Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Тоқаев ұстанған бағдар Егемендік декларациясындағы идеяларды баянды етуге бағытталған Башқұрт саясаттанушысы

Тоқаев ұстанған бағдар Егемендік декларациясындағы идеяларды баянды етуге бағытталған Башқұрт саясаттанушысы

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

— Артур мырза, Қазақстанда Егемендік декларациясының қабылданғанына 35 жыл толып отыр. Осы ел азаттығын нығайтуда кейінгі жылдары қолға алынған шаралардың қайсысы салмақты үлес қосып жатыр деп ойлайсыз?

— Декларация Қазақстан тәуелсіздігін паш еткен алғашқы құжат болды. Сондықтан оның Қазақстан тағдырындағы маңызын асыра бағалау қиын. Осы құжаттың негізінде елдің Парламенті, Үкіметі мен сот жүйесі құрылды. Бүгінгі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұстанған бағдар осы декларацияда көрініс тапқан идеяларды баянды ете түсуге бағытталған.

Қазақстанның егемендік мүддесін ішкі және сыртқы саясаттағы нақты жағдаймен үйлестіре отырып қорғауда деуге болады. Бұл тұрғыда реформалар заң шығарушы биліктің рөлін күшейтуге, сот жүйесін жетілдіруге және қазақстандықтардың құқықтарын кеңейтуге бағытталған.

Мұның бәрі құқықтың үстемдігін қамтамасыз етіп, мемлекеттік органдардың жұмысын жақсартуға және әлеуметтік мәселелерді шешуге ықпал етеді. Қазақстан басшысы бір палаталы Парламентке көшуге алғашқы қадам жасады. Бұл жай бір ұсыныс емес, билік жүйесінің нақты саяси модернизациясы. Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам мен биліктің де көкейінен шығатын саяси сәулетші рөлін атқарып отыр. Бұл мәселені 2027 жылы референдум кезінде мақұлдаған жағдайда ғана Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Қазақстан АЭС салу мәселесін де референдум арқылы шешкен. Мұндай ашық диалогты халықтың қолдауына сенетін саяси көшбасшы ғана сәтті жүзеге асыра алады. Қасым-Жомарт Тоқаев осындай қолдауға ие.

— Қасым-Жомарт Тоқаев неге Парламентті трансформациядан өткізуге мүдделі?

— Кез-келген саяси жүйе уақыт өте келе қосымша түзетулерді немесе тіпті өзгерістерді қажет етеді. Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдан бері саяси жаңғыру бағытын дәйекті іске асырып келеді. Соның ішінде ең маңыздыларына мыналарды жатқызар едім: Президенттің өкілеттерін басқа билік институттарына қайта бөліп, «суперпрезиденттік» республика форматы келмеске кетті. Конституциялық сот қалпына келіп, әкімдер сайлауы, онлайн-петициялар институты енгізілді. Осы өзгерістердің арқасында Қазақстанда үлкен өзгерістерге көшуге мүмкіндік туды. Мұның бәрі саяси жүйеге оң әсер етті. Қазір Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс пен Сенат функцияларын біріктіру арқылы парламентаризмді күшейтпекші.

— Елдің жан басына шаққандағы ЖІӨ 14 400 долларға жетіп отыр. Мұндай экономикалық көрсеткішке қандай істер жол ашты деп ойлайсыз?

— Мұндай экономикалық көрсеткіштерге түрлі факторлар әсер етті. Біріншіден, экономикада ынталандырушы бюджет саясатын ұстанудың, өңірлерді дамытып, инфрақұрылымды жетілдірудің, мұнай өндірісінің көлемін арттырып, мемлекеттік бастамаларды алға оздырудың арқасында осындай белестер бағынып жатыр. Екіншіден, биліктің назарын халықтың әл-ауқатын арттыруға аударылды. Қасым-Жомарт Тоқаев реформаларды азаматтардың мүдделеріне икемдеуге пәрмен берді. Әсіресе халықтың өмір сапасын жақсартып, кәсіпкерлікті ынталандыруға, коммуналдық тарифтердің өсуін уақытша тоқтатып, арзандатылған ипотекалық көлемін ұлғайтуға, тұрақтандыру қорларының жұмысын жандандырып, салықтық әкімшілендіруді жеңілдетуге күш салынып жатыр. Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру Қасым-жомарт Тоқаевтың саяси-экономикалық бағытының негізгі міндеті және құндылығы болып тұр.

— Президент инновацияшыл жас буынға мемлекет болашағын сеніп тапсыруға бейім екенін байқатып отыр. Бұл Қазақстанның даму стратегиясын қайда жетелейді деп ойлайсыз?

— Мемлекеттің даму стратегиясы ең әуелі мамандар сапасына арқа сүйейді. Сапалы маманды жастайынан баулып шығаруға немесе басқа елдерден тартуға болады. Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші жолды таңдап отыр. Менің ойымша, мемлекет өз жастарына деген сенім арту арқылы егемендігін баянды ете түседі. Елде жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік тұжырымдамасы қабылданған. Онда жастармен жұмыстың стратегиялық басымдықтары мен жаңа тәсілдері айқындалған. Тұжырымдама «жастар үшін емес, жастармен бірге» дейтін қағиданы өзек еткен.

— Мемлекет басшысының экономкалық отансүйгіштікке баса мән беріп отырғанын немен байланыстырар едіңіз? Халықтың өз өндірушілерін қолдауға ұмтылуы экономикаға қандай серпін бере алады?

— Экономикалық патриотизм экономиканы дамытудағы маңызды факторлардың біріне айналып отыр. Осының арқасында отандық өнімдер әлем нарығында ұлттық брендке айналады.

Қазақстан өз өндірушілерінің өнімін ілгерілетуге жақсы экономикалық, институционалдық жағдай жасап отыр. Бұл халықаралық деңгейде имиджді нығайтуға да, экономиканың нақты секторында жаңа жұмыс орындарын құруға да оң әсер етеді.

Айта кетейік, Республика күніне орай Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттары келіп жатыр. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:211
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қазан 2025 23:10
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары