Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

Ата аналар тілегін тыңдады

Жылуыңды жаз қамда

Баспанамен қамтуға басымдық берілді

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

Аллея 70 ке жуық көшетпен толықты

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

Шығыс Қазақстанда ең биік көпірлердің бірінің құрылысы аяқталды

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

Астанада жүргізуші қауіпті көлік жүргізгені үшін 10 тәулікке қамауға алынды

Мамандық таңдау машақаты

Алматыда қаладағы алғашқы гастрономиялық көше ашылды

Теміртауда газ жарқылынан зардап шеккен ер адам қайтыс болды

Еуроодақ елдері ұйымның жаңа бюджетіне жарнаны көбейтуге құлықсыз БАҚ

82 жылдық рекорд жаңармады Қазақстанда тамыз айы қандай болды

Жастар ісін жүйелеген кезең

Трамвайсыз 10 жыл: Алматыдағы атақты депо неге қаңырап қалды?

Трамвайсыз 10 жыл: Алматыдағы атақты депо неге қаңырап қалды?

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Алматыдағы трамвай депосының жұмысы 10 жылдан аса уақыт бұрын тоқтатылған. Мұндай шешімді сол кездегі қала әкімі Бауыржан Байбек қабылдады. Бұған екі бірдей трамвай апаты тіркеліп, резонанс тудыруы себеп болды. Ақырында трамвай паркі толық жабылып, бұл көлік түрі қалада мүлде жоғалды. Tengrinews.kz редакциясы Алматыда трамвайлардың қалай жойылғанын еске алып, қазір депоның жағдайы қандай екенін, сондай-ақ оның аумағына және жалпы қоғамдық көліктің бұл түріне қатысты қалада қандай жоспар бар екенін зерттеді.

Алматыдағы трамвай депосының жұмысы 10 жылдан аса уақыт бұрын тоқтатылған. Мұндай шешімді сол кездегі қала әкімі Бауыржан Байбек қабылдады. Бұған екі бірдей трамвай апаты тіркеліп, резонанс тудыруы себеп болды. Ақырында трамвай паркі толық жабылып, бұл көлік түрі қалада мүлде жоғалды. Tengrinews.kz редакциясы Алматыда трамвайлардың қалай жойылғанын еске алып, қазір депоның жағдайы қандай екенін, сондай-ақ оның аумағына және жалпы қоғамдық көліктің бұл түріне қатысты қалада қандай жоспар бар екенін зерттеді.

Алматыға трамвай орала ма: биліктің жаңа жоспары мен уәдесі 

Алматылықтар арасында трамвайға сұраныс жоқ деген мәлімдемелерге қарамастан, оларды қайтару туралы әңгіме осы жылдар бойы бірнеше рет көтерілді. Қазір де шенеуніктер мұны жүзеге асыруға ниетті. Бұл туралы 2025 жылдың қыркүйегінде "Алматыбасжоспар" ҒЗИ бас директоры Асхат Сәдуов айтқан.

"Трамвай қалаға қайта оралып, "Барлықтан" Төле би көшесіне дейін жүреді. Сол бұрынғы дәлізбен. Біз оны әуежайға қарай созып, батыс пен шығысты байланыстырамыз. Бұл қаладағы негізгі көші-қон дәліздері. Біздің мақсат – адамдар полиорталықтар арасында 20 минутта қатынай алуы керек. Бұл – әлемдік тәжірибе және ақылға қонымды шешім", - деді ол.

Ал трамвай депосының орнына қоғамдық кеңістік жасау жоспарланған болатын: оны абаттандыру бойынша конкурс жарияланып, 2017 жылы "DEPO Evolution Park көпфункционалды кешенінің" тұжырымдамасы таңдалған. Ол мына нысандарды қамтуы тиіс еді:

"Дэпо демалыс және ойын-сауық паркі"; "Кидзания" балалар қалашығы; "Алматы Парк Депо"; "Қоғамдық көлік музей-парк кешені".

"Айта кету керек, аумақтағы қолданыстағы барлық ғимарат сақталады, олардың ішінде коворкингтер, лекторийлер, көрме алаңдары, іс-шаралар өткізуге арналған орындар, фудкорттар және тағы басқалары орналасады", - деді сол кезде Алматыны дамыту орталығының өкілдері. 

Алайда 10 жыл өтсе де, нысан әлі күнге дейін қаңырап бос тұр, тек бір ғимаратта жастар орталығы орналасқан. 

Tengrinews.kz редакциясы бұрынғы трамвай депосы аумағының қазіргі көрінісі қандай екенін анықтап, оған қатысты жоспар бар-жоғын біліп көрді. 

Алматыдағы қаңырап қалған депоның қазіргі көрінісі: дроннан түсірілген эксклюзив фото

Алдымен біз бұл нысанды дрон ұшырып, биіктен көрдік. Онда ғимараттан тек жартылай қираған қабырғалар қалғаны байқалады.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Егер бұл жерде бір кездері трамвайлар тоқтап, жөнделгенін білмесеңіз, қазіргі жағдайына қарап мұны түсіну мүмкін емес - мұнда баяғыдай рельстер де, вагондар да жоқ.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Бұл ретте аумаққа жерасты коммуникациялары үшін жаңа бетон құрылымдар жеткізілген.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Аумақтың бір бөлігінде топырақ пен құрылыс қалдықтары үйіліп жатыр. 

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Кейінгі жылдары бұл жерді абаттандыруға қаржы бөлінбегенін ескерсек, топырақ пен бетон құрылымдарды кім әкелгенін анықтау қиын. 

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Аумақ барлық жағынан қоршалған. 

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Бұл жерде бір кезде трамвайлар болғанын еске салатын жалғыз орын - Байтұрсынов көшесі жағынан бұрынғы депоға кіреберіс. Мұнда әлі де рельстер мен ескі брусчатка қалған. Оларды естелік ретінде сақтай ма белгісіз.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Егер қоршау бойымен Масанчи көшесіне дейін жүрсеңіз, ішке кіруге болатын ашық қақпаны байқауға болады.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Ішіне кірсеңіз, аумақтың біртіндеп қоқысқа толып бара жатқанын көруге болады. Бәлкім, бұл жақын маңдағы Масанчи көшесінде әр демалыс сайын өтетін жәрмеңкеге байланысты болар. 

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Сондай-ақ мұнда үйсіз адамдар тұратын сияқты көрінеді. Мұны қоқыс пен ескі заттардың арасында жатқан шатырға ұқсас заттар, киім-кешек, шүберек, ескі жиһаздардан аңғаруға болады.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Депоның орнына не салынады? Алматы әкімдігінің ресми жауабы

Біз Алматы әкімдігіне "осы аумақты абаттандыру бойынша нақты шешім бар ма, оған қанша қаражат қажет және қала тұрғындары депо орнында дайын қоғамдық кеңістікті қашан көре алады?" деген сұрақтармен ресми сұрау жолдадық.

Алматы құрылыс басқармасы бізге "Мәдени, спорттық мақсаттағы нысандары және халыққа қызмет көрсету объектілері бар көпфункционалды қоғамдық орталықтың құрылысына (қолданыстағы ғимараттарды бұзып)" мемлекеттік сараптаманың 2025 жылғы 4 наурыздағы №02-0037/25 оң қорытындысы бар екенін хабарлады. 

"Қазіргі уақытта аталған нысан бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарына қаржы бөлінуін күтіп отырмыз", - деді басқарма өкілдері. 

Алайда шенеуніктер нақты мерзімді де, соманы да, нысанның сонша уақыт бос тұру себебін де атамады.

Бұл аумақты абаттандырудың жаңа жобасы қандай болатыны да белгісіз - әкімдік егжей-тегжейін бөліспеді.

Алматыда трамвайды неге алып тастады? 

Алматыда трамвай қозғалысы 1937 жылы ашылған. 1990 жылдардың ортасынан бастап бұл көлік түрінің қозғалыс көлемі азайып, ақырында қалада тек екі бағыт - №4 және №6 қалды. 

Трамвайлар 2015 жылы болған бірнеше апаттан кейін мүлдем тоқтады. 21 қыркүйекте Шевченко мен Масанчи көшелерінің қиылысында вагонның тежегіші істен шығып, 17 көлікті соғып, бес адам зардап шекті.

Үш аптадан кейін дәл осындай апат Сейфуллин мен Мақатаев көшелерінің қиылысында болды: трамвай 14 автокөлікке соғылып, төрт адам жарақат алды.

Алматыдағы трамвай апаты, 2015 жылғы қазан. YouTube-тағы Munar Sabirov арнасынан алынған стоп-кадр

Нәтижесінде 2015 жылғы қазанда әкімдік шешімімен Алматыдағы трамвай депосының жұмысы тоқтатылды. Сол жылдың қарашасында "Алматыэлектротранс" компаниясында қалада 14 трамвай болғаны, оның сегізі №4 бағытта, алтауы №6 бағытта жүргені айтылған. Бұл көлік күніне орта есеппен төрт мың жолаушы тасымалдаған. 

2017 жылғы қарашада "Алматыэлектротранс" директоры Ризван Цинаев трамвай жолдары бөлшектеліп, шамамен 33 шақырымын сату жоспарланғанын хабарлады. Рельстер 77 миллион теңгеге бағаланған, яғни бір метріне шамамен 2300 теңге. Ал 2018 жылы тағы шамамен 30 шақырым рельсті бөлшектеу жоспарланған.

Сол кезде Алматы әкімі болған Бауыржан Байбек ОКҚ-дағы брифинг барысында  қаладағы трамвайлар туралы сыбыстарды жоққа шығарып, оларға ешкім мінбегенін мәлімдеді:

"Көп талқыланатын ескі трамвайлар тақырыбы. Мұның бәрі - миф. 2015 жылғы қазанда жабылған кезде бізде бар болғаны екі бағыт болды: алтыншы бағытта небәрі екі трамвай жүрді, төртінші бағытта - төрт трамвай. Қалада барлығы 14 трамвай болды, оның алтауы ғана жүрді. Сол алты трамвайға ешкім мінбеді. Бірақ жаба бастағанда бірден: "Трамвайлар қайда кетіп жатыр?!" деген сұрақ туындады. Бізде осылай: ешкімге керек емес кезде ешкім сұрамайды, ал біреу алып кеткенде ғана қызыға бастайды".

2018 жылғы 21 наурызда Өскемен трамвай паркі Алматыдан 13 вагон сатып алғаны хабарланды. Бұған бюджеттен 118 миллион теңге жұмсалған. Ал оларды шығыс өңірге жеткізу құны тағы шамамен 40–50 миллион теңге тұрған.

Алматыдағы соңғы үш трамвай вагоны 2018 жылы 2,2 миллион теңгеге металл сынығы ретінде сатылған. Негізі олар депо орнында ашу жоспарланған қоғамдық кеңістіктің арт-нысаны бола алатын еді.  

2020 жылы бұл аумақта қонақүй салынуы мүмкін деген ақпарат пайда болды. Алайда әкімдік бұл жердің үш бөлікке бөлінгенін, оның біреуі жеке меншік екенін түсіндірді.

2021 жылдың басында Алматы әкімдігі бастапқы инвесторлар Depo Evolution Park жобасын жүзеге асырудан бас тартқанын, енді ол бюджет есебінен аяқталатынын хабарлаған. 

2022 жылғы маусымда қала әкімі болған Ерболат Досаев 2023 жылдан бастап креативті орталықтың құрылысы басталатынын уәде етті.

2024 жылғы сәуірде Алматы әкімдігінің кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының өкілдері Tengrinews.kz сауалына жауап беріп, бұрынғы трамвай депосы базасында креативті кластер құрылысы 2025 жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланғанын айтты.

Сол кезде “жоба бойынша тұжырымдамалық шешім мен функционалдық мазмұн толық өзгертілді, сондай-ақ болашақта дамыту және толыққанды жұмыс істеу үшін қосымша құрылыстар салу қажеттілігі туындады” деп мәлімделген.

Ал былтыр ақпанда әкімдік депо орнындағы креативті кластердің жаңа жобасын сараптамаға жіберуі тиіс екені хабарланған.

Бүгінде Қазақстанда трамвай қозғалысы тек үш қалада бар - Павлодар, Теміртау және Өскеменде.

Авторы: Никита Данилин, Болат Айтмолда 

Дайындаған: Айнұр Қапышова

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:95
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Наурыз 2026 15:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see168

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

22 Қыркүйек 2026 08:52see167

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

22 Қыркүйек 2026 06:26see154

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

22 Қыркүйек 2026 08:06see153

Ата аналар тілегін тыңдады

22 Қыркүйек 2026 04:25see149

Жылуыңды жаз қамда

22 Қыркүйек 2026 06:45see142

Баспанамен қамтуға басымдық берілді

22 Қыркүйек 2026 05:05see139

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

22 Қыркүйек 2026 09:26see133

Аллея 70 ке жуық көшетпен толықты

22 Қыркүйек 2026 05:29see125

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

22 Қыркүйек 2026 07:57see122

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

22 Қыркүйек 2026 06:25see121

Шығыс Қазақстанда ең биік көпірлердің бірінің құрылысы аяқталды

22 Қыркүйек 2026 04:06see114

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

22 Қыркүйек 2026 09:08see113

Астанада жүргізуші қауіпті көлік жүргізгені үшін 10 тәулікке қамауға алынды

22 Қыркүйек 2026 09:07see111

Мамандық таңдау машақаты

22 Қыркүйек 2026 04:46see101

Алматыда қаладағы алғашқы гастрономиялық көше ашылды

22 Қыркүйек 2026 08:24see89

Теміртауда газ жарқылынан зардап шеккен ер адам қайтыс болды

22 Қыркүйек 2026 09:27see89

Еуроодақ елдері ұйымның жаңа бюджетіне жарнаны көбейтуге құлықсыз БАҚ

22 Қыркүйек 2026 04:09see88

82 жылдық рекорд жаңармады Қазақстанда тамыз айы қандай болды

22 Қыркүйек 2026 09:31see88

Жастар ісін жүйелеген кезең

22 Қыркүйек 2026 04:07see77
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары