Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Кеңейтілген құрамда кездесті

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Тоқаев Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы тұрақты комитетінің төрағасын қабылдады

Тоқаев Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы тұрақты комитетінің төрағасын қабылдады

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзиді қабылдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жамап.

Кездесуде қазақ-қытай мәңгі жан-жақты стратегиялық әріптестікті нығайту, парламентаралық диалог, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды.

"Бүгінде халықтарымыздың арасындағы тарихи достық байланыстары өзара сенім және шынайы көршілестік рухында ойдағыдай дамып жатыр. Қытай әрдайым Қазақстанға қолдау көрсетіп келеді. Сол үшін біз Қытай халқына, оның басшылығына және әрине, Төраға Си Цзиньпин мырзаға шынайы алғысымызды білдіреміз. Біз үшін қазақ-қытай мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестігін ұдайы негізде нығайту өте маңызды. 2025 жыл екіжақты қарым-қатынасымыздағы тарихи әрі теңдессіз кезең болды. Өзара сапарлар сан қырлы ынтымақтастығымызды тереңдетуге мықты серпін берді. Маңызды жетістіктеріміздің бірі – өзара сауда-саттық көлемі рекордтық деңгейге, яғни, 49 миллиард долларға жетті. Қытай дәстүрлі түрде Қазақстанның ең ірі инвесторларының тобына кіреді. Қытайлық инвестициялардың жиынтық көлемі 29 миллиард доллардан асты. Жақында мен Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялайтын заңға қол қойдым. Бұл құжат инвестициялық ынтымақтастығымыздың дамуына жаңа серпін беретіні сөзсіз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент екіжақты әрі көпжақты деңгейдегі ықпалдастықты одан әрі ілгерілету үшін берік саяси негіз қалыптасқанына тоқталды.

"Қазақстанның және Қытайдың халықаралық күн тәртібіндегі көптеген мәселелер бойынша ұстанымдары ұқсас немесе бірдей. Біріккен Ұлттар Ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес аясындағы нәтижелі ықпалдастығымызды ерекше атап өткім келеді. Қазақстан Қытай ұсынып отырған даму, өркениеттер диалогы және жаһандық басқару салаларындағы маңызды бастамаларды жоғары бағалайды әрі қолдайды. Еліміз «Бір Қытай» қағидатын берік ұстанады. Сонымен қатар Қазақстан «Орталық Азия – Қытай» жаңа форматындағы көпжақты ынтымақтастықты толықтай қолдайды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы орайлы мүмкіндікті пайдаланып, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге сәлемі мен ізгі тілегін жолдады. Президент Қытай Халық Республикасының Төрағасы ұстанған стратегиялық бағыт-бағдардың тиімділігін атап өтті.

"Жаңа 15-ші бесжылдық жоспар да Қытайды халықаралық сахнада маңызды рөл атқаратын әлемдік держава және жоғары дамыған мемлекет ретінде одан әрі нығайта түсеріне сенеміз", – деді Мемлекет басшысы.

Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының төрағасы Қазақстан Президентіне ҚХР Төрағасының ыстық ықыласын жеткізді.

"Соңғы жылдары Төраға Си Цзиньпиннің және Сіздің көреген басшылығыңыз бен ерекше қамқорлығыңыздың арқасында қытай-қазақ қатынастары қарқынды дамып, мәңгі жан-жақты стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілді. Былтыр Сіз Төраға Си Цзиньпинмен Астанада және Тяньцзинде екі мәрте кездесіп, елдеріміздің ықпалдастық бағыттарын айқындадыңыздар", – деді Чжао Лэцзи.

Сонымен қатар Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының төрағасы Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау бойынша жалпыұлттық референдумның табысты өтуімен құттықтап, Ата заңға енгізілген өзгерістер мемлекеттің ұзақмерзімді дамуы тұрғысынан стратегиялық маңызды шешім болғанына назар аударды.

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

Қазақстанда мектеп оқушыларының саны бойынша рекорд тіркелді

Кеше 19:14 1

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:231
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Мамыр 2026 18:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see140

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see136

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see134

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see132

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see131

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see129

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see128

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see124

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see124

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see123

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see123

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see122

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see121

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see121

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see118

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see118

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see117

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see117

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see116

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары