Тоқаев балалардың әлеуметтік желіде тіркелуіне тыйым салынуын қарастыруды ұсынды
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай депутаттарына 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіде тіркелуге тыйым салатын заң жобасын қарастыруды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгін президент Тамыз конференциясында осы мәселеге баса назар аударды. Себебі бүгінде әлеуметтік желілер, цифрлық платформалар, жасанды интеллект пен агрессивті маркетинг балалар дүниетанымына отбасы мен мектептен кем әсер етпейді.
"Үкімет 16 жасқа толмаған пайдаланушыларға әлеуметтік желіде тіркелуге тыйым салатын заң жобасын әзірледі. Құрылтайдың бірінші сессиясының ашылуында депутаттарға осы мәселені қарастыруды ұсынамын. Көптеген озық елдер осы іспеттес шаралар қабылдады. Бізге де балалардың психологиялық жай-күйіне төнген қауіптің салдарымен күресуді доғарып, алдын алатын кез келді деп ойлаймын. Әйтпесе бұл қоғамның тұрақтылығына кері әсерін тигізеді", - деді Тоқаев.
Президенттің айтуынша, үкімет балаларды қорғау мақсатында контентті сүзгіден өткізу шараларын қабылдағаны жөн.
"Сондықтан балаларға арналған міндетті SIM-карталарды енгізу тәжірибесін жаппай таратуды тапсырамын. Бұл олардың ақпараттық иммунитетін қамтамасыз ете алады", - деді президент.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:95
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Тамыз 2026 15:36 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















