Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Қасым Жомарт Тоқаев Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты Алтын қыран орденімен марапаттады

TikTok дәуіріндегі журналистика: Қысқа видео қоғамға не беріп жатыр?

TikTok дәуіріндегі журналистика: Қысқа видео қоғамға не беріп жатыр?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Ақпарат тұтыну мәдениеті соңғы жылдары айтарлықтай өзгерді. Қазіргі аудитория ұзақ мәтіннен гөрі, қысқа әрі визуалды форматқа басымдық береді. Осы тұрғыдан алғанда TikTok платформасы тек ойын-сауық құралы емес, қоғамдық пікір қалыптастыратын, жаңалық тарататын маңызды медиакеңістікке айналды. Бұл үрдіс журналистика саласына да жаңа талаптар қойып отыр.

TikTok − әлемдегі ең ірі әлеуметтік желілердің бірі. 2025 жылы платформаның ай сайынғы белсенді қолданушылары саны шамамен 1,59 миллиард адам болғаны мәлім. Бұл TikTok-ты әлемде ең көп қолданылатын әлеуметтік медиа платформалар қатарына қосады және оның ақпарат таратудағы ықпалын айқындайды. 

Қазақстанда да TikTok аудиториясы жыл сайын өсіп жатыр. 2025 жылғы деректер бойынша елдегі ересек интернет қолданушылардың 86,5 %-ы TikTok арқылы жарнамалық контентке қол жеткізе алады, бұл платформаның кең таралғанын көрсетеді. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерді пайдалану көлемі жалпы интернет қолданушылары арасында жоғары: 2025 жылы елде интернет қолданушылар саны 19,2 миллионға жеткен, оның ішінде жастар арасында TikTok өте танымал екені байқалады. 

TikTok-тың негізгі ерекшелігі  − қысқа бейнеформат арқылы ақпарат тарату. Бір минутқа жетпейтін видеолардың ішінде оқиғаның мәнін ашу журналистерден ықшам ойлауды, нақты әрі әсерлі тіл табуды талап етеді. Бүгінде жаңалықтың мазмұны ғана емес, оны ұсыну формасы да шешуші рөл атқарады. Көрермен назарын алғашқы секундтарда аударта алмаған контент кең аудиторияға жетпейді.

Астанада TikTok желісіндегі жалған «емшіге» сот үкімі шықты

Қысқа видеоның қоғамға тигізер оң ықпалы бар. Ең алдымен, ақпарат тарату жылдамдығы артты. Оқиға орнынан түсірілген бейнематериал көрерменге оқиғаның шынайы бейнесін жеткізеді. Сонымен қатар, TikTok − жастар арасында кеңінен таралған платформа. Бұрын дәстүрлі медианы сирек тұтынған жас аудитория әлеуметтік, саяси және қоғамдық тақырыптарға осы желі арқылы назар аудара бастады. Бұл журналистика үшін жаңа мүмкіндіктер алаңын ашты.

Сонымен бірге қысқа форматтың белгілі бір шектеулері де бар. Күрделі тақырыптар кейде терең талдаусыз, жеңілдетілген түрде беріледі. Ал платформаның алгоритмдік жүйесі эмоцияға құрылған, қаралым жинауға бейім контентті алға шығарады. Мұндай жағдайда ақпараттың нақтылығы мен сапасы екінші орынға ысырылып, жалған немесе тексерілмеген мәліметтердің таралу қаупі күшейеді.

TikTok жұлдызы Хаби Лейм өзінің ЖИ-сыңарын 975 миллион долларға сатты

Журналистика үшін ең өзекті мәселенің бірі − кәсіби стандарттарды сақтау. TikTok-та кез келген қолданушы өзін ақпарат таратушы ретінде көрсете алады. Алайда журналистік қызмет жауапкершілікпен, дереккөздерді тексерумен және этикалық нормаларды сақтаумен тікелей байланысты. Осы ерекшеліктерді ескермей, әлеуметтік желідегі кез келген контентті журналистикамен теңестіру дұрыс емес.

Дегенмен TikTok-ты дәстүрлі журналистикаға қарсы қою біржақты көзқарас болар еді. Қазіргі таңда көптеген медиа ұйымдар бұл платформаны аудиториямен байланыс орнатудың, жаңалыққа қызығушылық тудырудың тиімді құралы ретінде пайдаланып отыр. Қысқа видео − ақпаратқа бастайтын алғашқы қадам, ал терең талдау мен толық түсіндіру дәстүрлі медианың үлесінде қалуы тиіс.

TikTok-та қазақ ұлтына тіл тигізген Қостанай тұрғыны 2 жылға сотталды

Қорытындылай келе, TikTok дәуірі журналистиканы жоққа шығарған жоқ, керісінше оны жаңа форматқа бейімдеді. Қысқа бейне қоғамға ақпаратқа қолжетімділікті арттырды, алайда сапа мен жауапкершілік мәселесін алдыңғы қатарға шығарды. Бүгінгі журналистика үшін басты міндет − жылдамдық пен тереңдіктің, танымалдық пен сенімділіктің арасындағы тепе-теңдікті сақтау.

Алуа МҰРАТХАНҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті

Соңғы жаңалықтар

АҚШ НЛО туралы құпия құжаттарды жариялауы мүмкін

Әлем • Бүгін, 15:24

Нью-Йорк қалың қардың құрсауында қалды

Әлем • Бүгін, 15:13

2 наурыздан бастап «Отбасы банк» үй кезегіндегілерге арналған талаптарды өзгертеді

Қоғам • Бүгін, 15:07

Жазушылар мен өнер иелері жаңа Конституция жобасын қолдады

Ата заң • Бүгін, 14:57

Милан-Кортина Олимпиадасына қатысқан отандастарымыз елге оралды

Қысқы спорт • Бүгін, 14:39

Алматыда халықаралық деңгейдегі тау-шаңғы курорты іске қосылмақ

Олимпиада • Бүгін, 14:32

Оқушылар наурызда 11 күн демалады

Білім • Бүгін, 14:20

Маңғыстау облыстық кітапханасының ұжымы жаңа Конституцияға қолдау білдірді

Аймақтар • Бүгін, 14:03

Шымбұлақ пен Еуразияның әйгілі курорттары Жасыл хартияға қол қойды

Туризм • Бүгін, 13:50

Референдум: Дауыс беру учаскесін қайдан білуге болады?

Референдум • Бүгін, 13:42

Президент Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады

Президент • Бүгін, 13:30

Өңірлерде су тасқынына қарсы дайындық күшейтілді

Төтенше жағдай • Бүгін, 13:22

Келешек олимпиадаларға дайындық басталды ма? Астанада жаңа шаңғы базасы пайдалануға берілді

Олимпиада • Бүгін, 13:10

Маңғыстаулық мамандар өндіріс алаңдарында жоғары технологиялық операцияларды меңгерді

Экономика • Бүгін, 13:02

Ақтөбе облысының бес ауылы арақтан бас тартты

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:53

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:154
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Ақпан 2026 16:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see146

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see143

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see142

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see138

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see136

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see135

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see132

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see131

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see128

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

06 Қазан 2026 14:21see123

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

06 Қазан 2026 15:01see121

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

06 Қазан 2026 15:43see120

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

06 Қазан 2026 21:25see119

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see116

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see116

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see114

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see113

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see112

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see110

Қасым Жомарт Тоқаев Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты Алтын қыран орденімен марапаттады

06 Қазан 2026 15:57see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары