжаттармен шетелге шыққан жағдайда да қосымша тәуекел туындайды.
"Қарастырылып жатқан тетіктердің бірі – жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің мемлекеттік цифрлық тізілімін жүргізу. Сондай-ақ агенттіктер азаматты шетелге жібермес бұрын жұмыс беруші, бос жұмыс орны және алдағы жұмысқа орналасу шарттары туралы мәліметтердің дұрыстығын растауға міндеттелуі мүмкін", – деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар шетелге шықпас бұрын азаматқа жұмысқа орналасу шарттары, еңбекақы мөлшері мен төлеу тәртібі, жұмыс орны, тұру жағдайлары және басқа да маңызды талаптар туралы ақпарат берілуі тиіс.
Сондай-ақ мұндай агенттіктердің қызметін пайдаланатын азаматтарға қосымша қаржылық кепілдік беру мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Ол үшін Қазақстан аумағындағы екінші деңгейлі банкте жұмысқа орналасатын азаматтың атына кепілдік жарна енгізу тетігі ұсынылуда. Бұл кепілдік азаматтың шетелде одан әрі болуына кедергі келтіретін және оның Қазақстанға оралуын талап ететін жағдайлар туындаған кезде пайдаланылуы мүмкін.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынылып отырған өзгерістер әзірге әзірлеу және талқылау сатысында екенін, сондықтан олар қолданыстағы заңнама нормалары болып саналмайтынын атап өтті.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:36
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қазан 2026 13:26 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















