Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Төрт айда 1 трлн долларға өсіп, төтенше қымбаттап, нарықтағы құны 5 трлн болды

Төрт айда 1 трлн долларға өсіп, төтенше қымбаттап, нарықтағы құны 5 трлн болды

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Aikyn.kz компанияның төтенше қымбаттау себептерін cnbc.com материалына сүйеніп талдайды.

Әлемде Nvidia алғаш болып 5 триллион доллар тұратын компанияға айналды. Күнде құбылып тұратын қаржы нарығына қарамастан бұл тарихи меже. Енді бірнеше жылда 1 триллион, 5 триллион, тіпті, 10 триллион тұратын компаниялар пайда болады. Бұл қаржы нарығындағы доллардың қаншалық мол екенін де, америкалық валютаның құнының төмендеуін де көрсететін құбылыс.

Сәрсенбі күні (29 қазан) Nvidia компаниясының акциялары 3%-дан астам өсті. Нәтижесінде осы технологиялық алып нарықтық капитализациясы 5 трлн долларлық межені алғаш бағындырған әлемдік компания атанды. Бұл ерекше көрсеткіш. Бірнеше жыл бұрын, жасанды интеллект бумы басталмай тұрып, видео-ойындарға арналған процессорлар жасайтын қарапайым компаниядан ЖИ нарығында негізгі ойыншыға, технологиялық алпауытқа айналған компанияның өсуі нарықты таңғалдыруда.

Aikyn.kz шілде айында Nvidia-ның нарықтық капитализациясы 4 трлн болғанын жазды. Оны мына жерден оқи аласыздар: «Дональд Трамп құны 4 триллион доллардан асқан Nvidia-ның СЕО-сын қабылдады».

Құны 4 айдың ішінде 1 трлн долларға қымбаттаған адамзат тарихындағы компанияны білесіз бе?

Бүгінде Nvidia тек әлемдік қаржы нарығы ғана емес, тұтастай жасанды интеллект нарығының да индикаторына айналды. Сарапшылар дабыл қаға бастаған ЖИ «көпіршігі» жарылса, ең ауыр зардап шегетін де осы компания болады. Өйткені оның табысы осы сегменттің дамуына тәуелді. 

Nvidia акциялары сейсенбі күні (28 қазан) 5%-дан жоғары көтерілді. Ал жылдың басынан бері оның бағасы 50%-дан астам өскен. Соңғы серпіліс компания СЕО-сы Дженсен Хуанг (Jensen Huang) жасанды интеллект чиптеріне 500 миллиард долларлық тапсырыс күтіледі деп жариялағаннан кейін болды. Тағы бір себеп – Nvidia АҚШ үкіметі үшін 7 жаңа суперкомпьютер салып бермекші. 

Сонымен бірге, сейсенбі күні (28 қазан) Nvidia 6G байланыс технологиясын әзірлеу үшін 1 миллиард долларға Nokia акцияларын сатып алғанын хабарлады. АҚШ акциялары, жасанды интеллект нарығындағы сауданың әсерімен, сейсенбі күні (28 қазан) рекордтық деңгейде өскен. Негізгі индекстер технологиялық сектордағы өсімнің арқасында көтерілген. Атап айтқанда Apple пен Microsoft акциялары да 4 триллион доллардан астам рыноктық құнға жетті. 

АҚШ акцияларының осындай лезде көтерілуі «көпіршік» қауіптеріне қарамастан жүріп жатыр. Әсіресе жасанды интеллектке негізделген шығындар рекордтық мәмілелер мен бағалау көрсеткіштеріне алып келуде. Бұған дейін International Monetary Fund пен Bank of England жасанды интеллектке деген инвестор қызығушылығы төмендеген жағдайда әлемдік қор нарығы қиындыққа тап болуы мүмкін екенін ескерткен. 

Мына фильмнің эпизоды қаржы нарығы мен ның қалай жұмыс істейтінін көрсетеді:

Қысқаша түйін

Nvidia акцияларының тез өсуіне бірнеше фактор әсер етуде. Видео ойындарға арналған процессорлар жасаудан бастаған компания жасанды интеллектің негізгі құрамдас бөлігіне айналды. Жүздеген миллиард долларлық тапсырыстар мен қуатты суперкомпьютерлер салу жоспарын жариялады. Сондай-ақ қызметін диверсификациялап, 6G технологиясына инвестиция салды. Дегенмен бұндай жылдам өсу «инвестициялық көпіршік» қаупін де тудырады. «Көпіршік» туралы Aikyn.kz «Кремний аңғарында «көпіршік» жарылу қаупі туды», «Жасанды интеллектің «көпіршіктері» жарылса, қорықпаңыз» атты материалдарында айтылды.

Сарапшылардың пікірінше, егер жасанды интеллектке қатысты болжамдар асыра бағаланса немесе өсім қарқыны баяуласа, нарықта түзету (коррекция – төмендеу) болуы мүмкін. Көпіршік бірнеше жағдай бір мезгілде орын алғанда «жарылуы» мүмкін. Технологиялық алпауыттардың қаржылық нәтижелері мен кірістері төмендесе, реттеу қатайып, шектеулер енгізілсе немесе макроэкономикалық өзгерістер болған жағдайда. Бұның бәрі бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс істейтін процестер. Сондықтан қаржы әлемінің көпшіліктен жасырылған көрсеткіштерін бақылау сарапшылар үшін ғана емес, саясаткерлер үшін де маңызды болып тұр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:185
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Қазан 2025 12:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see165

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see154

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see153

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see152

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see150

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see148

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see144

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see143

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see140

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see138

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see134

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see134

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see131

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see129

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see125

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see125

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see124

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see124

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see123

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see119
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары