Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Кеңейтілген құрамда кездесті

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Тіпті министрлік қызметкерлері де тапсыра алмайды . Депутаттар қазақ тілі тестін сынға алды

Тіпті министрлік қызметкерлері де тапсыра алмайды . Депутаттар қазақ тілі тестін сынға алды

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Мәжілістің бірнеше депутаты тарихи отанына оралған қандастар үшін мемлекеттік тілді білу емтиханының енгізілуіне байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін сынға алды. Министрлік бұл барлық азаматқа қойылатын міндетті базалық талап екенін айтып жауап берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутаттар не дейді?

Бүгін Мәжілісте техникалық және кәсіптік білім беру, сондай-ақ халық көші-қоны мәселелері бойынша заң жобасы бірінші оқылымда қаралды. Талқылау барысында депутат Мұрат Әбенов тарихи отанына оралған этникалық қазақтар - қандастар үшін мемлекеттік тілден тест тапсыру мәселесін көтерді.

"Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сұрағым бар. Міне, біз жақсы заң қабылдаймыз. (...) Қандастардан он шақты хат алдым. Бұрын қандастар қай өңірге барса да өзі білетін. Кейбір таңдаулы өңірлерге барса, сол жерде мемлекет қолдайтын. Қалған өңірлерге өз таңдауымен ағайын-туыстарына баратын. Қазір пилоттық жобада шектеп қойды, тек белгілі бір өңірлерге қоныстана алады. Қандастарға бұрын Қазтест жүрмейтін, олар енді қазақ қой, қазақша біледі. Қазір енді оларға Қазтесті енгізіп қойған. Біз заңда жазғанбыз, Қазтест қандастарға емес, себебі олар кириллицаны білмейді. Қазір олар елшіліктер маңында сандалып жүр", - деді ол.

Мәжілісмен Қазақстанда қандастарға мұндай талаптар не үшін енгізілгенін сұрады, себебі бұл, оның пікірінше, олардың құқығын бұзады.

Мәжілістің тағы бір депутаты Қазыбек Иса да қандастар үшін мемлекеттік тілді білу бойынша міндетті емтихан туралы пікір білдірді.

"Азаматтық кодекстің 17-бабы бойынша "тасқа таңба басқандай, соқырға таяқ ұстатқандай" жазылып тұр: мемлекеттік тілден емтихан алу этникалық қазақтарға қолданылмайды. Ал пилоттық жобада қандастарға мемлекеттік тілден емтихан тапсыртып қойған. Сонда бұл заңды басып өте бере ме? Кеше ғана Алматыда қандастардың жиыны болды, 150 қандас келді. Мақаншыдан (Абай облысындағы ауыл - ред. еск.) мүгедектігі бар азамат жүгінді. Қытайда басқа әліпби, өзге елдерде басқа. Ол қалай тапсырады? Министрлік қызметкерлері де бұл емтиханды тапсыра алмайды, шынына келгенде. Бұл заңсыздық қой", - деді Иса.

Еңбек министрлігі не деп жауап берді?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев қандастар мұндай емтиханды әзірге бүкіл елге таралмаған пилоттық жоба аясында тапсырып жатқанын айтты. Оның сөзінше, пилоттық жоба мемлекет мүддесі мен экономиканы дамыту мақсатында енгізілген.

"Егер қандас Қазақстанда тұруға ниетті болса, біз азаматтық алуға көмектесеміз, ал бұл жерде мигрант елімізде уақытша тұрғысы келсе, оны жұмысқа орналастыру үшін белгілі бір өңірлерге бағыттаймыз. Қазтест бойынша логика мынадай: Қазақстанға көшіп келгісі келетін кез келген азамат үшін күнделікті өмірде өз ойын, пікірін еркін жеткізе алуы үшін қазақ тілін базалық деңгейде білуі міндетті. Яғни, бұл қазір міндетті талап ретінде енгізіліп жатыр - қандастар Қазтест тапсырады. Бұл әлемдік тәжірибе, біз соны енгіздік", - деп түсіндірді Тұяқбаев.

Шенеуніктің айтуынша, пилоттық жобаның мақсаты - өңірлерге жетіспейтін кадрларды тарту. Тұтастай алғанда, бұл мәселені алдағы отырыстарда жеке заң жобасы аясында қарау жоспарланып отыр.

Мәжіліс кулуарында Ербол Тұяқбаев қазақ тілін білу тесті күрделі емес екенін және оны тапсыру қиындық тудырмайтынын айтты.

"Сұрақтары жеңіл, барлығы 60 сұрақ, 70 пайыз шекті балл жинау керек. Бұл халықаралық практика. Егер адам осы елде тұрғысы келсе және тағдырын осы елмен байланыстырғысы келсе, ол біздің тілімізді ең болмағанда базалық деңгейде білуі тиіс. Ал егер адамның мақсаты осында жұмысқа тұрып, табыс тауып, адал салық төлеу болса, онда біз керісінше барлық кедергіні алып тастаймыз, мұндай жандарға проактивті түрде көмектесеміз. Әсіресе, олар жоғары білікті мамандар болса", - деп толықтырды вице-министр.

Еске сала кетейік, наурызда Еңбек министрлігі қандастарды қоныстанған өңірлерінде жұмысқа орналасуға міндеттейтін түзетулер дайындаған болатын. Бұйрық жобасы қоныс аудару бағдарламаларының тиімділігін арттыру және азаматтарды жаңа өңірлерде тұрақтандыру үшін әзірленді. Министрлік ресми жұмыспен қамтылмау қоныс аударушылардың тұрақтануын төмендетіп, қайта көші-қонға ықпал ететінін және жергілікті бюджетке түсетін салмақты арттыратынын атап өтті.

Сол айда министрлік 2026 жылы тарихи отанына 3 335 этникалық қазақ оралып, қандас мәртебесін алғанын хабарлады. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1,1 миллионнан астам этникалық қазақ оралған.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:126
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Мамыр 2026 15:27
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see141

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see137

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see135

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see133

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see132

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see132

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see129

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see126

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see125

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see124

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see124

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see124

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see122

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see122

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see119

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see119

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see119

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see118

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see117

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары